Талақты үш рет айтып әйелін тастап кете беретіндер көбейген.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Елімізде тек шариғат жолымен шаңырақ көтеретіндер тым көбейіп кетті. Бұл заңсыз туылған сәбилер мен бала алдында ешқандай жауапкершілігі жоқ әкелер санын арттыруда, мұндай некені жиі бұзатындар аз емес.
Уақытша неке қидыруға құмар еркектердің арасында шариғат бойынша деп бірнеше әйелмен отасып отырған азаматтар да баршылық. Құқығы заңмен қорғалмағандықтан, мұндай жағдайда тек қыз-келіншектер зардап шегеді. Кейбір ниеті бұзық еркектер жауапкершіліктен жалтару үшін әдейі осындай некені таңдайтын көрінеді.
Осындай жағдайдың құрбаны болғандардың бірі — Назерке атты келіншек былай дейді:
— Екі-үш рет кездескенбіз. Сосын ол кісілер айтты, кездесіп қойдыңдар болмайды, енді некелесу керек деді. Біраз уақыт өткен соң ол кісі біз бірге тұра алмайтын сияқтымыз. Мен саған үш рет «талақ» деймін. Сосын некеміз бұзылады деді.
Алла алдында ант-су ішіп, некелескен күйеуі аяғы ауыр Назеркені осылайшы оп-оңай тастап кете берген.
Нұр Астана мешітінің найб имамы, Руслан Қамбаров:
— Бұл дұрыс емес. Былайша айтқанда адамды діннен шошытатын, мұсылманшылықты жаман қылып көрсететін әрекеттер. Некені жаңағындай әдіспен қиып жатқандар дінді басшылыққа алып отырған жоқ, өздерінің арам пиғылдарын, құмарлықтарын басшылыққа алып отыр", — дейді.
Назеркенің айтуынша, қазір діни көзқарастары бір кейбір топтар арасында бір емес, бірнеше рет «талақ» болған арулар аз емес. Яғни, олар діндестері арасындағы өздеріне көзі түскен басқа еркекпен кезекті рет некелестіріледі. Бұған көнбесе жамағаттастары табалайды екен. Дін жолына бет бұрып, қолдан-қолға өткен қазақ қыздарының құқығын заңмен қорғау да мүмкін болмай отыр.

Дерекм көзі: Nyr.kz.

12 пікір

mairosh
Жако ағай менің ойыма бір оқиғам есіме түсіп кетті. Сіздің айтып отқаныңыз өте дұрыс. қазіргілер осыдан көп зардан шегет(((((
Jako
Ұмытпасам сондай бір әңгіме болып енді арамызда,әйтеуір өздеріңе — өздерің абай болып, алданудан сақ болыңдар дегім келеді.Негізі мұсылмандық шарттары тазалыққа құрылған, бірақ қазір бұрмалаушылар көп.
mairosh
қазір Аллхқа шүкір бәрі жақсы
Jako
Солай болуына тілектеспін.
kema
Иәәә. Әпеке қарындастарымыздың құлақтарына алтын сырға!!!
Негізі бұлардың көбісі діннің негізін білмейтіндер. Азаматшаларымзға берер кеңесім, некеге тұрмас бұрын өз құқығыңызды қарап, талқылап, ой елегінен өткізгеніңіз жөн. Және де діни сауаты мол, жақсы отбасынан шыққан азаматтармен сойлесіңіздер. Соңғы сөз өздеріңізде қалады ғой. Аллах жақсы жар мен жолдас нәсіп етсін
Jako
Азаматсың,өте дұрыс айтасың.
AL-ASTER
Бұндай да бар ма еді. Мүмкін бұл секта сияқты топтардың дәстүрі шығар.
Jako
Қай заманда,қай уақытта болса да өз қарақан бас пайдасын ғана ойлайтын пысықайлар табылады.
EREIMEN
Мына жерден дұрыс дейтіндей ештеме көріп тұрған жоқпын, бұл шариғат жолымен некеге турғандар емес АЗАМАТТЫҚ НЕКЕГЕ тұрғандар. халықты олай шатастыруға болмайды, ал олар өздері отбасында келіспей қалғаннда дінге сілтейді де кете береді, кім айтты бұладры діннен қабары бар адамдар деп!!! бұл бізге қазақтарға өз дінін өзіне қарсы қойған батыстық ағымның әсері!!!
ereke_enu
Исламның атына кір келтіруден басқа қолынан түк келмейтін нашар еркектер ғой бұл(((((((((( Аллахтың дінінде ешқандай кемшілік жоқ. Тек ақымақ біреулер өз ыңғайына бұрмалап алады. Қазір сондай кезең: көпшілік дінге бет бұрғанымен, анық білім жетпей жатыр. Жалпы, таралып жатыр, негізі. Күндердің күнінде нақ шындық келгенде әлгілердің аяғы аспаннан келер. Әзірге өзің үшін білім алып, дініңді түзеп, өзгелерді соған шақырудан басқа амал жоқ секілді.
Korkem
Иә, батыстан келген бұл әдет екі жастың бір-бірін сынау десе де болғандай. Яғни, бірге тұрып көріп, жұптары жарасса заңды некеге тұрады, жараспаса айырылысып кете барады. Бұл енді батыс-шығыс атаулыға жарасса жарасып-ақ жатқан шығар, бірақ бізге, мұсылмандарға бұл дегенің жатқан арсыздық қой. Көбісі мұны жәй өз мақсатына пайдалануда, сондай-ақ еркектің ешеңесі кетіп жатпаса, қыздар үшін нағыз сорақылық. Бақытты боламын деген жастар, бақыттың бір кілті босағаны пәк аттауда екенін ұқса екен…
Yasin
Пайғамбарымыз с.ғ.с Уақытша некеке тұрумен есек етін жеуден қайтарған
жылтырағанның бәрі алтын емес діндар болып көрінгеннің бәрі діндар емес дінде зорлық зомбылық алдап арбау жоқ нәпсінің құлы болудан қайтарған
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.