500 бірлікке сатып алынған ник

Анонимді Флудерлер Клубы /
Анонимді Флудерлер Клубы: 500 бірлікке сатып алынған ник
Әлеуметтік желіні жаманды-жақсылы қолданып келе жатқалы 3-4 жылдай уақытқа таяп қапты. Тіркел деген жердің барлығына өзіміздің реал атымызды жарқыратып жаза саламыз. Сонымен жұргенің екі оттың ортасында. Бірінші атыңа сын келуден қорқасың, бірдеңе жазайын десең, осы жазғыным өзіме зиян келтіріп жүрмей ма екен сезіктенеің, екінші жағынан неше түрлі никтермен тіркеліп алған трольдар ақпараттық соққының астына алады. Ник дегеннен хабарың жоқ, бір-екі аттарды өзімше қойып едім кеин ұнамай қалды, очм, ник таңдауға келгенде шебер емеспін.
"Әлеуметтік желіде никпен тіркелу — заң" © Қарасақал.
Оны жақында естіп қалдым. Өзімде ник өзгерту туралы ойланып жүрген едім, мынаны естігеннен кейін тіпті жылдамдаттым. Пейізбүктегі лентама өзіме ник таңдауға кішігірім бәйге ұйымдастырып жібердім. Ұсынылған никтен алғашқы ұнағанына өзіме таңдап, 500 бірлік салып беремін деп қойдым. Содан кетті неше-түрлі ұсыныстар. Көпшілігі айтуға тұрмайды, бірақ жақсы ұсыныстар да болды.
Бірінші ұнағаны Аңсар деген болды. Мағынасы көмек беруші, жолы болғыш дегенді білдіреді екен. Қол ұшын созу қолыңнан келіп жатса уәжіп амал емес па. Жолы болғыш — таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін деген сөзбен мағыналас екен. Маған дәл қазір осы жетіспей жүргенін ырымдап алдым ))
Одан кейін Шейх Әл Дар ибн ын ибн Керімбек ибн әл хатаб, Dr.Dre, Дәрігер ДРЕбай, Ергенек, Мейірімді Аждаһа, Жәдігерлік алдаспан, осылай жалғасып кете береді. Арасынан біреуін таңдап көрейін дедім, тіпті тартпады бірақ. Табиғатыма жақынын іздедім, шықпады. Аңсардың өзін қалдыра берейін бе деп отырған ойымды пікірі салмақты, ойы алғыр досымның жіберген ұсыныстары өзгертті.
"«ДАНАЙ» — иран тілінен алынған — білім, ілімгерлік, даналык немесе «ДАРАС» — жеке, айрықша және тағы да «ДАЛЕР» — тәжік тілінен алынған — батыл, ержүрек. Осы сөздердің тұсына өзіңнің есімінді жалғасан болғаны!" © Ерлан Ермаһанбетов.
Қызығы үш ұсынысы да Д әрпінен бастау алады екен. Мағынасы да тереңірек. Ойланып қалдым. Соңғы екеуін тілмен іщтей қайталап біраз айтып көрдім. Біріншісі ұнап тұрды басынан-ақ. Бірақ осы сферада Нұрлан Жанай бауырымыздың аты жиі аталып жүргендіктен Данай Жанайға балама болып кетеді ма деп тағы ойланып қалдым.
Очм, ойлана келе екеуінің де мағынасы жұрт ойлағандай емес қой деген оймен Аңсар Данай деген никті өзіме лайық деп таптым.
Интиция алдамайды. Көп өтпей ақ Қарасақал бауырым Данай*Жанай деген мағынада кәмменттеді.
Бірақ, ол Жанай емес. Данай — ілімгерлік, білім, даналық деген мағынаны білдіреді. Бір сөзге өзіңе ұнайтын бірнеше мағынаны сыйдырып тұр.
«Жаман иттің атын бөрібасар қояды» © халық нақылы.
Міне осылай ник таңдадым. Бірақ халық нақылы менің нигіме қатысты емес. Жар таңдаудан және мамандық таңдаудан қателеспе деп айтылғандай, өзіме лайықты ник таңдадым деп ойлаймын. Ал сіз не дейсіз?

2 пікір

ulzhankzz
біз тек құтты болсын дейміз)))) Сәттілік әкелсін жаңа НИк
ansardanay
рахмет, сол, үйдегі «сыйқырлы кабелімнен» қол үзіп кіре алмай кеттім ғой
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.