"Қосдәнек" деген ойын білесіздер ме?

Қазақ салт-дәстүрлері /
Кәдігімгі өрік бар емес па, соның суйегін шаққанда кебіреуінде егіз дәнек болады.Сол егіз дәнекті екі адам бір нәрсеге шарттасады(спорласады)да бір-бірден жейді, мысалы ойынды ұсынушы:
-бір айдан кейін кездесіп кім бірінші«Ассалаумағалейкум,қосдәнегім»десе сол адам ұтады-деп бәстеседі.Бәске не тігетіңдерін өзара келісіп алады.Қызығы тура сәлемдесетін күні болады, екеуі қайсысы бұрын айту үшін бірінен-бірі жасырынып, аңдып жүреді, бұрын сәлемдескеніжеңеді.
Көнеге жата ма, жатпай ма білмеймін, кемі жүз жылдық тарихы бар ойын.Дәстүр деп айтуға болатын сияқты.Біздің бала кезімізде киноға апаруға бәстесіп ойнайтынбыз.Байқап көріңдер мүмкін ұнап қалар.

16 пікір

Korkem
Көңілді ойын сияқты. Бізде егіз шықса әжеміз қыздарға беріп: «мә, егіз туасың» деп жегізетін...)))
Jako
"Әр жақтаң заңы басқа, иттері қара қасқа"- дегендей шығар.
Korkem
Дәл үстінен түстіңіз..))
Sabions
жалпы жақсы екен… но біздің жақтан дән табу қиынға соғад…
Jako
Ол қай жақ екен.
Sabions
Атырау өңірі
Jako
Ой, ол жақта өрік көп қой, біздің Тараздықтардың бәрі сонда базарла.
Delfina
Байқап көрдім ғой осыны, жеңіліп қалғаным бар. )))
Өте қызық ойын екен!
Jako
Сайтта біреулермен ойнап көрсең болады.
a63a1
егер келіскен күні жолыға алмаса ше?
Jako
Бәрібір кім бұрын айтса сол ұтады.
Delfina
Ойнаймызба?
calendula
Қайдам, егіз дәнек деп таласа жеп қоюшы едік кішкентай кезімізде. Өрік көп болатын біздің жақта, қазір де аз емес.
KILYZAMAN
Тобық ойыны да бар. Ұқсайды осыған. Құда мен құдағилардың көп ойнайтынын байқадым ;-)
mairosh
қызық ойын екен. Көру керек бәстесіп біреумен. )))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.