Іш пысты

Анонимді Флудерлер Клубы /
Іш пысты!

Интернет, теледидар, тамақ, ол ол ма бүгін самсунг ноте сатып алдым ғо))) Бірақ, білмейм, жалығып тұрмын бәрінен. Ештеңеге қолым бармайды. Жұмысқа жақындасам тіпті құсқым келеді.

Бір ай болды осы номерде жатқаныма. Төртінші апта кетті. Танымайтын қала, танымайтын адамдар…

Не істесем екен?

Көктем әсер етіп жатыр маған. Астанадағы жолдастарымды сағындым. Сағынғанда үйлеріне соғып қайтушы ем. Жексенбі күндері футбол, кейде теннис ойнаушы ек. Құрығанда, бауырыңды құшақтап, әңгіме айтып отырғанға не жетсін?! Эхххх…

Қашып кетсем бе екен? Не істейм, құтқарыңдааар!!!

Мұқаң, Мұхаң да осындай сәттерге арнап өлең шығармапты да

17 пікір

yesbolat83
Қазір қай қаладасың? Жақын болсаң мен барайын, ішің пыспайт сонда.)
ereke_enu
Орал, Ақсай қаласындамын. Давай кесей))) Қуана-қуана қарсы алам)
yesbolat83
Өкінішке орай алыс екен.
Jako
Мына интернет деген ит дәл сен сияқты еріккендердің ен… н уқалайтын нәрсе болып тұран жоқ па?
ereke_enu
Соңғы өңделген уақыты:
ereke_enu
минустайм деп плюстап жіберіппін. Бұл сөзіңіз жақпады
Jako
Демек ішкі ойың мені құптайды.
satirik92
Өмірде ішің пысса бекер ақ екенсің
ereke_enu
Қалай сонда? Сенің ешқашан ішің пыспай ма?
ereke_enu
Жалпы, бекер-ақ екенсің дегенді түсіндіріп жіберсең. Біз жақта олай айтпайды екен
satirik92
Негізі менің өмірде ішім пыса бермейді. Мұрныма су жетпейді.
ereke_enu
Ол жақсы ғой. Маған да үйрену керек еді
ereke_enu
Мына постқа баға берген кісіге 1 пакет рекспект аттым)) Сол бір жан мені жақсы түсінді, рахмет, бауырееем)))
zhurttyn_balasy
Оралда әлгі жігіт бар еді ғо, лого жасап беріңдерш деп жүрген. Нұрберген ба кім еді? Сол Оралға келсеңдер хабарласыңдар деп жүр еді
ereke_enu
Ия ия, дәл айттың. Табылған ақыл!
AKA
Сіз быраз кірмей жүргесін, жақсы жаңалықтар болған шығар деп жүр ем. Онда бәрі алда екен :))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.