Үлгі алыңдар, үлгі

Анонимді Флудерлер Клубы /

Бірде «ел аралап» жүріп, мына бір Теріскей.KZ деген жаңадан құрылған «ел» жайлы өздеріңізге паш етіп ем. Содан бері де 1 ай уақыт өтіпті. Бұл күнде оларға барып, қонақ боп қайттым, қой сойып, құшақ жая қарсы алды. 1 ай ішінде ел болып үлгермесе де, бәрі жиылып бір пәтерде отырғандай-ақ екен, қайтарымда ұялсам да, сіздерге деп бір пакет ет ала кеттім өздеріңізге үлгі болар пост жазу үлгісін ала келдім.
Бір қызығы бұл елде постты қысқа да нұсқа етіп жазады екен. Мысалы, 1 айлықтың құрметіне, Өмірдің мәні, Теріскей және сұрақтар Осы аса бір ұқыптылықпен, мәнді де сәнді жазылған посттардан неге біз үлгі алмасқа? Әй, қайдам, бізде «Айтабер» дегенге көпіршітіп тұрып айтады-ау дим. Сол айтқандай олар да қарап қалмай, «Теріскей» дегенгеее…

Ал, айтаберіңдер.

10 пікір

AKA
Ырзамын, рахмет! Жаңа ашылған сайт, келіп қонақ болыңыздар. Баршаңызды құшақ жая қарсы алуға даярмыз. :)))
AKA
Үлгі алғанда… жаңадан ашылған сайт, қолданушылары әзірге аздау, осындай сәтте қолдау білдірмесек, бауырмалдылығымыз бен ұйымшылдығымыз қайда қалды? Келіңіздер, ой бөлісіңіздер.
Korkem
рахмет, сендей жанашыры бар неткен бақытты сайт!!!
AKA
Әсірелеудің қажеті жоғиии, еңбектеніп ашқан екен, қолдау көрсетейік дегенім ғой. :))
qyrmyzy
Қыздари, өздеріңдікін нетіп алыңдаршиш
Korkem
)))))))))) жүрегіміз кең, бәрі де сыйяды)
qyrmyzy
нету керек уже
beko
Үлгі деймісің? Иә сөзіңде жан бар, бірақ, тым олай қысқа керегі жоқ сияқты. Бізге е тым үлкен, е тым қысқа болмағаны дұрыс ау сірә.
Қысқа нұсқа ойынды білдіртіп, тым үлкен пост та, қолданушыны жалықтырады. Өз ойыңды барынша созбай білдірткесін, толық мағлұматына сілтеме тастасаңда болатын сияқты.
Korkem
Әлбетте, соны намектап жаздым емес пе?))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.