10 пікір

  • Korkem
  • 0
Ох, мынау нағыз керек дүние ғой. Макс, ризамын

Пы/сы: қымбатты админдер, қалаған постты таңдаулыға қосу мүмкіндігіндегі ақауды жөндесеңіздер екен.
avatar
  • VVVWWW
  • 0
«Ет болса жейсің, болмаса неңді жейсің» демекші ет асып жегенге не жетсін, шіркін-ай. Бірақ… Тамаша пост, аздаған қателіктері бар екен:
1.«Бешбармақ» атауы — қазақтар негізінен асқан етті еш бұлай атамаған (орыстардың кемсітушілігінен шыққан атау, қазақтар тамақты қолымен жейді дегенге келтіріп), еш кітаптан кездестіре алмайсыз бұл сөзді (кейінгілерде болар енді) немесе қай әжеңді көріп едің бешбармаққа шақырған
2.
1,5 сағат ет піскенше шымырлатып қайнатады
Бұл да қате, еттің пісу уақыты сойылған малдың жасына байланысты (бағландарға 40 минут жетсе, кәрі қойлар 3-4 сағат уақыт керек) (Көркем бұны неғып айтпаған)
3.
Қой еті жіліктегенде 13 мүшеге бөлініп....қазанға салады
Оны енді келетін қонаққа байланысты салады (мысалы, қыз-күйеу келгенде құйымшақ пен төс деген сияқты)
Сосын қойдың мүшесі 13-тен көп
4. Қазы
Бірақ ет пен май қабырғадан сылынып қалмауы керек.
Автордың жылқыны көрмегені көрініп тұр, Еліден асса қазыны әдейілеп сылып алады қабырғадан, ішекке сыймайды деп
5. Жая:
Оның қалыңдығы 10см етіп, тіледі
бұны қайдан алып отырғаныңыз мүлде түсініксіз, ол енді жылқының жасына, семіздігіне байланысты емес пе?
6. Қарта
15 градус температурада
интересно, 15 градус температураны қазақтар қайдан тауып алған екен
avatar
  • Jako
  • 0
Маке сізбен келісемін.
1 «Бешбармақ»-қырғыз сөзі. Қазақтар еш уақытта бесбармақ деп атаған емес.Бұл тамақты дайындағанда «ет асылып жатыр,қазанға ет салып қойдым»-деп қана атаған, сондықтан да бұл тағамның аты қарапайым ғана «Ет асу» болса керек.
2. Еттің пісу уақыты жобамен 2-2,5 сағаттай уақыт, қазақша айтқанда ет пісірім уақыт.
3. 13-мүше дегенге мен де түсінбедім.
4. Қазақ қазыны еш уақытта қабырғадан сылып алмаған.Қазы айналдырғанда қазыны ішекке лайықтап тіліп алып, жұп қазыдан айналдырған.Жұп қазы деген ішекке екі қазыны етек жақтарымен кездесетіндей етіп,қабырғаларын сырқа қаратып салаып дайындалған қазы. Қазыны неге қабырғасымен айналдырған десек, ол замандарда тұздан басқа, сарымсақ,қара бұрыш,қалампыр сияқты дәмдеуіштер болмаған.Қазыға қабырғаның кемік майы ерекше дәм беретін болған,қазы деп соны атаған. Ал қазір қабырғаны сылып тастап ішекке тыға салатын болды, оның шұжықтан еш айырмасы жоқ болып жүргені содан.Негізі қырғыздар осылай қабырғасыз дайындайды.
  • Korkem
  • 0
Мынаның бірде-біреуіне мән бермеппін. Маған негізі оны жілік-жіліктеп бөлгнені ұнады. Бізде мал жиі сойылады, сондай кездерде мынау — жілік, мынау — жамбас деп үлкендер жағы жік-жікке бөліп тастағанда түсінбей, ажырата да алмайм қарап тұрамын, аттары да қызық. Соны атап-атап көрсет деп сұрасам «сен қоя тұр!» деген жауап аламын. Осы жерін оқып, оны пісіру туралы жазғанына келгенде аттап кеткенім рас еді
avatar
  • m170785
  • 0
бұны да көп көрдіңіздер ма
avatar
  • m170785
  • 0
бұны да көп көрдіңіздер ма
avatar
  • Jako
  • 0
Ет дегенде бет бар ма, мен де өз пікірімді айтып кетейін.Маке, қайдан алғаныңызды білмеймін, мақала сауатсыз дайындалған.«Дүмше молда ел бұзар»-дегендей, осындай шала жазбалар халқымыздың тамаша дәстүріне нұқсан келтіреді.Қазақ малды сойғанда мүшелейді, және мүше атаулары адалы, арамы бар 12-іден көп, бұл жерде Манастың айтқанына келісемін.Мысалы қамшысы,өті, сирағы т.с.с. дене мүшесіне жатады, бірақ олар қазанға салынбайды. Сондықтан қазақтар етті жіліктеп бөлген, 12 жілік атауы содан шыққан. Қабырға он екі болады, алтауы сүбе қабырға, алтауы қара қабырға деп аталады.Жіліктердің ішінен бір жілік(Қар жілік пен жауырынның ортасындағы күң жілік)сыйлы мүшеге жатпайды.Сонан соң бас бөлек тегенмен жеке тартылатын болған, бас тартылған жерге ең жоғарғы сый табақ жамбас болмаса асықты жілік тартылады, солай кезегімен кете береді.Жауырын ең соңғы табақтарға салынған. Халық арасында«Жауырынды жауға бер»-деген содан шыққан.Минут, сағат, градус дегендер бұрын біздің халықта болмаған, оның бәрі ғасырлар бойындағы қалыптасу үрдісімен еш қапысыз,қателіксіз болжаммен ақ атқарылып отырған.
avatar
  • VVVWWW
  • 0
Жәке көп рахмет, жақсы түсінік бердіңіз, енді қазақтың табақ тарту дәстүрі, оны турау, бас ұстау жайлы өзіңізден бір жақсы пост күтіп отырмыз, басты өзіңіз ұстап бәрімізге бөліп берсеңіз (біздерге қойдың құлағы да жарайды), Бір жағынан әзіл, түсінікті болады дегенім ғой
avatar
  • Jako
  • 0
Мәке, Алла қаласа жақын күндерде басты қалай асып,қалай тартып, бас баорған адам қалай ұстайтыны жайлы жазамын.
avatar
  • m170785
  • 0
асығыстау, болып жазбам, түсіндіріп жазған сияқты едім, оны да көп көрдіңіздер ма
Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!