Өтініш, өлең айтпай-ақ қойшы...

Қазақ салт-дәстүрлері /
«Әу» демейтін қазақ жоқ. Бірақ, бар қазақ «әу» десе де болмайды. «Әу» музыкалық білімі барлардың аузынан шықса, құлаққа жағымды жүрекке жылы тиеді. Ал, әркім аузым бар деп ән айта берсе, ән қадірсізденеді.
Құр айқай бақырған,
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған
Кісіге сән бе екен?
Бұл құйынды сөз Құнанбайдың ұлы Абайдікі. Бүгінде көп әншілер әсем әнмен құлақтың құрышын қандырудың орнына, құр айқайымен қос құлақты шыңылдатады. Өнерсіздің өнер иесіміз деп айтуы сәнге айналды. Ақшасын төлеп, гәзет-журналдарға сұхбат беріп атақты болып жүрген әншілер де жетерлік.
«Музыка мен ақындық сөз бір-бірімен жымдаса отырып, жүрекке жылы, ұнамды бірлік жасайды» — дейді В. Асафьев. Ән мен сөз үйлессе ғана тыңдаушының оң бағасын алатынын әншілер білмейтін сияқты қазірде. Көп әндердің сөзі тілі енді шығып келе жатқан баланыңкінен аумайды. Бұл ащы шындық. Бетховен: «Музыка адам жанын жарқындатып жалындатуға тиіс» — дейді. Сөзіне мән бермейтін әншілер ән айтып жүргенде, жанымыз қалай жарқындамақ? Жалындауы тіпті мүмкін емес. Адам әнді ермек үшін емес, рахаттану үшін, демалу үшін, қайғы қасіретін ұмыту үшін тыңдайды. Ал, бүгінгі бақыруықтардың әнін тыңдағанда қайғыңа қайғы қосылып, ашуланып, ызаланасың. Тіпті дауысынан жеркенесің. "Өшіріп тасташы мынаны" деп қасыңдағы адаммен айқайласасың. Сөйтіп, «Ән миллиондардың жүрегін біріктіреді» — деген Бетховеннің сөзі жалғанға айналады. Бүгінгі кей әндер жүректерді біріктірудің орнына, жүректерге іріткі салатыны жасырын емес. Дәлел жоғарыда келтірілді.
«Музыканың үш түрі бар. Біріншісі, жай ғана рахат сезім туғызады, екіншісі құмарлықты, ынтызарлықты білдіреді, үшіншісі біздің қиялмызға бағытталады. Жағымды сезім оятатын музыка демалыс үшін қолданылады, ол бізді жақсы тынықтырады» -дейді Әл-Фараби. Бүгінгі әндердің көбісі осы қағидаға сай емес. Керісінше шаршатады. «Ән адамның жан сезімін оятып, жүректің ең нәзік қылын қозғайды» — дейді А.В Свешников. Жүректің қылын емес, адамның жынын қозғайды қазіргі мәнсіз әндер. Сондықтан, әр әнші айтар әнінің сөзін ақындарға тексертіп, барып айтса екен…

20 пікір

Korkem
Иә, қашанғыдан айтылып-айтылып қадірі кете бастаған әңгіме. Тек жүзеге асырып жатқан әнші бар ма? Тыңдар құлақ болмаса сөз жетім деген осы да…
Bek
Ән әлемінде: Отан, Туған жерге деген сүиіспеншілікті арттыратын әндер көп болса екен деймін! Қайдағы бір шатпақтарды мың қайталап, күйдім, сүйдім деп шарадай басыңды қауғадай қылады! Арине, Әннің естісі де бар, Тыңдаушының құлағын тесері де бар! Не болсада еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейн тыңдайтын әндер көп болсын!
dimash
Маған Қайрат Нұртастың даусы ұнамайды. Әнші деп айтпас едім, жәй дауыспен былайыншада әнді айта алмайды екен.
pari
НЕге ұнамайды.Қайрат Нұртас лирика жанрнда айтады және жүрекпен айтады.Мен фанатымын
kema
Sol Kairat nNuratsty mende unata bermeim. Bir konilge konymdy eshteme aitpady go
qyrmyzy
қойыңдариии, «Жылдың үздік әншісі/әні» номинациясын алды ғой
pari
қазіргі кезде жеңіл әндер көбейіп кетті мәні жоқ не мағынасы жоқ
qyrmyzy
Дәлелмен жазсаң, кучт болар еді...Құр айғайдың қажеті жоқ. Сол саған ұнамайтын әндердің де тыңдармандары бар екенін есте ұстағаның дұрыс болар еді… сен тыңдамай-ақ қой, болды. Шаршама!
Argyn
КУЧ? тағы мектепке бар… а, а, а Сатыбалдымен шәй ішкенсің-ау ия… Сатыбалды + ҚЫРМЫЗЫ = айқау-шу, ұрыс-керіс)))))
qyrmyzy
ық ық
Argyn
ық ық дегенің де түсініксіз…
qyrmyzy
сен ғана түсінбейтін шығарсың
life_ayat
дұрыс айтасыз
Moldir_96
«Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін» дейтін заманда әншісымақтаржың көбейіп бара жатқаны рас. Дегенмен, жақсы, өнерлі, жүрекпен айтатын әншілеріміз де жетерлік. Жүрекпен айтқаннан кейін жүрекке жетеді ғой.
Argyn
Дәстүрлі ән өшуге жақын… сондықтан да дәстүрлі ән тыңдауғы шақырамын…
qyrmyzy
науың қызық екен?? Өшуге жақыны нес? Алтын қор бар, шүкір! Жарнама керек, жарнама! Ал өзің дәстүрлі әндерді тыңдайсың ба?
Argyn
Науың? саған мектепке бару керек… нес? тағы мектепке бару керек… дәстүрлі ән тыңдамасам сол туралы айтам ба? түсінбедім… сені…
qyrmyzy
барғым келіп жұр еді мектепке, есіме салғаның қандай жақсы болды. Шәйін ішіп келин, ыырахмет!!!
life_ayat
Әншілердің алғашқыда айтылған әндері онша болмайды көбінесе… Сонда да ол келесіде одан жақсы қылып, мағыналы қылып шығарғысы келеді ғой… Сондықтан "Өнерсіздер ән айтпай жүрсінші, адамның миын жемей" — дегендеріңіз дұрыс емес менің ойымша…
calendula
«Дәстүрлі ән өшуге жақын» деген сөзіңіз шын. Себебі, менің өзім дәстүрлі әнді тыңдамаймын, "Өшірші осыны" дей саламын ))) Жыршы, термешілеріміз аз емес, шүкір! Тек тыңдағымыз келмейтіні болмаса… «Жарнама жоқ, насихаттау жоқ!» деген өтірік сөз дер едім. Насихаттау бар ғой, тек эстрада әншілері көп, бірақ сапасыз болғандықтан, тыңдамасқа шара жоқ! Өзім қазақша әндерді тыңдай бермеймін)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.