Біз ұсынатын Интернеттегі арнайы қызметтер
Сенде бір флуд дүниеге,Абай. "Әсемпаз болма әрнеге" өлеңінің блогосфераға негізделген нұсқасы
Кетігін тап та, бар қалан
Сайтымыз танымдық блогтұғыр болғандықтан тақырыптан ауытқымай, бүгін интернеттегі бизнес жөнінде айта кетуді жөн көрдім. "Әәәә, қандай бизнес ол тағы" деп шыдамай бара жатсаңыз, шыдаңыз. Көпшіліктің сұранысымен блог әлемінде бұрын-соңды болмаған жаңа қызметтер ұсынғалы отырмыз. Жалпы интернетте таныла алмай жүргендер үшін бұл қызметтер өте жақсы деп ойлаймын. Ал енді қызмет түрлері және оның бағаларымен таныс болуларыңызды сұранамыз:
Қызық емес жазбаға пікір жазу — жазбаңыздың түкке де татымайтынын іштей сезіп тұрған болсаңыз осы қызмет сіз үшін. Әп-сәтте жазбаңызға жазылған пікірлермен үздіктер қатарынан шыға келеді. Тапсырыс 10 пікірден басталады.
Қызық жазбаға пікір жазу — жазбаңыз пайдалы болғанымен тағы да көп оқырман жинағыңыз келсе осы қызметтен пайдалана аласыз. Тапсырыс 10 пікірден басталады. Жазба қызық болғаны үшін 35% қызметті еселеп өтейміз.
Жазбаны жақсы деп бағалау — жазбаңызды жақсы деп бағалап үздіктерден бірақ шығаратын боламыз. Тапсырыс +10 нан басталады.
Жазбаны нашар деп бағалау — өзіңізге ұнамаған жазбаны одан сайын жер болсын десеңіз мына қызмет арқылы сізге көмектесуге әзірміз. Тапсырыс -5 тен басталады.
Жаман көретін адамның пікірлерін минустау — ұнатпайтын адамдардың пікірлерін минустап рахат тапқыңыз келсе осы қызмет сіз үшін. Минустау тарифі пікір санымен емес, сағаттық жүйемен жүреді. Тапсырыс -5 тан басталады.
Жаман көретін адамды минустау — жаман көретін адамды минустап жағымсыздардың патшасы ету сөз емес.
Моймирдағы фотоларды бағалау — фотоларыңызды бағалаймыз. Тіпті, Фото@Mail.ru-дың ең жоғарғы рейтингіне үміткер етеміз. Бағасы келісімді
Моймирдағы фотоларға әдемі пікір жазу — бұл түсінікті. Көркем сөздермен гүл етеміз. Тапсырыс 10 пікірден басталады.
Моймирдағы фотоларды жамандап пікір жазу — егер сіз бір подругаңыздан өш алғыңыз келсе, срочно хабарласыңыз. Абыройын айрандай төгеміз. Тапсырыс 10 пікірден басталады.
Моймирда достық ұсыну — 6 досым бар деп қынжылмаңыз. Бір күнде 1000 дос жинап беру сөз емес.
Моймирдағы қонақ кітапшаңызға махаббат мойындауларын жазу — біздің жеке абыройыңыз немесе жәй ғана понт жасауыңыз үшін махаббат мойындауларын жазамыз. Тапсырыс 5 мойындаудан басталады.
Агентте артыңнан қалмай жүрген біреуді онлайн үркіту — құтыла алмай жүргеніңіз бар ма? Сөз емес. Жоламайтын болады.
Онлайн пікірталастағы позицияңызға жақтасу — сіз үшін тұрып береміз:)
Онлайн пікірталастағы қарсыласыңызға жабылу — қарсыласыңызды жермен жексен етеміз.
Жеңіліп бара жатқан адамды құтқарып жеңімпаз ету — үміт жоқ болған кезде де жол табуға болады.
Жеңімпазды жер қылу — сізді жеңіп кеткен күйде де жеңістің бал шырынын уға айналдыру біздің кәсіп.
Не дейміз хабарласыңыздар, уақақақа:)))
17 пікір
үшінші дүниежүзіліксоғыс па?)))))))))) +1сіңдередіБір танысым сұрап еді, оған керегі «Моймирдағы фотоларды жамандап пікір жазу»
Танымал қылып бересіздер ма? Келісейк та…