Адамның дене пішініне байланысты атаулар

Қазақ салт-дәстүрлері /
Апай төс — кең кеуделі, омыраулы.

Бақа көз — сыртына шығыңқылау томпақ көз.

Бақа мойын — қысқа мойын.

Бақа тамақ — бұғағы түсіңкілеу, жалпақ тамақ.

Божбан — нағыз қара, шой қара.

Кетік — тісі түскен.

Қасқыртаңдай — жоғары жақ сүйектері мен таңдай сүйегінің бірікпеуінен болатын кемістік.

Қожбан — аса ірі, дәу.

Қоянжырық — іштен туа пайда болған еріндегі кемістік.

Құныс — Жауырын, белі сыртқа шыға томпайып біткен бүкір.

Қызтеке — еркектік те, әйелдік те жыныстық белгісі бар адам.

Пұшық — Жұқпалы аурудың салдарынан мұрны кем болып қалған, батық біткен.

Серек құлақ — ұзынша келген тікше құлақ.

Тобан аяқ — башпайдың, табанның не өкшенің кемдігі бар аяқ.

Шағыр — Ағы мен аласы көп, шегір көз.

Шапаты — шағын дене.

Шапыраш — көзі қисық, қыли.

Шарғы — қысқа бойлы, аласа, тапал.

Шәлтік — Шәлтиіп тұрған бойы тапал адам.

Ши бақай — арық, жүдеу.

Шой — орасан зор, дәу, үлкен.

Шойнақ — бір аяғы екінші аяғынан қысқа, ақсақ.

Шомбал — ірі, үлкен, кесек.

Шотыр — бетіндегі дағы бар.

Шұнақ — құлағыныңұшы кесілген я жабысып біткен.

Шүңірек — көзі ұясына кіре түскен, шүңірейген.

Авторлық құқық"ҚАЗАҚ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТІНІҢ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ" кітабы мен авторларына тиесілі. :-)

3 пікір

MSHERIMBEK
Ауылда жас кезімізде бір бала шәлтірең дейтінбіз:)
Jako
Маған Қожбан ба, Шой ма, Шомбал ма солардың бірі келетін сияқты.Бұрын білмеппін,әйтеуір адамдар Дәу деп атайды.
Moldir_96
хехе… бұл сөздерді бірінші рет естуім))
Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығымен танысқаныма қуаныштымын)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.