Ат тергеу

Қазақ салт-дәстүрлері /
Халық дәстүрінде адамға құрмет көрсетудің жолдары көп. Соның бірі ат тергеу. Дәстүр бойынша әйел адам атасының, қайын аға, қайын сіңлісінің, қайнысының атын атамай, өзіне лайықты жарасымды ат қойып «мырзатай», «бай атам», «би ағам», «ерке бала» деп атайды. Жеңгелер жағы небір қызықты аттар қояды. Бойы кішілеу інісін «сұңғағым», жайбасарды «жүйрігім» деп атайды. Бұл сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі. Ер адамдар ақсақалдар мен өзінен үлкенді «ата», "әке", «ереке», «Жәке» деп құрметтеп атаған. Ат тергеу адам сыйлау жөніндегі ізеттілік, көргенділік, кішіпейілділік қасиеттерін биік көрінісі.
Ат тергеу басқа жағдайларда да қолданылады. Халық қасқырды «ит, құс», ал қорасан сияқты ауруларды "әулие" деп атайды. Ол пәле жала бізден аулақ болсын деген жоралғы.

2 пікір

Jako
Мәке,өте тамаша пост, ат теңшеудің тәрбиелік мәні өте зор.
m170785
Пасыба Жәкесі ))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.