Сырға салу дәстүрі қалай шыққан?

Қазақ салт-дәстүрлері /
Сырға салу ертеректен келе жатқан дәстүр. Көбіне текті жердің қызын басқалар құда түсіп алып кетпесн деп алдын ала сырға таққан. Қызға сырға тақпас бұрын оның ата-анасының рұқсатын алады. Кейде жақсы араласатын достар ұл-қыздары бесікте жатқан кезінде құда болысып, сырға таққан. Сырға тағылған қыз қалыңдық аталып, оны кейін бойжетіп, жігіт жақ қалың малын төлеп алып кеткенше ата-анасы қатты қадағалаған. Мұнда да үлкен тәрбиелік мән жатыр. Сырға тағылған қыз сауық-сайран құрып жүруіне болмайды. Ол барынша инабатты болуы қажет. Көп жылдар бойы ұмыт қалған бұл дәстүрді қайта жаңғыртпақ болған халық оған өзгертулер енгізіп алған.
Алтын сырға таққан қызға құда түсіп қойғанын өзгелер білу үшін де ерекшелеп, алтын салған. Сондай-ақ, сырға салып кеткен қызды алып кетуге барғанда «Осы елде біздің алтынымыз бар еді, соған келдік» деп қалыңдықты алтынға балаған. Кейде сыраның орнына қызға үкі таққан. Сондықтан да үкілі бөрікті тек қалыңдықтар ғана киген. Жігіттер бөркіндегі үкісіне қарап, қызға құда түсіп қойылғанын білген. Сырға тағудың тағы бір тәлімдік мәні — қыз келін болатынын қыз кезінен біліп, үй шаруасына ерте араласып, әйелдің міндеттерін меңгереді. Ал ондай қыз аттаған босағасында қиналмайды.

2 пікір

AKA
Орфографиялық қателер бар, жазбаны алдын-ала тексеріп өтудің еш сөлекеттігі жоқ.
Сырға тағылған қыз сауық-сайран құрып жүруіне болмайды.
Сонда дейм да, сырға тағылмаған қызға сауық-сайран құрып, түнделетіп жүруге болады ма?!
Korkem
Түнделетіп жүрмесе де мына сізбен тілдесіп, әзілдесіп отыруына болады…))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.