Жас үлестіру жайлы аңыз-әфсана.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Құрметті айтаберліктер, соңғы кезде тіршілік бабымен сайтқа кіруім сиреп кетті. Өздеріңнен кешірім сұрай отыра мына бір өзіме ұнайтын.апамнан бала кезде естіген аңыз әңгімені жаза кетейін. Ұнағандарыңыз құлаққа құйып алыңыздар да,ұнатпағандарыңыз жанынан өткізіп жіберіңіздер.
Сонымен бір күні Жаратқан ием өзі жан берген тіршілік иелеріне өмір сүру жасын белгілемек болып барлығын жинапты да," Осындағы барлығыңды өзім жараттым,өзім жер бетіне жібердім, енді сендерге сол жер бетінде өмір сүру жасын үлестірмекпін. Бәріңде өз туындым болғандықтан бөліп жармай бірдей 30 жастан белгілеймін, сол өмірлеріңді қызықты, уайымсыз, жақсы өткізуді нәсіп қыламын"-депті.Барлығы ризалықпен бас шұлғып тарай бастағанда Адам тұрып қалыпты да Жаратушыға;-«Е, Жаратушым, сен мені басқа мақұлықтарға қарағанда ақыл-ес беріп артық жараттың, ал енді жасымды солармен тең еткеніңіз әділдік пе?»-депті.Жаратқан ием ойланып қалыпты, бере салайын десе жастың бәрін үлестіріп қойған, бермейін десе Адамның сөзінің жаны бар.Жан-жағына қараса Есек кетіп үлгермеген екен, шақырып алып:«Ей, Есек, сенің тұрмысың онсызда ауыр болады, он жылда жетер жиырма масыңды Адамға қостым»-депті.
Адам өзіне тән көзтоймастықпен елу жасты да азсыныпты, Жаратқан ием жан-жағына тағы да қараса ит айналып жүр екен, шақырып алып: «Сен адамға қызмет етесің.сеніңде жиырма жасыңды Адамға бердім сен бір жылда үш жасап отызға жетесің»- депті. Содан да ит бір жылда үш жасайды екен дейді.Бірақ Адамға бұлда аз қөрініпті де, тағы жас сұрапты. Жаратқан ием өзінің сүйікті құлының көңілін қимай жан-жағына қараса, ыржалақтап маймыл жүр екен дейді, соны шақырып алып:«Сеніңде жиырма жасыңды Адамға беремін»-депті.Сонымен Адамның Жаратқан иеміз нәсіп қылған жасы орташа 90-жас болыпты.
Бұнымен айтқым келіп отырғаны, Жаратқан иемнің Адамға ең алғаш меншіктеп берген 30-жасы біздің адамша рахатта,қызықты, жастықпен өткізетін өміріміз екен. Келесі жиырма жас есектен алған жиырма жас бала-шағаны өсіремін, соларды ешкімнен кем қылмаймын деп ақ тер.көк тер болып есекше еңбек ететін өтетін ата-ана өмірі екен.Одан соңғы немерелерге әй үйтпе,өй бүйтпе.ананы бүлдіресің деп отыратын 50 мен 70-ің арасы итше үріп отыратын иттен алған жасымыз екен.Ал 70 пен 90-ның арасында көз көруі нашарлап,қүлақ шала естіп біреу боқтасада мақтаған екен деп ыржақтап отыратын жас маймылдан алынған жас екен деуші еді апам жарықтық.
Бұдан алар ғибрат не? Жаратқан иемнің Адамға нәсіп қылған 30 жылын кейін өкінбейтіндей қызықты, пайдалы, мәндіде сәнді өткізуге тырысыңдар.Қалғанынан қашып құтыла алмайсыңдар. Адамның ең қызық кезі жастық шағы,қарттарды көргенде олар бір кезде сендердей болғанын ұмытпаңдар, силаңдар.Сендер де сондай боласыңдар.

11 пікір

Aknyet99
Оқыдым кітаптан.
Ойлаймын бұл аңыз емес,өсиет сияқты))))
dimash
Күннен күнге қартайып бара жатырмын деп жүргенімде мына жазбаңыз… Жастық шағымды қимаймын… «жасым жиырмаға таяды» дегеніме үлкен кісілер "әй, әлі бала екенсің ғой" деп жатса, енді өзімнен жасы кішілер «ағай» деп сөйлейді… «осы жиырма жылда не бітірдім?» деген сұраққа өзім де жауап бере алмаймын… өкінішті-ақ(( Енді он жылдан кейін өмірім қай бағытқа өзгерері бір Аллаға ғана аян…
Jako
40-жасқа келгенде жазған «Осы мен не бітірдім»-деген екі шумағым бар еді, сол сұраққа жауап бере алмаған соң ары қарай жалғастыра алмадым. Адам жүз жасасада бұл сұрамққа жауап беруі оңай болмас, себебі әлі де бітпеген ісі көп болып көрінеді.Бұл сұрақтың жауабы арттағы ұрпақтың еншісі болар.Ал сен әлі қайда, Алланың адамға нәсіп қылған жасын қызықтап,өнер үйреніп, білім жинап жүре бер.Сонда есектен алған өмңріңде оңайлау болады.
Bek
Әр-бір тыныс алғаның уақыттың өткені!
Jako
«Мәңгілік двигатель»-дегеніміз осы уақыттың баламасы болар шамасы, ешуақытта, ешкім тоқтата алмайтын құдіретті күш қой әйтеуір.
AL-ASTER
Расымен солай екен ғой…
Jako
Дұрыс айтасың, есек өмірді де артқа тастадық қой…
qyrmyzy
8 жылым қапты...өкініштііі
Korkem
Тамаша әңгіме екен! оқығаным бар еді Осы маған кей қосылған блогтарыма пост жазылғаны туралы хабарлама келмейтіні қалай?
Jako
Қызық, бұл менің апамнан естіген әңгімем еді,өзім ешжерден оқыған емеспін.Сонагн соң жазып едім.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.