Ерулік

Қазақ салт-дәстүрлері /
Көшпелі қазақ халқы көшіп, қонуды аса келелі іс санап, көшу қазақтар үшін салтанат әрі мереке болған. Көшкен күні еруде кимейтін жақсы киімдерді киеді, көшпелі жүк артқан түйеге кілемдер, кілемшелер, сырмақтардың өрнекті бетін сыртына қаратып жауып салтанат етеді.
Еру отырған ауылдар жанына келіп қонған ауылды жабыла қарсы алып, "қоныс құтты болсын" айтып, олардың жүгін түсіріп, үйін тігіп, ерулік апарады. Бұл ерулікке дастарқан көтеріп шай апару, сабалап қымыз апару, тіпті қой сойып, апару болған. Көшіп шаршап келген туыстарына не болмаса көрші, достарына жасаған сый құрмет және қамқорлық.
Ағайын арасында «еруге қару» ретінде алма кезек болған. Мұны «ағайын берекесі» дейді. Көшіп келген көш еру отырған ауылдың үстінен өткенде еру отырған ауылдың әйелдері көш жетелеп келе жатқан әйелдер мен оның жас балаларын ат үстінен сусындандырып жібереді. Еру ауылдың еркектері көш бастап келе жатқан ақсақалдарға сәлем беріп «көш көлікті болсын» деп айтады.

1 пікір

Jako
Тамаша салт емес пе,қазір де жалғасын тауып келе жатқан салттардың бірі осы«Ерулік
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.