Көк тудың желбірегені

Сәлем, Айтаберлік ағайын!


Ибрагим Ескендір ағамыздың орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әні маған қатты ұнап қалған-ды. Мәтіндегі сөздер көзге жас ұялатады. Сол өлеңді тыңдасам болғаны патриоттық сезімім ояна кетеді. Үш куплеттен тұратын шағын мәтінге тудың қазақ үшін қаншалықты биік мәртебе екенін сыйғызып көрсеткен. Сол әнді үйде өзімше орындап плюске жазған болатынмын. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынамын. Әрине арнайы студияда жазылған ән емес, жәй үйде жазғанмын. Қабыл алыңыздар:)




Әнді ЖҮКТЕП, тыңдауыңызға да болады:)

Әннің мәтінінде жаза кетейін:)

1.Көктудың желбірегені — Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.

Қайырмасы:

Көктудың желбірегені — Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі-
Көктудың желбірегені.



2. Көктудың желбірегені-
Елдіктің асқақ өлеңі,
Жан жаққа тартпай, Қазағым,
Бір сөзге жинал дегені.

Қайырмасы:

3. Көктудың желбірегені — Бақыттың елжірегені,
Қиырда қалған Қазақтың
Көзінің мөлдірегені.

Қайырмасы:


Айтпақшы, кеше түнімен осы әнге қатысты шағын ролик жасадым. Ролик болғанда ютубқа да салғанмын. Видеоны да тамашалап отырыңыздар!




Міне осы, алға қарай тағы да патриоттық әндерді орындап, назарларыңызға ұсынып отырамын.

17 пікір

Jako
Жарайсың, Сағыныш!
Kan
Пари керемет орындагансын. Егер рұқсат болса. Сени орындауындагы оленди жүктеп алайын. Сосын өтініш. Осы өлеңнің минусовкасын жеке парақшама жібересіңбе. менде сен сияқылды айтып көрейін.
pari
Әрине жүктеңіз, тыңдаңыз, достарыңызбен бөлісіңіз. Әннің минусын мына жерден тегін жүктей беріңіз!
Ais_97
Жарайсың Сағыныш,әнші болуыңа әбден ақ болады екен,өнерің үстем болсын!
User
Танализіне жақсы түсіпсің да, ну бірақ тактісіне түсе алмапсың… ниче,үйреніп кетесің..!
StrangeR
Наушникпен тыңдағанда даусыңыз тек біреуінен ғана шығады менде. Жалпы өзі сондай ма әлде…
pari
иә бір колонкадан шығады. Қате менің колонкамнан. Соны жөндей алмаяқ қойдым.
khairbek
сял диапазонды кенейту керек
khairbek
монтаж жаксы бірак перходттар кайда?
dimash
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі

1- курсым-ай… Осы өленді жерден жеті қоян тапқандай жан даусымызбен айтушы едік.
«жұлдыздар фирмасына» қатыссай, дауыс бар, по ходу желания бар.
Zhanat
Жігітке жеті өнерде аз деген, жақсы өнерді бойыңа жинап шындала бер бауырым.
dosik
oz sezimingizben orindapsiz``video da jaksi jasalipti,eger mumkin bolsa minusin bere alasizba?ia bolmasa kaidan aluga bolatinin aitsangiz,tahmet
pari
Минусын мына жерден жүктей аласыз
khairbek
Когда синий Флаг РАЗВЕВАЕТСЯ
в душе энергично становиться
если будет борьба между флагом и душой
мне душа ваще не нужна (2 рет)
синий флаг развеваеться
khairbek
пасбоему орысшага аударганымго
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.