Жатырмыз...

Анонимді Флудерлер Клубы /
Әлемде барлығын жатып істейтін, жатып өмір сүретін бір-ақ халық бар шығар, сірә Иә-иә, сол ғой. Кім, ал? Қазақ ше. Басқа кім болушы еді дейсіз ғой. Іммм… Иә, біз жатқан халықпыз. Жатудан шаршамаймыз ғой. Жатпаса қазақ ҚАЗАҚ болушы ма еді. Құдай жатқанға берсін деп жатырмыз, шіркін. Барлық тірлікті жатып-ақ тындыра береміз. Ойпырмоой, не болды сонша, ұрысуға дайын отырсыз ғой. Тіпті болмаса жағамнан алатын шығарсыз. Айналайын көкежан, мен де "әр қазақ менің жалғызымды" ұстанамын. Такышто, тиіспеңіз. Айтайын дегенім басқа «жату».
Қазақта кез-келген әңгімеде демей-ақ қояйын, көп сөйлемнің арасында «жатыр» тіркесі қолданылады-мыс. Деп жатыр жұрттар. Осының рас-өтірігін кім білсін, бізде ара-жігін ажыратып көрелікші. Айталық: Үйге келе жатырмыз, жұмыстан қайтып бара жатырмыз, тамақ ішіп жатырмын, сабақ орындап жатырмын, мектепке бара жатырмын, әңгіме айтып жатырмын, жолда келе жатырмыз, қалай тойлап жатырмыз? өзіме үйретіп жатырмын, досым келе жатыр, кетіп бара жатыр, тойға бара жатырмыз, ұйықтайын деп жатырмын, үй салып жатырмыз, өсіп жатырмыз, "өшіп" жатырмыз, су ішіп жатырмын, дамып жатыр, өркендеп жатырмыз, ауырып жатырмын, үйде жатырмыз, қазір осы постты жазып жатырмын, жатырмыз… жатырмыз, обшым жатырмыз ғой. Құдай жатқанға берсін дейік енді :)))
Айтпақшы/Айтқандай/Post Scriptum: Идея көзі-бұдан бес-алты жыл бұрынғы шымкенттік басылым.

11 пікір

Karakulov
Unamadi
zhomart
Біреуге ұнау үшін жазған жоқпын, братан. Өз ойым. Әр жазбаға ұнады, ұнамады деп жазып жүруіміз жетпей тұр еді енді(((
Karakulov
жақсы, келістік.
AKA
Сен өз ойыңды жаздың, ол өз ойын білдірді. Пікір қабылдағың келмесе, «пікір жазуды бұғаттау» дегенді бас. Жазба қоғамдық пікірталасқа жазылған соң, әр пікірге мән беруің керек, ал қалай қабылдау өз еркіңде…
Ademi
тамақтанудамын, барудамын, келудемін, дайындалудамын… пффффффффффф, дәл осы шақпен сөйлеу мүмкін емес «жатырсыз»
Kan
«Жәнағы» қосып айтатын да қазақ қой. жалпы қызықты екен.
sezim_seli
«Отврмын» деген де бар ғой. Байғұс етістіктерді оңдырмайтын болған сияқтымыз))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.