"Ааай, жамаан болады" дедім

Ооо, келіңіз, аға! Аттан түсіп шәй ішіп, нан ауыз тиіп кетіңіз!
Баяғыда жайлаудағы үйдің қасыан жоғын жоқтап немесе жол сурап келген адамдарды осылай қарсы алатын едік. Бірақ әңгіме бұл жайында емес, әңгіме бір ит туралы. Иә, иә, екі күн жоқ, бір күн алдын, жоқ, бір күн 16 сағат, 23 минут алдын балтырымды оңдырмай тістеген ит туралы.
Опшым, не болды дікең-дікең етіп? Өзіммен-өзім, тәртіпті жігіттің рөлін сомдап ешкімге тиіспей көшеде тамақтанып жүргенмін ғой шешу үшін. Бір кезде алдымнан бір қытай итін серуендетіп жүр екен. Итінің құлағы үштиіп қалған иық барып тіреліп қалған, белі қайсы бұты қайсы білмейсің үлкен екен. Мен де бір тірі жаннан иттен қорықпайтын бәлемін ғой, ит келе жатқан жақпен жүре бердім. Бір кезде әлгі қытай итін шақырып алып қолымен ұстап тұрды. Итінің түріне қарасам, көздері мөлиіііп, екі жүзі алмадай мейрімді көрініп кетті. Сөйтіп сәл басын сипап аймалаап өтіп ары қарай жолымды жалғастырдым. Арадан 4 секунд өтті ма өтпеді ма есімде жоқ, әйтеуір балтырдан бірдеңе келіп жабысқанын білем. Есімді жинап қарасам, балтыр мен саннан ит құрғыр тістеп жатыр, тістеп жатыр! Атам қазақ намыстан өлген ба, тұмсығынан тептім кеп. Жер болды! Сол кезде иесі жетіп келді. Иті ұстап, қолымды алып кешірім сұрап жатыр да. Өзім ыңғайсызданып ұяяялып, жерге қарооооп қалдым, әлгі жерде. Сөйтіп, әлгі кісінің адамгершілігі бар екен негізі. Қоя беріңіз, ештеңе етпейді (қайдан ештеңе етпейді, тері айрылып қан тоқтамай ағып жатыр, а так) десем де көлігіне отырғызып, ауруханаға апарып, ем-домын жасатты. Сонымен бүгін үйдемін. Әйтеуір, жарақат үлкен болса да тыртық қаймайтынын айтты дәрігер мырза, бәлки бұл да бір қуаныш енді.
Бұдан шығатын кішігірім мораль: Бөтен елге барғанда өзге иттердің басын сипап, өздеріңізше мейрімліктеріңіз ұстамай-ақ қойсын. Барлық иттің мінезі қазақи иттердің менталитетіне ұқсамайды екен. Басынан сипап жатсаңыз, қазақтар шабуыл жасап жатыр екен деп беттеріңізді тегістеп кетіп жүрер:)))

21 пікір

Abylai
МЫНАУЫҢ ФЛУД ҚО ))) бәсе көрінбей кетіп едің итпен нетіліп қалған екенсің ғо.
MSHERIMBEK
Шаңыраққа қара ееей, шаңыраққаа! Осыны оқып тұрған шаңырақ Анонимді Флудерлер Клубы деп аталады, қарияяяяяя:)
Abylai
аэээ солаймеді иә мен флудермін мойындаймын, сәлем саған флудер, сендерге де сәлем флудерлер (қол шапалақ)
Hasuno
Ой керемет екен,… хе хе зе.
Jako
Саке,құдай сақтаған екен, бәле-жала сонымен кетсін.Басқа жағы аман ба әйтеуір, балтырды қойшы…
Қай жігіттің балтыры аман дейсің,("қызы бар үйдің иті бар"-дегенім ғой енді)тыртық болса да балақтың ішінде ғой көріне бермейді дегенім ғой.
MSHERIMBEK
Аман-аман! Ол жаққа баруға ұяты жетпеді-ау шамасы:) Баяғыда ауылда тұратын кездер ғой шіркін. Тіщтәң, тіштәң етіп қызға барған сымақ болатын едік. Иті бар үйге жоламай тасадан майда тас атып:) Ит емес, ағасы қуғаны есімде:))))
Jako
Қайран ауыл-ай!
KILYZAMAN
Қырық уколсыз қалай жіберді екен дәрігерлер…
MSHERIMBEK
Екі күн болдым. Қазақтікі сияқты мылжың емес, жақсы жері:)
AiEcPi
Басе 2 күн бұрын ауырып жатырм деп едің, со кездема??? Аман болсаң болар әйтеуір!!!
Yasin
Садко елге келгесін 7 күшік атап жіберсей келген бәле сонымен кетсін деп :))
calendula
Бөтен елге барғанда өзге иттердің басын сипап, өздеріңше мейрімліктерің ұстамай-ақ қойсын. 

Бөтен ел түгілі, өз елімнің иттері мен мысықтарынан аулақпын. Мысықтан қорқамын, подьезге кіріп алатын. Ал, иттер жоғалып кетті біз жақтағы, атып тастады ғой деймін))))
Jako
Бұл жерде Садык иттер деп балама түрде алып отыр-ау шамасы.
MSHERIMBEK
:) Иәәәә, өзіңіз сияқты жігіт ағалары ұқпаса, жастар ұға салатын түрі жоқ:))))
calendula
Ұқтым да негізі мен, бірақ ол жайлы ештеңе айта алмайтын болған соң, тікелей мағынада жаза салған болатынмын)))
AKA
Айттым Сізге пойыздан қап кетесіз деп, konvict лап жүріңіз енді. :)
Korkem
Біздің қазақ шіркін, ақысын біреуге қашаннан бері жегізіп жүр, ит екеш иттен таяқ жеп жүр-ау.))

Қара қытай жарықтықтың да жүрмейтін жері жоқ екен-ау...))) Мына иттің тісінің жоғына қарап, анау айтқандай тістемеген-ау деймін, Қарасақалдың кезекті бір еркелігі шығар бұл...))
Abylai
Бұқақақақа ))))) жардың жардың )))))))) xDDDDD
қарасақал шірәғэм қартайғанда естійін деген сөзің осы ма еді, эхххх

MSHERIMBEK
Ойбайааааааай, бұтты аясаң нетті?:))))
Meirzhan
Қанды оқиғаны күлкілі қылып жеткізе білдің.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.