Мақал-мәтелдер

Қазақ салт-дәстүрлері /
Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

Қарға баласын “аппағым” дейді.
Кірпі баласын “жұмсағым” дейді.

Жалғыз баласы бардың
Шығар-шығпас жаны бар.
Екі баласы бардың,
Өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш баласы бардың,
Бұқарада пұлы бар.

Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді.

Қалыңдығына өкпелеген күйеу,
Қайнысына сәлем бермейді.

Үйдің жылы-суығын,
Қыс түскенде білерсің.
Ағайынның алыс-жакынын,
Іс түскенде білерсің.

Алыстағы ағайыннан,
Ауылы бірге көрші артык.

Туыс туыс емес,
Қоныс туыс.

Өзі қонақ болып көрмеген,
Қонақты сыйлай да білмейді.

Ағайынның аразы болса да,
Азары болмайды.

Бардың қатыны өлсе,
Төсегі жаңғырар.
Жоқтың қатыны өлсе,
Басы қаңғырар.

Атың жаксы болса – пырағың,
Қатының жақсы болса – шырағың.

Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.

Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім мақтамайды.

Әзілің жарасса,
Атаңмен ойна.

Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.

Әкең өлсе өлсін,
Әкеңді көрген өлмесін.

Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер.

Ашаршылықты көп көрген,
Өзі тоймай “мә” демес.
Жетімдікті көп көрген,
Үш шақыртпай “ә” демес.

Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.

Жылтырағанның бәрі алтын емес.

Қына тастан шығады,
Өнер – білім жастан шығады.

Сырлы аяқтың сыры кетсе де,
Сыны кетпейді.

Сабыр түбі сары алтын.

Еріншек қатынның
Етегі жыртық,
Ерке қатынның
Еріні тыртық.

Жақсы әйел
Жаман еркекті түзетеді.
Жаман әйел
Жақсы еркекті жүдетеді.

Жаман қатын алғанның
Жауы үйінде.
Екі қатын алғанның
Дауы үйінде.

Төркіні жақын қатынның
Төсегі жыйылмайды.

Келіннің бетін кім бұрын ашса,
Сол ыстық.

Астында атың болса,
Арғымақ не керек?
Жақсы қатының болса,
Ұжмақ не керек?

Басқа пәле тілден.

Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жок.

Сөз тапқанға қолқа жок.

Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.

Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.

Ұлы сөзде ұят жок.

Жақсы сөз – жарым ырыс.

Ауруда – шаншу жаман,
Сөзде – қанқу жаман.

Жүздің көркі сақал,
Сөздің көркі мақал.

Ең тәтті де – тіл,
Ең ашты да – тіл,
Ең жұмсақ та – тіл,
Ең қатты да – тіл.

Көздің аласынан,
Сөздің аласы жаман.

Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша,
Адал сөйлеп, жұртқа жак.

Артында баласы қалса –
Көзі қалды де.
Артында сөзі қалса –
Өзі қалды де.

Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.

Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос басады.

Жылқының етін жесең,
Тісіңе кіреді,
Жемесең түсіңе кіреді.

Аз ғана асым,
Даусыз басым.

Денің сау болса,
Жарлымын деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.

Тұр-тұрдан хабар келсе,
Ұйқыдан маза кетеді.

Кісінің кісілігі,
Киімінде емес,
Білімінде.

Айла алтау,
Ақыл жетеу.
Айла мен ақыл қосылса,
Алдырмайтын екеу.

Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.

Итке төсек не керек,
Естіге өсек не керек.

Киіміне қарап, қарсы алады,
Біліміне қарап, шығарып салады.

Ақылды өзінен көреді,
Ақылсыз ағайыннан көреді.

Болар адам – он бесінде бас болар,
Болмас адам – қырық бесінде жас болар.

Жаман итті еркелетсең,
Аузыңды жалар.
Жаман адамды еркелетсең,
Жаныңды алар.

Ағаш тамырымен мықты.
Адам дос-жарымен мықты.

Жолдасы жоқ жігіттің –
Олжасы жоқ.

Жаман жолдастан,
Жақсы дұшпан артык.

Ас адамның — арқауы.

Бауыр шырын, бас тәтті,
Ағайынмен ішкен ас тәтті.

Пышағы бар, сүйгенін жер,
Пышағы жок, тигенін жер.

Тарта жесең, тай қалар,
Қоя жесең, қой қалар,
Қоймай жесең, не қалар?!

Жазым болса, быламыққа тіс сынар.

Қыдырып жеген жанбастан,
Шақырулы жеген жауырын артық.

Өле жегенше,
Ағайынмен бөле же.

3 пікір

Moldir_96
Жарайсың, Ақниет!
QAZAQ
Мен жастарға сенемін! Осы блогтұғырда талапты жеткіншектер көп екен, шаттықтың жасы жуды ғой жүзімді, бар болыңдар!
Jako
Қазақ, көңілің босады ғой…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.