Көкпар қандай ойын?

Қазақ салт-дәстүрлері /
Көкпар қандай ойын?
Көкпар -жігіттердің күш-қайраты мен ептілігін сыналатын ұлттық ат ойыны. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қаймана халық қасқырды соғып алғанда, өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, лақтырып ойна­ған. Кейін ол ұлттық ат спорты ойынына айналып, көк бөрі — көкпар аталып кеткен. Әлбетте бастапқы табиғи қал­пынан өзгерістер енген. Өйткені қас­қырды алып қашып ойнау — спорт емес болатын. Ол — тұрмыс. Ал спорттықкөк­пар басқаша. Этнографтардың жа­зуынша, «көкпар аттылардың үлкен саны қатысатын «жаппай тартыс» және ойыншылары топқа бөлініп тартыса­тын «дода тартыс» болып екіге бөлінеді. Көк­пар ойналатын алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес бекітіліп, онда басы ке­сілген серке тартылады. Көкпар десе делебесі қозып тұратын қазақ үшін бұл ойынның маңызы зор. Көшпелі елдің керемет мәдениетін үлгі еткен көкпар ойынының бәсекелік сипаты жастардың күші мен ептілігін арттырып, көшпелі шаруа мен батыр сарбаз үшін қажетті батылдық пен ерлік қасиеттерін дамы­тады». Мұнда ер жігіттер ғана емес, сәй­гүлік аттар да сынға түседі.

7 пікір

beko
Біздің ауылымыздың (ауылым Шәуілдір, Отырар ауданы) көршілес ауылдарында, әр апта сайын көкпар ойнатылады… Таласып тартысып ойнаған ойыннан, біреулер ұтса да, ұтылса да, риза болып қайтады. Ортаға әрқалай ұтыстар тігіледі. Ақшалай, автокөліктер т.б. Көкпар деген термин, ат жарысында да қолданылады меніңше…
Jako
Ат жарысын «бәйге»-деп атайды.
KILYZAMAN
Әкеңнің СССРІ осы ойынның рахатын сездірмеді ау :-(
Zhanat
көкпардан кейін сірнелететін күндерді сағындым, қазіргі күні көкпар тартатырндардың саны азайып барады
Jako
Мен көкпардың фанатымын,әлі де іздеп жүріп тартамын.
Zhanat
бәсе деймін ау, сізден бір сал серіліктің қырын байқағандай болып едім, жазбаларыңыздан
Jako
Әлі де көкпарға шабатын ат ұстаймын, бұрынғыдай шабу қайда?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.