Қазақтың неке қию салты қалай өтіледі?

Қазақ салт-дәстүрлері /
Қазақтарда беташардан кейін, неке қиылады. Көбіне беташардан кейін қиялады, бірақ айырмашылық жоқ, оның бұрын да жасаса болады. Енді сол неке қалай өтетіні туралы білгенше жаза кетейін.

Неке қиылу салтының үйде немесе мешітте немесе далада, басталмас бұрын, қатысатын адамдар дәрет алу керек. Яғни олар куәгерлер, имам және ерлі зайыптылар. Бұл рәсімнің басталу кезінде, осы неке салтына қатысты сұрақтарын қояды. Бірінші ерлі зайыптылардың ер адамына, содан қызға, содан кейін қасындағы адамдарына қойылады.

Сұрақ: Мұсылмансың ба?
Жауап: Әлхаммдулиллаһ мұсылманмын.

Сұрақ: Дәлелің қандай?
Жауап: Лә илаһа иллаллаһ, мухаммадур расуллуллаһ.

Енді калима келтіріп болғаннан кейін, бір-бірін құптап қабылдауы керек.
Сұрақ: Пәленшенің ұлы пәленше, сен пәленшенің қызы пәленшені өзіңнің өмірлік жарың етіп қабылдайсың ба?
Жауап: Қабылдаймын.

Дәл осы сұрақ пәленшенің қызына да қойылады.

Енді мәһр туралы айтылып, қыздан сыйлыққа не қалағанын сұрайды.

Мәһр (өтем) дегеніміз не? – қоғамдағы әйелдің беделін білдіріп, оның ақысы болып саналатын сыйақы немесе кез-келген мұсылман әйелдің үйленер алдында күйеуінен талап етіп алуға құқылы заты. Оны неке қию барысында ақшалай немесе заттай сұрай алады.
Мәһрсіз неке қиылса да ерлі зайыптылар болып саналады. Бірақ мәһр ердің мойнында қарыз болып, ертелі кеш өтелуі тиіс. Сондай-ақ, үйленгеннен кейін кейбір себептерге байланысты әйелі күйеуінен сұраған мәһрді кешсе де болады.
Ескере кетер жағдай, қыздың сыйлыққа атайтыны, кем дегенде 15 мыңнан төмен болмауы тиіс. (яғни сол бағадан бастап)

Содан соң, неке дұғасы оқылып, неке қиылады.
Одан, қазақи салт дәстүр бойынша, кеседе тәтті су немесе ағарған ішіледі. Ішкен кезде тек ерлі зайыптылар кесенің бір жерінен ұстаған күйі ішеді. Ері қай жерінен ішсе, әйелі де сол жерден ішеді.
Осылайша неке рәсімі аяқталады.

Бұл неке қиылу салты, Шымкент қаласында көбіне осылайша өтеді. Қазақстанның басқа қалаларында немесе осы Шымкент блыс көлеміндегі басқа да өңірлерінің өзінде де басқаша да болып өтілетінін ескерген жөн. Сондықтан, бізде осылай болатын еді, қате деген сияқты талас тартыс пікір жаза көрмеңіздер.
Өздеріңіздің неке қию рәсімі қалай өткені туралы, немесе куәгер болған адамдар болса араларыңызда, өздеріңізде қалай болғаны туралы бөліссеңіздер керемет болар еді. Бұл посттың, неке салтының қалай өтетіні туралы білмейтін адамдарға көмегі тиер деген сенімдемін.
Мүмкін сіздер жақта басқаша өтілер, бірақ енді Шымқалада қалай өтілетінін білетін болдыңыздар деген ойдамын. Рахмет. Ақжол.

26 пікір

beko

Әссә, ииииии. Әсссә.
beko
Тағы айтылар жағдай, кейбір кезде неке салты біткесін ер адамға жекелеп имам, неке түні жайында және қалай өтілу керектігін сол жайында да айтады.
Рахмет, керекті мәлімет екен. Біліп алдық, нағыз іздегенім осы еді.
qyrmyzy
ық ық, саған не көрінген?
beko
Бұл неке қию салтынан басқа бөлек тағы АХАЖ (ЗАГС) деген бар еді.
ЗАГС (записей актов гражданского состояния)
АХАЖ — Азаматтық хал актілерін жазу — адамдардың туу, өлу, некеге тұру мен некеден шығуы жайлы мәліметтер тіркейтін мемлекеттік орган.

Қай күні бару бәрібір, бірақ көбіне Шымкент өңірінде, той күні, тойдан бұрын барады. Қыдыру (Гулянка) кезінде.


Неке сарайында 40 мың теңге шамасында, ал неке үйінде 15 мың теңге шамасында (анығын білмедім) неке куәлігін алуға болады. Құжат, сол кезде басқа күнде қалдырылмай беріледі.
Бұл да бір мәлімет қо. Біреу міреуге көмегі тиетін шығар.
ЕЕ Аллам, өз қосақтарымызбен бақытты өмір кештіре гөр…
banzaika1990
бір газеттен оқыған едім, осы АХАЖ сөзін басқалай қылып ауыстырғалы жатыр деп. Сонда халықтың осы сөзге үйреніп қалдық деп наразылық білдіріп жатқанын оқыған едім. Бірақ қай газеттен, қалай қылып ауыстырғалы жатқанын ұмытып қалғаным. Аса мән бермеген болармын
AKA
АХАЖ емес, АХАТ болып өзгертілді, яғни «жазу» емес, «тіркеу» болады.
qyrmyzy
неке сарайында неке қию — 40 мың теңге тұрады ма?
beko
Дәл солай естідім, ал өзім оған барып куә болмағанмын.
Zhanat
Ескере кетер жағдай, қыздың сыйлыққа атайтыны, кем дегенде 15 мыңнан төмен болмауы тиіс. (яғни сол бағадан бастап)

неге 15мың? қатып бекітілген баға ма
kema
«Әйелдерді өз теңіне қосыңдар. Оларды уәлилері (ата-анасы немесе ата-анасы болмаған жағдайда солардың орнындағы жақындары) үйлендірсін. Он дирхамнан аз мәһір жоқ» (әз-Зәйлаи, Насбур-раиә, III, 196-бет, 1973 ж.).
saryqazaq
10 дирхам теңгеге шаққанда қанша?? 15 мың деген қайдан шыққан пәтуә???
Zhassiko
Уа-чаааа...)) Қощ келдің..))
qyrmyzy
Тойота камри айтар ем…
не го, екінші курста куагер болдым. Мешітке бардық. Құрбым күміс сырға айтты (енді студенттер басқа не сүрасын?:))) Сомен, не керек, имам бітті деді. Шығап ап тұрмыз болды ма деп… не куалік, не су ішкізген жоқ. Ощым, қайта кіріп неке суын бермедіңіз, куалік бермедіңіз деп айттық. Сосын ерлі-зайыптыларды қайта кіргізіп су ішкізді де, жәмән жазумен толтырылған куалік берді. ОМГ дедік те шығып кеттік. Ну Алматыдағы Нұрмүбәрәк мешітінде осылай болды. Еще имамды біраз күттік, келісілген уақытта келмеді. Ошым, зуандап шақырдық. Жауапсыз… ал мындағылардың өміріндегі ең андай күн...қызық…
ондай жағдайда жігіттің де жағдайын ескере кеткен жөн…
qyrmyzy
Біздікі тек қиял ғой… мүмкін мен де күміс деп айтармын…
followme_alik
жақсы тақырып. Сайтта кімге «Ақжол!..» тілер екенбіз ?_)
AKA
Бұл жайлы көп білмейдкем, некелесу салтанатына онша қатыса бермеймін, ұят-ай… Тек теория жүзінде естіп-білгенім болмаса :))
егерде, молда неке дұғасын оқып болған сон кеседегі суды ішкізуді ұмытып кетсе, және екі жас та оны ішу керек екенін білмесе, және сол бойы ішпесе не болады? Бір танысымда молданың суды ішкізбей ұмытып кеткен жағдайы болған. Және кеседегі суды ішуді ұмытып кетсе ол неке қиылған деп есептеле ме?
Бәріне салем. Менің бір сұрағым бар еді. Мәһр туралы айтылып, қыздан сыйлыққа не қалағанын сұраған кезде мен мәһрден кештім, жарымнан ешқандай сыйлық қаламаймын деп айтуға болама сол кездің өзінде?
saryqazaq
Некеге куә болдым. Сосын өзім де некемді қидырдым. Бірақ біз мешітке барған жоқпыз, адамдар құлшылық ететін жерге улап-шулап (гулянка) кіргіміз келмеді. Сосын мешіттің куәлігін алғанымыз жоқ, үкіметски де жарап жатыр.
Сосын жалпы неке қиятын молдалар АХАТ бөлімінен бір бөлме алып сонда отырғандары дұрыс сияқты. 4 жыл бұрын Алматының бір АХАТ-нан (Әуезов театрының қасындағы) осындайды көріп, жөн екен деп қойған едім.
Jako
Әдетте кей жағдайларға байланысты жұбайлар неке куәлігін кешіктіріп те алып жатады(бұл енді дұрыс емес деп ойлаймын), ал мұсылманша некені шарият бойынша кешіктіруге болмайды, міндетті түрде алғашқы түнгі жақындыққа дейін болуы керек.
Jako
Бірінші ерлі зайыптылардың ер адамына, содан қызға, содан кейін қасындағы адамдарына қойылады
Қасындағы адамдарды «куәлар»-деп атайды,әдетте куә қыз жағынан бір адам, жігіт жағынан бір адам болады.
менин 4 балам бар.некемиз киылмаган.калай истеуге болады
Jako
dinagul, АХАЖ да тіркелу, тіркелмеу өз еркіңіз, қажеттілігіне қарай көре жатарсыз, ал енді мұсылманша міндетті түрде тіркеліңіз, балаларыңызға обал болады. Қалғанын неке қиған молда түсіндіреді.
Балаларға обал болады депсіз, осының жайын толықтырып түсіндіріп бере аласыз ба? Мәселен менің әке-шешем кеңес өкіметінің адамдары, тойлары да сол заманда болған, екеуі де қызыл жулдызды коммунист болған, олардың діни некелері бар екендігіне куманым бар, осы олардың баласы ретінде білгім келгені ғой, маған обал ма сонда? Маған не істеуге болады?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.