Жұмбақ айтыс.

Қазақ салт-дәстүрлері /

«Масаған»-сайтында Атыраулық Махамбет деген ағамен (өзімнен үлкен ғой деп ойлаймын) Жұмбақ айтысып,қайым айтысып қоятынымыз бар еді, содан үзінді, сіздер үшінАйтаберліктер.


гулзат

қағайын десем ауыр кілем, сатайын десем тәуір кілем!

Махамбет

Жұмбағыңның шешуі — аспан ба екен,
Жұлдыздары шашырап жатқан неткен
Сатарлықтай адамды таба алмайсың,
Көтеруі бұл кілемді азап екен.

Jakup

қағайын десем ауыр кілем, сатайын десем тәуір кілем!

Шешуі бүл жұмбақтың жер болады,
Жер бетінде әсемдікпен гүл толады.
Қағуға Жер-Ананы шама қайда?,
Сатуға Жер-Ананы баға қайда?..

Jakup

Бір жапырақ еті жоқ,
Бір ұрттам қаны жоқ,
Белгілі жаны жоқ,
Сөйлейді бірақ, не нәрсе?

Махамбет

Сөйлегені: ызыңдаған, ұлыған,
Ағалары боран, дауыл бұрыннан.
Жасырғаның ЖЕЛ емес пе, Жақыпжан,
Еті де жоқ, қаны да оның құрыған…

Jakup

Маха, кешір жауабын тура таппадың,
Желді сонша ызыңымен баптадың.
Кішкене көмек менен енді тосып ал,
Жұмбағымнан жаңалық тыңдап, жыр жаттадың.

Махамбет

Еті де жоқ, қаны да жоқ ерігеді.
Жаны жоқ сөйлейтін бұл пері ме еді?
Жақыпжан, тағы көрейін шешіп мұны,
Жаңалық тыңдап, жыр жаттайтын,
Бұл — компьютерлік желі ме еді?

(немесе радио желісі)

Jakup

Жауабын дұрыс таптыңыз,
Сонымен бұл жұмбақты жаптыңыз.
Мына бір жұмбақ ескіден,
Шешшеңіз бұны ініңізге жақтыңыз.

Бір ағашта қырық бұтақ,
Әр бұтақта қырық ұя,
Қырық ұяда қырық жұмыртқа,
Қырық жұмыртқада қырық балапан.

Бұл не?

Махамбет

Бар халық басын иген нұр дақылға,
Ұн, наның содан шығып бұл жатыр да,
Бидайдың сабағы мен масақтары,
Жақыпжан, бұл шешуді сен мақұлда

Jakup

Айтуға уәж бар ма бұл шешімге,
Шешілді деп келеміз-ау бір кесімге.
Сүріндіру сізді Маха,қиын білем,
Тағы бір жұмбақ келіп түсті есіме.

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде баурын жазып.
Ішінде толып жатқан қазнасы бар,
Қорек қып пайдаланар тамам халық.
Бұл не?

4 пікір

qyrmyzy
Қазір Делфина апай жалғастырады:)
Jako
Одан шығады.
AL-ASTER
«Масаған»-сайтында Атыраулық Махамбет деген кісі
Қыдырқожа аға 57 жылғы көрінеді.
Jako
Демек маған аға болады екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.