Қой сою, БЕКОның сұрануымен.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Малды Аллатағалам адам ризығы үшін жаратқан десек тағы қазақ халқы жөн жосақсыз қыра бермеген. Оған бәлкім бұрынғы ата-бабаларымыздың күн көрісі,қазірше айтсақ бүкіл экономикасы тікелей төрт түлік малға байланысты болғандықтан болар.Ірі малдарды соғым, ас, жиын-тойларда ғана союмен шектелсе, уақ малдарды бір қадірлі қонақ келгенде, ауыл ақсақалдарының басын қосқанда «бата сұрау» — рәсімімен соятын болған. Ал былайғы уақытта ақсақ-тоқсақ, мал тұқымының азуына әсер етеді-ау деп көңілі толмаған жантықтарды байлап семіртіп азыққа пайдаланып отырған, бұны сол замандардағы мал шаруашылығындағысанитарлық жоба десе де болар. Тағы бір айта кетерлігі қазақтар мал өсіруде кәдігімгі «Бір тал кессең, орнына екі тал ек»-деген қағиданы қолданған. Соның арқасында мал саны кемімей,өсім беріп отырған. Осының алдындағы бір постымдағы пікірінде БЕКО қой сою тәртібін жазыңызшы деген ұсыныс айтып еді, осы посты жазуыма сол түрткі болды. Келешек отбасы болар жастарымызға пайдасы тиер деген үміттемін. Ал бастаймын.
Негізі қойды түрлі жағдайлардап сояды.
1.Күнделікті азық қылу мақсатында.
2.Құрбандыққа.
3.Ата-баба аруағына арнап құран оқыту мақсатына тағы сол сияқтылар болады.
Біз бүгін біріншісіне, азық қылу мақсатына тоқталайық. соылатын мал міндетті түрде азықтыққа жарамды семіз болуы керек, Малдың алдыңғы екі аяғының арасына артқы бір аяғын қосып шешіліп кетпейтіндей етіп буу керек, артқы бір аяғын бос қойған ләзім. Жан шығу оңай емес,қой бауыздалғанда тұяқ серпуі жан шығуын жеңілдетеді.Сонан соң алқымын құбылаға қаратып «Бисмиллаһи, Аллаһу акбар» — деп өткір пышақпен бауыздау керек.Бұл малды халал бауыздаудың ең бірінші бұлжымас тәртібі.Ары қарай бауыздау қаны таза ағып болғанан соң сирсқтарын шешіп, басы мен төрт сирағын кесіп алып үйітіп тазалауға жіберу керек. Ендігі кезек терісін сыпыруға келеді, Терісін түсірудің мен білетін екі түрі бар
1.Қоян сойғандай етіп терісін тұлып қылып сыпыру.
2.Алдыңғы, артқы аятарынң арасын, сонан соң құйрық ұшынан бастап қарын арқылы алқымға дейін іреу тәсілі. Көп жерлерде екінші тәсілді қолданыып теріні сыпырады. Тері алынып болғанан соң ішін жарып қарын-ішек, өкпе-бауырын алып тазалауға жібереді.Енді мойынды бөлек алып аласың, келер кезек екі қолдікі. Екі қолы алынған соң қабырғаларыгн сөгесің, бұл жерде бір айта кетерлік жай қабырғалардың ұшын сындырып алмай асықпай пышақтың ұшымен сөккен абзал.Қабырға алты-алтыдан екіге бөлінеді «қара қабырға, сүбе қабырға» — деп, қара қабырға көже қатыққа кетсе, сүбе қабырға мүшелі сый табақтарға барады.Қабырғаны бітірген соң сабақты омыртқаларды шығарасың, онан соңғы кезек қанатты омыртқаныкі. Ол біткен соң артқы екі санды шығарып,құймышақпен құйрықты бөлектейді. Осымен қой еті осып, тұздауға дайын болады.

6 пікір

Manas
Тамаша, ағасы!
Ең бірінші көрші үйдің кішкентай лағын бауыздап едім.Қәзір қой бауыздай алам.Жылқы бауыздап үйренгім келіп жүр.
мал союда өнер ғой
banzaika1990
Мал союдың талайын көрдік қой, әлі есімде тері сыпырғанда ағаларымыз қойдың аяғын ұстатып қоятын. Артынан әпке-жеңгелеріміз қолымызға қамыр беріп теріден жабысқан қылшықтарын тазалатып қоюшы еді.
dimash
Үйдегілер «Мал сойып жатқанда қарап үйреніп ал» деп қанша айтса да әлі күнге дейін қалай сою керектігін білмеймін…
вскрытия жасағанды көргем
beko
ООО, Құнды ақпаратыңыз үшін рақмет. Оқып отқанымда бәрі көз алдымда болып жатқандай сезілді. Енді қой соятын күнге де асықпын…
Тері алынып болғанан соң ішін жарып қарын-ішек, өкпе-бауырын алып тазалауға жібереді.Енді мойынды бөлек алып аласың,
Айтқандай, сіздер малды асып қойып кіріспейсіздер ме, ішкі мүшелеріне?
Жарып алмау керек мүшесі бар емес пе еді, ащы болмауы үшін? Ол ненің қасында болады?
Jako
Дұрыс айтасың, жылауығын алу,өтін сылу, бездерден тазалау,қамшысын сылып алып тастау, төс шеміршегін кесіп лақтырубұның бәрін бөлек жазбасақ пост ұзын болып кететін болды.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.