Армысыздар Айтаберліктер

Анонимді Флудерлер Клубы /
Анонимді Флудерлер Клубы: Армысыздар Айтаберліктер
Армысыздар құрметті Айтаберліктер, құрметті админі және Korkem !
Бүгін көп ойланып, толғанып Айтаберге тіркелуім керек деген шешімге келдім. Блогқұрылтай-2014 шарасының ұйымдастырылу аясында блог, блогжазба, блоггер тақырыбы мода болып тұрған шақ. Өзекті десем де болады. Анау блоггер емес, екі сөздің басын құрап жазу блог емес, блоггерлердің элитасын қалыптастыру, саннан сапаға типі осындай тіркестер жиі қолданылу үстінде.
Мен блоггер емеспін. Басынан айтып қояйын. Блогтұғырнамаға адасып жүріп келіп қалғанмын. Ал Айтаберге келетін болсам, екінші рет есігін қағуым. Бірінші рет 13 тің жазында тіркелген болатынмын, бірақ, бір блог жазып қалдырмадым. Келгенімнен кеткенім тез болды. Бұл жолы мені тартқан адам Көркем. «Сені шақырған жоқпын ғой» деуі мүмкін, бірақ, екеуміз әңгіме құра қалсақ ол міндетті түрде «Айтаберді» айта кетеді. Кіріп, блогының барлығын емес (барлығын ақтаруға бір күн уақыт аздық етеді ау) ақтарып шықтым. Қызықтырып жіберді. Неткен даналыққа тұнып тұрған жазбалар деп тамсанып қалдым.
"Әлеуметтік желі — құрал" © Нұрлан Жанай.
"Әлеуметтік желі — «виртуалды» ауру жұқтыратын вирус" © Аңсар Данай.
ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз дейміз. Агент деген пәледен басталған бұл ауру біздің санамызға сіңіп кетті. Осы сайтта AKA -ның, Korkem -нің жыл қорытындыларын қарап шықтым. Күшті жазылған. Есті адамдар өзіне осылай есеп бере білсе керек. Ойлаймын да, кейде пейізбүкпен өткен бір күніңе не деп есеп беретініңді. Жылды қоя берейік, бір пейізбүкте отырсаң бір күндік парызыңды шын ниетпен орындай аласың ба?
Пейізбүктен шығады, кейде осы сайттан өз-өзімді аластатын кездерім болып тұрады. Сондағы алғашқы уақыттарда «нәпсіңіздің» шырылына көңіл бөлсең ғой. Нәпсі шіркін бәрібір өз қажеттілігін өтеу керек, сонда барып, осындай танымдық блогтұғырнамаларға жүгіне бастайсың, тұралап қалған туиттеріңе «туиттей» бастайсың. Очм, алдағы уақытта осы сайттан көптеген достар табармын деген үміттемін.
"Әжежау" ©Көркем Аблаева.
"Әжежау" іздемеймін :) :)
пысы: бұл жақта лайк басады ма?

14 пікір

Korkem
"Әжежау" ©Көркем Аблаева.
"Әжежау" іздемеймін :) :)
менікіндей әжежау табу қайдааа сендерге, тіпті армандамаңдар, ол менда ғана бар, маған ғана тиесілі!
ansardanay
уот, менде соны айтып жатырмын ғой. таба алмайтын адамымды іздемеймін деп
AKA
Охх, әмпәй-жәмпәй болуларын, бәсе деймін-ау той деп бір флудтап жвереміз-ау осы жақында
Korkem
анада «жігіт дайын болса мен дайын» деп маған көз қысып едіңіз ғой, міні, сзге анау-мынау емес Шымкенттің дүлдүлін алып келдім. Бастасақ бастайық сіздің тойды!
AKA
«жігіт дайын болса мен дайын»
Мұныңыз енді жала жабу болып кетеді һәм соңы — күнәлі іске барады. «Жоқ» десеңіз де түсінікті жалпы
ulzhankzz
Қош келдіңіз! мен де жарты жыл бұрын тіркеліп, енді ғана тұрақты түрде кіріп жүрмін… )))
ansardanay
тұрақты кіріп жүріңіз, қызықты қыламыз )
AKA
Қош келіпсіз, осында ап келген жанға алғыс! Былай-былай неғылаС қо енд, Көркем — жақсы қыз. :))
Korkem
Эх, жеңгетай болу оңай емес маған мақтап-мақтап қоюын! Бақытты болиии
AKA
Сіздікі дұрыс!
ansardanay
рахмет, АКА енд енд айтабердің дәмін татып жатырмын, уақыт өте көре жатармыз )))))))
MSHERIMBEK
Kooooooooosh keldin Aneke :)))
ansardanay
қош көрдік Тоныкөк баурем ;)))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.