Бәсіре деген не екенінен хабарыңыз бар ма?

Қазақ салт-дәстүрлері /

Бідің жақта ер бала сүндеттелгенен соң, Сүндет той кезінде балаға арнап:-«Сен енді жігіт болдың, ат жалын тартып мінер азамат бол»-деген тілекпен оған БӘСІРЕ тай силайтын дәстүр бар.Силықты негізінен нағашы жағынан жасайды, кей жағдайларда атасы болмаса бауырлары да силай береді.Бүл дәстүрдің тәрбие-тәлімдік мәні өте зор.Жас бала БӘСІРЕ тайына өзі қарап,өзі бағып -қағуға тырысады, щаруамен етене жақын болуға қалыптасады.Менің БӘСІРЕМ депмақтана, шаттана қараудың өзі неге тұрады.Қазіргі кездерде қалалы жерлерде тай орнына жеміс талын отырғызып бәсірелейтін болсақ қандай тамаша болар еді деп ойлаймын.Себебі қалада атқа мінетін, оны баптайтын ұрпақ сиреді ғой.
Ал бәсіре талын мектеп бітіргенше өзі баптап қараса еңбекке баулу, тәрбиелік мәні зор болар еді-ау деп ойлаймын.

8 пікір

Daka_sss
дұрыс деп ойлаймын)
Guka
Бұл ойыңызды құптаймын! Әттең, тек айтылып-айтылып қалмай, іспен дәлелденсе жақсы болар еді!
Delfina
Дұрыс айтасыз. осыны Асабаларға айтып қою керек, қазір сүндетті тойдан кем қылып жасамайды. Сондай кездерде 5 баланың сүндетінде тал ектірсе, ар жағы өзі-ақ таралып кетеді. Бірінен-бірі қалмайды ғой қазір.
Zhanat
сіздің жазбаларыңызды оқып отырсам, біз жақтың салтына көп келе бермейді, мына дәстүр жайлы алғаш естуім
banzaika1990
мен де осылай ойлап отыр едім. Қазір балаларды сүндетке отырғызғанда уыс-уыс ақша беріп әрең көндіреді ғой шіркіндерді
Jako
Бар мәселе тәрбиелік жүйеде емес пе?
Zhanat
иә,қазіргі балалар өте ерке, боқмұрындарды ақшамен алдайды ғой)))
Jako
Ақшасыз өмір жоқ десек те, ол тек материалдық жағынан беделге ие болғанымен, тәрбиелік мәнге ие бола алмайды деп ойлаймын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.