Аза тұту

Қазақ салт-дәстүрлері /
Кісі демі үзіліп, ақыретке аттанған соң оның ет жақын туыстары, әйелі, балалары дауыс салып аза тұтады. Аза тұтқан әйел, еркек өкіріп, өкси жыласады. Көзіне жас алмаған жақын жамағайынға кінә тағып, дауыс салмаған қатын баланы сөгеді. Дауыс салып жылауға ислам діні тыйым салса да, қазақ оны әлі күнге дейін ұмытқан жоқ.
Азалы үйдегі ағайын туыс әуелі бір бірімен жағалай көріседі. «Бауырым ай»-лап ат салып сырттан келген көңіл айтушылармен көру үшін қатарға тұрады. Үлкендер жағы бетіне орамал байлап, таяққа сүйеніп алады. Әйелдер марқұм болған адамның тірі күніндегі қадір қасиетін жеткізіп жоқтау айтып жылайды. Бетін жыртып, тәніне жарақат салатын жесірлер де болады. Жесірдің қайтыс болған еріне жан тәнімен берілгендігінің белгісі ретінде қабылданған.
Ақсақал қауымдар мен ел егелері сәл саябыр тауып, сабасына түсіп алған соң бала шағаға басу айтып, «тірі адам тіршілігін істейді» десіп, өліктің артын күту қамына кіріседі.
Ертеде қазақтар өлген кісінің мәйітін арнайы тіккізілген киіз үйде күзететін болған. Өлікті жерлегенше дейін қайтыс болған кісінің жанашырлары, ересек ет жақын адамдары оны күні түні күтіп, қасында отырып күзетеді. Оңаша үйде жатқан мәйіттің бас жағына шырақ жағады. Кейбір аруақтың артын күткен ұрпақтары марқұмның зираты басында да шырақ жағып, шырақшы болып отырады.
Топырақты өлім үстінде ағайын арасындағы араздық уақытша болса да ұмытылуы керек. Алыс жақынға бірдей ат шаптырып, хабаршы жіберіліп, әлдекім естімей қалып ұятты болмау жағы мұқият ескеріледі. Жаназаға шақырылмай қалған кісілер қатты қапаланады.
Қайтыс болған кісінің мініп жүрген аты жал құйрығы күзеліп тұлданады. Тұлданған атқа ешкімнің мінуге хақысы жоқ. Ол қайтыс болған кісінің асына ғана арнап сойылады.

11 пікір

Jako
Бір жеңгеме,-«Жаман айтпай жақсы жоқ, алда-жалда ағам кете қалса не деп жоқтайсың?»-дегенімде,
-" Не жыным бар, ақтер, көктер болып, бетімді жыртып жылап, оданда талып қаламында, ел-жұрт тарағасын есімді жинап, шайымды ішіп отыра беремін"-демесі бар ма, көкбеттің))))
m170785
қайнысымен қалжыңдасқан түрі да ағасы ))))
Jako
Иә, қалжыңы ғой, албастының.
Kan
Көбіне мұсылмандардың шариғатына жат дуние екен. Зарастризим дине жакын болган ба бурынгы казактар.
VVVWWW
Бауырым дін туралы мәселені көп қозғамайық-дағы, ушығып кететініне сөз жоқ (зорастризм емес негізі тенгирианства ғой)
Kan
олардың бәрі айтып не кергі бар мұсылмандығымызды жөндей алмай жатып.
VVVWWW
Діни догматизмді қою керек қой осы (осы дін жөнінде ешкіммен айтыспаспын деп едім), салт-дәстүрден аттап кете алмаймыз (сосын психологиялық тұрғыдан келгенде де дұрыс емеспе)
Zhanat
бізде бірге жұмыс жасайтын жігіттің әйелі кезекті бір күйеуінің арақ ішіп келгенінде былай деп ұрсып жатыр екен: «Атауыңды ішкір, сол итте ішпейтін асты ішіп өл»деп, біз жігіттер қалжыңдап өліп қалса көрер едік, шашың жайып жоқтайтын шығарсың қайтып келуін тілеп десек, бізге айтқан жауабы «орамалды бетіме басып алып „пенсионныйды тезірек төлесе екен“ (созып айтып) тілеп жылаймын дейді ғой.)))
kema
magynasyz((( gibart jok((((
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.