Сенен басқа кімім бар

Ассалаумағалейкум Айтаберліктер!

Белгілі әнші Ернар Айдардың орындауындағы «Сенен басқа кімім бар» әнін жаңа аудишн бағдарламасымен өз дауысыма жазып шыққан болатынмын. Әнді жазуға 1 сағаттай уақыт кетті. Ақырында жазып шықтым. Ән мен үшін ауырлау болды. Бірақ ән өзімнің жүрегіме жылы тиді. Сөздері жағымды, әуені баяу. Сонымен, менің орындауымдағы «Сенен басқа кімім бар» атты әнді қабыл алыңыздар.

Сағыныш АйдынғалиұлыСенен басқа кімім бар



Әнді МЫНА жерден жүктей аласыздар.

Әннің мәтінін жаза кетейін.

1. Әр бақтың,өз бұл бұлы бар,
Әр түннің,өз жұлдызы бар.
Әр кімнің,өз сүйгені бар,
Сеннен басқа кімім бар?!


Қолымда қызыл гүлім бар
Жүректе аздап мұңым бар
Өртеніп өтер түрім бар
Сенен басқа кімім бар?

Қайырмасы:
Жақындап кетсем жандым күйдім
Өзіңді жаным мәңгі сүйдім
Мына жер бетіне қалай сыйдым
Армандайды жүрек сені іздиді
Арамызда болсын теніз мейлі
От болып шоқ болып сені сүйдім мен


2. Арманға толы күнім бар,
Ұйқысыз өтпес түнім бар.
Өзіңе айтар сырым бар,
Сеннен басқа кімім бар?!

Қайырмасы:
Жақындап кетсем жандым күйдім
Өзіңді жаным мәңгі сүйдім
Мына жер бетіне қалай сыйдым
Армандайды жүрек сені іздиді
Арамызда болсын теніз мейлі
От болып шоқ болып сені сүйдім мен


П\С: Қазақта «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген сөз бар. Қате айтқан жерлерімді айта отырыңыздар, келесіде ескеретін боламын. Айтпақшы әнді екі дауыспен айттым:)

19 пікір

MSHERIMBEK
Тамаша, Сағыныш) Бір студияға барып жаздырсаң болады екен:) Алға братиш)
pari
Рахмет, ағасы:)
Әннің сапасы шамалы болуы мүмкін. Олай болуы, біріншіден әнді аудишн бағдарламасымен жаздым. Екіншіден микрофон шамалы. Үшінші ән үйде жазылды. Иә, алға қарай бұйырса студияға жаздырармын. Бірінші тоқсан бітсін алдымен:))
4 қарашаны сағына күтіп жүркқо оқушылар қауымы:)))
Zhanat
4ші қараша))
dimash
Маған ұнайтын өлен ғой мынау .
Abylai
Димаш? Сен ба?
dimash
Майрошпын
Zhanat
екеуің бірге тұрып, бірге отырасыңдарма)))
mairosh
Жоқ браузерге сақталып қалады. Екеуміз екі бөлек браузермен кіреміз ау))
Zhanat
Сағыныш маған бір әннің минсовкасы керек еді тауып берші, интернетте жоқ
pari
қандай ән? тауып беруге тырысайын
qyrmyzy
Бірдеңе жетіспейді ана жігітке. Есесіне әнді жүктедім:(
Kan
Дауысыңды ашып ашық дауыспен айтуын керек еді. Мұрныңмен айтыпсың міңгірлеп естіледі. Аяқ жағындағы «мен» деген сөздің нотасынан ауытқып кетіпсің, дұрыс алалмапсың. Әрине касипқой әнші емессіңғой. Әйседе даусыңның ерекшелігі бар. Тек алға! талаптана бер.
pari
рахмет! Айтқандарыңызды келесіде ескеретін боламын:)
User
жасандылық ©
pari
ешқандайда жасандылық жоқ. Сенің мирдағы қуып кеткен суреттеріңді жасандылық деуге болады мысалы
User
көреалмаушылық ©
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.