Әкемнің әңгімесі.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Әкемнің үлкен ұлы болғандықтан інісі есебінде өстім дағы арамызда келіспеушілік болып қала беретін. Әкем қарапайым темір ұстасы болғанымен, өте сауатты, көзі ашық, бұрынғылардың әңгімесін көп білетін адам еді.Сондай бір кезекті дауда мен әкеме:
— Сіз қарапайым ұстасыз, менің білімім сізден жоғары, осы мен сізден озып кеткен жоқпын ба? – дегенім бар емес пе, сонда әкем маған қарап тұрып:
— Сен менен аса алмайсың, мен де бола алмайсың, Оған дәлел ретінде Абай мен әкесі Құнанбай қажының әңгімесін айтып берейін – деді. Мен құлақ сала қойдым да әкем әңгімесін бастады.
— Бірде Абай әкесіне келіп сен құсап, -«Көке қалай ойлайсыз осы мен сізден озып кеткен жоқпын ба, Құнанбайды Тобықты, ары барса Найман таниды, ал Абайды бүкіл қазақ таниды емес пе» — депті, сонда Құнанбай қажы Абайға қарап отырып:
— Әй Абай-ай, мен сені ақылы толды, дана болды деп жүрсем,әлі де бала екенсің ғой, қалай түсінбегенсің, сен менен озып кету үшін алдымен Абайдай бала туғызып алуың керек емес пе?-деген екен, сонда Абай:
— Кешір, Көке-деп ұялғанынан орнынан тұрып кетіпті дейді. Мен осыдан асырып саған не айта аламын дегенде, мен де жердің тесігі болса кіріп кете жаздадым. Бұл жазбадан алар ғибрат –«Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі»-дегенге келсе керек.

14 пікір

beko
Керемет айтылған данышпандық сөздер ай десейш…
beko
Бірақ дегенмен, менде сұрар едім, себебі жаман айтпай жақсы жоқ…
Сұмдық жауап қайтарылса да, ол жауап құнды жауап…
Ais_97
Данышпандық сөздер, керемет!
Jako
Құнанбай деген кісі өз заманының озық ойлы адамы болған.
Korkem
Жако аға, әдеттегідей құнды да, қымбат жазба. Басымды идім)))
Jako
Рахмет, Көркем!
Ademi
«Абай жолын» тағы бір рет оқып шығу керек екен. Оқитын түк таппай жүр ем
Jako
Мен Абай жорлына сілтеме қойған жоқпын)))
Zhanat
Құнанбайдың берген жауабынан мен басқадай ғибрат, ал сіздің әкеңізден басқадай ғибрат түсінгендеймін
Jako
Дұрыс Жанат, әкем маған -«Абайдың қасында сен не тындырып едің?»-дегендей қылды ма деймін.Әттең қазір одан сұрайтын мүмкіндігім жоқ, әттең-ай!
kema
Kerremet jazba))) Gibratty jazbalarynyzdy uzbeniz, Aga)))
Jako
Тырысамын)))
qyrmyzy
Басты беттегі сурет Құнанбай мешіті, шатаспасам? Тағы, тағы....
Jako
Дұрыс айтасың, Құнанбай қажының өз суретін таппадым.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.