Дәмету

Қазақ салт-дәстүрлері /
«Дәметкен сары майдан кеудең құрсын» (халық өлеңі).

Дәметудің әр түрі бар Ал ырымда жас келіншектердің дәметуінің жөні бөлек. Жас балалар мен келіндер ата енелері қонақтан келсе, олардан тәтті дәмететтін әдеті бар. Әсіресе, балалы жас келіндер дәметсе оның меселін қайтаруға болмайды. Өйткені, дәметіп отырып ойындағысы болмаса оның емшегі ісіп кетеді. Бұл өмір шындығы. Ал үлкен кісілер, аналар, әжелер жас келіншегі бар үйге дәметіп қалар деп қашанда қалтасына дәм тұзын сала жүреді. Бұл әркім ескере жүретін ескіден келе жатқан ырым.

2 пікір

alikona
Иә жақсы тақырып екен, осыншама қарапайым салтты білмейтіндер де бар…
Korkem
Иә, әжемнен алғаш естігенде таң қалғаным бар))) со келінін айналып-тоғанып отырғаны. Дәметіп қалар деп ылғи бір пиалай болса да ап қалушы ед.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.