Студенттік өмір немесе Палау пісіруден мастер-класс)

Анонимді Флудерлер Клубы /
Жатақханада тамақ жасау үшін мынадай алғышарттар орындалуы тиіс:
1. Қыздар тамақ бермей қойды
2. Балдарда тамақ жоқ
3. Асханаға ақша жоқ
4. Ар-ұят "қашан кезекші боласың?" деп қинай бастады

Палау жасап жатырмын.
палау 45 мин бурын
Дәл қазір, күрішін салып, астын басып қойдым. Әзірге, бөлмеммен таныса отырыңыздар.
Мынау кітап сөресі
кітап сөресі
Жұмыс столы
делл
Керует. Қаптауға уақыт болмады.
керует
Осындай жағдайға түсіп қалдық. Факультет бойынша жатақханаларға лақтырып жібермесі бар ма, 2 жыл тұрған бөлмемді жат жұртқа қалдырып кете бардым((( Бахадан да айрылып…
Мұнда жататын бөлмеден басқасының бәрі ортақ, әжетхана, душ, раковина, асхана. Айтпақшы, міне асхана
асхана
Мына манағы тамақ. Көптен бері жасамаған екем, қол шығып қапты. Палауым ботқа боп кетті. Бірақ, жеп қойдық.
палау не ботқа
Студент өмір осы, қысқасы. Әркім әрқалай өткізеді. Біреулер күнұзақ қыдырады, біреулер бөлмесінен шықпайды. Біреулер ұйықтайды. Жұмысбастылар да бар: охрана, официант, бармен, белбой, разнорабочий — студенттің екінші мамандығы. «Шустрить» етсең, бір жерге мамандық бойынша тұрып алуға болады.
ммм… Тағы не? Достар табасың. Астанада оқыған керемет. Өйткені, астана — бүкіл жаңалықтың ортасы. Дамып жатыр, айтып түсіндіре алмайм, оны сезіну керек. «Кругом движняк» деген тема ғой вобшым.

Білім алу/алмауың өзіңе байланысты. «Оқытушы — тек бағыт көрсетуші, студент өзі ізденуі керек» деп қоймайтын еді ғой бірінші курста. Шынымен де олай. Олар одан арғыға жетпейді де. Жас мамандар тәжірибе жүзінде, үлкендер теория жағынан мықты болады. Мамандық бойынша жұмыс істеп бастаған жақсырақ бәрінен.

33 пікір

Korkem
P.S: тамақ ішуге кеттім
Ас болсын!
pana
ЕНУ-дің жатақханасы ма сомен? інімнің тұратын жерін көрдім, менде де чистая линия гель(анау егер сол болса)))ас болсын!
ereke_enu
Бұл ЕНУ-дың 3 жатақханасы. 2,3,8 — нашар. 4,5,6 — керемет, 1 бөлмелі пәтер секілді, тек 6 адамнан тұрады. Қазақстандағы ең мықты жатақхана ЕНУ-да десең қателеспейсің. Шыны солай.
pana
ҚазГу дан екенімді біліп шырайдың осы түрін таңдадыңыз ба? әлде просто айтып жатсыз ба?
ereke_enu
Жоқ. Шын, көбісінде болып көрдім. Сіздерде, политех, аиэс, аграркада
ereke_enu
Негізі, ең жақсы жатақхана ЕНУдікі болып саналады. Бір жерден көргем, сілтемесі есімде емес.
Daniar_alan
Мынау кітап сөресі
4-5 кітап қана кітап сөресі екенін айшықтап тұр екен :)
ereke_enu
Қазір кітаптың электронды нұсқасын қолданатын боп кетті ғой бәрі
Yasin
ereke_enu, тамағыңды көремізбе деп отырсам бөлмеңмен таныстырып кеттің ғой
ereke_enu
Міне, тамақ, байқа аузыңнан суың ағып кетпесін)))
qyrmyzy
студент кезім есіме түсіп кетті ғой:) Максимум 3 қыз тұрдық:) Асхана мен кітап сөресі біздікі сияқты екен… Мәләдес! Тамақ в студию!
ereke_enu
Біз төртеуміз. Құдай бере салған жалғыз вторашымыз бар еді, із-түссіз жоғалып кетті. Енді біреуі түнгі сменде. Тек борчик екеуміз ғана бөлменің тұрақты тұрғындарымыз))
Yasin
иә меніңде студенттік кезім есіме түсіп кетті талай рет аш қалған күндерім ай
Zhanat
өстіп өстіп аспазшы болып кетесің, үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің асқазаныңа жақсы. Студенттік өмірдің қызықты күндері есіме түсіп отыр
ereke_enu
Енді бірі — мектеп туралы жазбасын деп тіле… жылайм))
Jako
Жақсы, жатақана жағдайында тамаша дайындалған деседе болады, палау сосискамен))), студенттердің қосымша жұмыстарынан «белбой»-деген жұмыс түрін түсінбедім.
ereke_enu
Еттен шыққанбыз ғой))) «белбой» — отельдерде келген қонақтардың жүгін номерына апарып тұрады.
Jako
Түсіндім, біздің кезде болмаған жұмыс екен, біз түнде вагоннан көмір түсіруші едік. Бір вагон түсірсек 60сом(руб)еді,4 жігіт түсірсек әжептеуір байып қалатын едік сол кезде.
ereke_enu
Сол менде палау пісірудің құпиясын таппадым)
mairosh
Жатаханалық өмірді білмейді екем)) танысып шықтым)) тамақта ұнады. Жемесекте жеп қойдық сөзіннен дәмді болғаның байқадық(:
qyrmyzy
бір күні ноутты ақтарып, жатақхана жайлы жазбасам…
Delfina
мен 7 жыл студент болдым. Бірақ осы жатақханаға тұра алмай-ақ кеттім. Мықты тұрғым келсе де үйдегілер рұхсат бермей-ақ қойды ғой.Қызығы көп қо бұл жердің.
ereke_enu
Медицина маманы болдыңыз ғо. 7 жыл білім іздеуден жалығып кетпедіңіз бе?
Delfina
медицина емес))) ол жағынан көп білмеймін. Тек бас ауырғанда цитромон ішетінді болмаса)))
Екі оқудың жылын қоса есептеп айтқанымғой))
Delfina
коламен балық жеуге болмайды дейд.мыс.
ereke_enu
Біреулер шәймен ішуге болмайды дейд, біреулер коламен болмайд дид, сонда немен ішеміз тамақты?))
ereke_enu
ол да ноут қой, acer)) қасымдағы амигонікі
ereke_enu
Естімеген ел де көп))) Делл — менің де алғаш өз ақшама сатып алған ноутым) Әзірге жақсы, бірақ, процессоры Интел емес, АМД сияқты аздап қызып кететінді шығарыпты
AKA
Жинақылық, ұқыптылық онша байқалмайды, есесіне шынайылық анық көрсетілген. :) Жап-жақсы жазба-шолу!
ereke_enu
біздің күрке осы )) келіп тұрыңдар
AKA
Күрке болғанда… «Сәулет-құрылыс» факультеті туралы ақпарат бере аласыз ба, сіздің универдегі? Осы факультет студенттерінен танысыңыз болса, қалай байланыса аламын? Сосын ол кісілердің жатақханасы жайлы да бірер сөз болса? Срошна керек еді, өтініш.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.