Құрт пен Шұбат жайлы дерек.

Қазақ салт-дәстүрлері /
1.Құрт. Құртты қой, сиыр, сүтінен жасайды. Қой сүтінен жасалған құрттың дәмі де, сапасы да өте жақсы болады. Құрт жасау үшін ашыған сүт ағаш кеспекке құйылып, бірнеше күн іркіт жиналады. Оны үлкен қазанға құйып қайнату кезінде іркіт қоюланып, ақ, ақ сары болған кезде, отын сөндіріп, суығасын оны сол кеште таза қапшыққа құйып қояды. Таңертең алақанға салып, түрлі кескінде құрт жасайды. Құртты шыптаға, жоғары жерге, өреге жайып, кептіреді. Қазақ ырымы бойынша, өредегі құртты кепкейінше жеуге, алуға болмайды. Өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар.
Дәмі ащы болғанымен, жеуге сүйкімді тағам. Құртты тамақ есебінде әрі шөл басарға да қолданады.

2.Шұбат. Сүт тағамдарының ішінде қымыздан кейінгі бағалы, құнды, емге пайдалы ол шұбат. Мұны түйе қымыз деп те атайды. Түйе сүтінен жасалатыны барша қазақ жұртына, әрі бүкіл халыққа белгілі. Қымыз сияқты ашытылып, тері, ағаш, қыш ыдыстарға құйылып сақталып, піседі. Қымызға қарағанда дәмді, жұмсақ, майлы, әрі қоюлау болады. Қуаты мен дәрулік қасиеті қымыздан еш кем емес. Үш күндік шұбат ең жақсы сапалы шұбат деп есептеледі.
Қазақ халқы түйе сүтіне сиыр, қой сүтін қосып, қатық, атала, сүзбе, ашымық, құрт, ежігей де дайындайды.

15 пікір

AKA
Екеуін де жақсы көрем, әсіресе құртты Кішкентайымнан құртты жеп өстіп, әлі де сүйіп жеймін.
m170785
құрт деген өте жақсы ғой
AKA
Білетініңіз бар ме еді?
followme_alik
Ащы дәмі келіп тұр… ық… ық.
didi0393
ақтан жасалғаннын бәрін өтемөте жаксы көреммммммм! ауылдың жігіттері кайдасыңдариии???))))))))))))
Manas
сиып сауасын ба)))
didi0393
әрине үйренемізғоооооо!))))
Manas
мамаға айтып қарайын)
pari
әйд мына баланың арам ойы барғо тәйт
Manas
кетшеййййй, ауылдағы әжелер құсамай))
miras
жейтін құрт па?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.