Саусақпен өлшенетін ұзындық (қалыңдық) өлшемдері

Қазақ салт-дәстүрлері /
1. Елі — саусақтың көлденең қалыңдығы, ені.
2. Тұтам — бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас, 5 еліге тең.
3. Сүйем — бас бармақ пен сұқ саусақ аралығымен өлшенетін өлшем.
4. Сынық сүйем — сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленетін өлшем. Бір Сүйемнің 3/4 бөлігі.
5. Қарыс сүйем — бас бармақ пен ортан саусақтың аралық мөлшері.
6. Сере — сұқ саусақ пен шынашақтың кере созылған арасы. Бір сүйем ұзындыққа тең өлшем.
7. Қарыс — бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері.
8. Кере қарыс — бас бармақ пен шынашақтың кере созылғандағы аралық мөлшері. Кейде жырта қарыс деп те атайды.

дереккөзі: "ҚАЗАҚ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТІНІҢ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ"

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.