Қыз көші.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Құда аттандырар кәдесі жасалғаннан кейін ұзатылған қыз шешесі, жеңгесі, жас іні, сіңлілермен бірге көлікке отырып жолға шығады. Қыз артта қалғандарға қарамауы керек. Құдалар алға түседі. Одан кейін шаңырақ түйе (қыз көші) жүреді. Тойшы жігіттер көш соңынан әсем киініп ән-күймен ереді. Былайша айтқанда көште ерекше салтанатты жарасымдылық болады. Қыз ауылынан бір көш жер шыққанша мұны «қыз көші» деп атайды. Одан әрі асқаннан кейін «келіншек көші» дейді. Келіншек көшінің келе жатқанын білетін жолдағы ауыл қыз-келіншектері, жастары «келіншек көшін» тоқтатып «түйемұрындық» алып, батасын беріп, «жол болсын» айтып шығарып салады.

16 пікір

AKA
Иә, артына қарамауы туралы білетінмін, жақсы. Әлгі, Қарақаттың «Асыл әжем» бейнебаянында қыз кетіп бара жатып, артына қарайды, сондағысын түсінбедім.
Daniar_alan
неге "қыз көші" кенеттен «келіншек көшіне» айналып шыға келеді?.. қызық…
Daniar_alan
негізі аутыр қателесті ау деймін… әр жерде айтылуы әр түрлі сөздер ғана бірақ мағынасы бір сөздер шығар…
AKA
«Келіншек келді, келіншек» деп кішкентай балалардың жүгіретінін естігенмін, сосын қазіргі кезбен айтсақ, машинаның алдына жіп ұстап шығады, кейін оларға бір сый ұстататын (ақша ғой көбіне). Сол сияқты мағынада деп түсіндім, алғашында мен де түсінбей қалғаным рас.
Daniar_alan
Қыз ауылынан бір көш жер шыққанша мұны «қыз көші» деп атайды. Одан әрі асқаннан кейін «келіншек көші» дейді.

сонда қыз алты айлық жолда тұрса, осындай шамаға кішкентай балалар келіп тұрады?..
Jako
сонда қыз алты айлық жолда тұрса, осындай шамаға кішкентай балалар келіп тұрады?..

Мынауыңа түсінбедім…
Daniar_alan
үстіңгі пікірге сұрақ…
AKA
Жако ағайдың пікіріндей ошым, алты айлық жол туралы айтпадым.
Jako
Қазір алға кеткен заман ғой, алты айлық тұрмақ алты күндік те жол жоқ,қорықпаңдар)))
Jako
Қыз өз үйінде келін атанбайды, сондықтан көш өз үйінен шыққанда "Қыз көші"- деп аталып, солай шығарып салады да, келін болып түсетін ауылға жақындағанда «Келін көші»-деп аталады, себебі бұл ауыл келін күтіп отырған ауыл.Ака айтқандай бұл ауылдың балалары келіншек келді деп, ал үлкендері келін түсті деп қуанады.
Daniar_alan
ооо… міне дәл жауап (қол шапалақтап тұрған смайл)… рысбек!!!
Korkem
ееее бұл да ұмытылып бара жатқан салт қой. Қайдаа қазір…
pari
біздің ауылда бұл дәстүр әлі бар. Тіпті кішкентай балалар түйемұрындық деп ақша да алып жатады:)))
Jako
Қазір келін түсіріп жатқан үйдің келіндері арқан керіп ырымын алады.
бизде де бар)) бирак, озим 12 жыл бурын кордим, женгем тускенде
zhomart
Білгенге — маржан
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.