Cалт-дәстүр

Қазақ салт-дәстүрлері /
Шілдехана. Жаңа туған нәрестеннің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Мұнда «балаңыздың бауы берік болсын» дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. Шілдеханаға шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Шілдехана өмірге адам келгеннің жене оған қуанудың бір белгісі.

Бесікке салу. "Әлди-әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем" ( Бесік жыры ). Бесіс қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен, елдегі тәрбиелі, өнегелі әжелерге, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, тыштырма жасап алып, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға бесікке салар яғни кәделі сый беріледі.

Тұсаукесер. «Тұсауыңды кесейін, Күрмеуіңді шешейін» («Тұсаукесер» жыры). Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады.

Тымаққа салу. Ел арасында «шала туып тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер жиі естіледі. Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге ыңғайлы болады.

Сүндеттеу. Алты-жеті жасқа толғаннан кейін еркек баланы сүндетке отырғызады. Бұл мұсылман елдерінде ғана емес басқа діндегі елдерде де бар. Сүндеттеудің денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы бар. Баланы сүндеттеу үлкен рәсім. Ол әр ата-ананың борышы.

Тойбастар.«Тойдың кешкі ойынан өлеңмен бастайды. Сонда айтылатын өлең тойбастар деп аталады. (А.Байтұрсынов). Той бастағаны үшін жігіт (не қызға) той иесі рахмет айтып, тойбастар яғни сый-сияпат ұсынып, құрмет көрсетеді.

Жар-жар. Ұзатылатын қыз тойында қыз-жігіттер тобы – кететін қыздың көңілін аулау, бара жатқан жағында да осындай жақсы жайлар болатынын өлеңменен айтсады. Сонымен бірге олар қыздың бақатты, абыройлы, елге сыйлы болуына тілектестік білдіреді.

Жеті ата Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі.

Тоқымқағар Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Арнаулы мал сойылып сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады, ойын-сауық, өлең, жыр айтылады. Бұл – сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі.

Тізе бүгу Халық әдебімен тізе бүгудің бірнеше түрі, жолы, шарттары бар. Мұның бәрі де негізінен әдептілік, тәртіп заңдарына негізделген. 1. Жұмысы болып бір үйге келген адам шаруасын отырып айтады. Егер тым асығыс болса, ол жайын айтып бір тізесін бүгуі керек. Бұл – шаңыраққа көрсетілген құрметтің белгісі.2. Бұрынғы дәстүрде біреуден бата тілегенде ол адам бір тізесін бүгіп, екі қолын жаяды. Бұл әдет бүгінге дейін сақталған.3. Ұрыста, жекпе-жекте немесе айтыс-тартыста жеңілген жақ немесе кешірім сұраған айыпкер тізесін бүгіп, басын иіп, айыбын төлейді.

Шашу Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.

2 пікір

Ais_97
Шілдехана-жаңа туған нәрестеге арналған салт-дәстүр, той екені баршамызға мәлім, толығырақ керемет дайындапсыз +1!
Kan
шілдехана қазақ қоғамында кеңінен қолданып жүрген салт. ал сіз ерекше бір салт білесіз бе? көп қолданысқа ие бола бермейтін,ұмытылып бара жатқан салттар жайында жазыңызшы
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.