«Ақтармайтын болдық ақ параққа сыр»

Анонимді Флудерлер Клубы /
«Армысыздар, алтыннан ардақты, күмістен салмақты, агентте отырып, «единица» опырып, әңгіме айт десе, баста деп, тема таста деп отырған достарыма жалынды СӘЛЕМ!» Амандасуымызды Толғанайша бастап, микроблогты шолып шықтық. «Единица» опырып жүрген батырлар блогына нақыл сөз жазудан жарысқа түскендей бүгін. Көз тұндырады.

«Давай, дружить етейік. Миымызды разбиваться етейік. Кто за?» (ЖаССи).

«Үйіне таңға жуық келген еркекке жеті септіктің сұрағына жауап беруіне тура келеді. Әйелің атау септігінің сұрағымен қарсы алады ғой. Қоңырау басылғанда біле тұра «кім?» дейді. «Мен», – дейсің тілің былдырлап. Ары қарай: Кімнің? Сафуанның туған күні болды. Қайда? Кафеге бардық. Кімді? Ешкімді. Оңбай кетейін, өзіміз ғана болдық. Кімде? Бердібекте ақша бар екен, соған отырдық. Кімнен? Ол жұмысындағы біреуден қарызға алыпты. Кіммен? Немен? Таксимен келдім» (Бейбіт) Ай, еркектер-ай!..

Дидарды бүгінгінің «Агент Қайғысы» ма дерсің:

«Сұлу ғой деп бір көргеннен жүгірме. Жаман ғой деп бір көргеннен түңілме. Егер сенің ақыл-есің мол болса, мінезіне терең қарап сүйем де! Сүйер болсаң сұлулыққа қарама, сол сұлулық мәңгі баста тұра ма? Ол да бояу тұрып-тұрып кететін, сонда көңілің баяғыдай бола ма? Қызғанатын жүректі мәңгі сақта, Қызғанбайтын жүректі отқа таста. Жүрек шіркін қызғануды білмесе, махаббат айналады құнсыз затқа».

«Ақпарат қоғам, ақпарат ғасыр. Ақтармайтын болдық ақ параққа сыр»(Бауыржан).

Қотырды қаси берсең қаны шығатыны секілді блогқа жаза берсең, басқалардың жаны шығады. Мөлдір осы сәтті өлеңге қосыпты. «Блог деген керемет, ашулануға не себеп? Айналайын, ағайын. Блогсыз агент не керек? Нервысына тиесің, қаhарына күйесің. «Ей, блогты тоқтатшы» дегенде, Рахаттана күлесің».

«Айналайын агенттегі қарақтарым! Күтіп тұр ғой таңертең сабақтарың. Сабақта ұйқыларың қанбай қалса, бір ашылмай қояды қабақтарың». Әлияның ақылын біз де тыңдайық.
Кездескенше!
Толығырақ мында: nurastana.kz/?p=10054

3 пікір

qyrmyzy
қойше, жетпегені микроблок аңду еді… туиттерге баршиш
MSHERIMBEK
сенің жазғандарыңның ішіндегі ең дені дұрысы осы-ау сол:)
korwinin_kyzy
Өшір ана суретті күпір сүретті УУУ ятсыз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.