Айтыстың жаңаша бір үлгісі интернет айтысы!

Қазақ салт-дәстүрлері /


Қазақтың бір салт-дәстүрлерінің ішіндегі бір кереметі «Айтыс». Мен сіздерге сол айтыстың жаңаша бір үлгісі интернет айтысын ұсынбақпын.Айтыскерлер сіздерге таныс болғандықтан айтыстың ұзақтығы сіздерді жалықтырмас деп үміттене отырып, пікірлеріңізді күтемін.

Жако мен Дельфинаның айтысы.

Жако:
Айтыстың аты еді еркін айтыс,
Еркін айтыс әрқашан ұлан тартыс.
Басқалар қосылыңдар бізге келіп,
Ақындар көрінерің, осы біртұс.
Дельфижан айтысқанға жалықпаймын,
Таңға отырып жазсам да талықпаймын.
-Старый конь борозду не портить- деген,
Жүйрікпін,қанша шапсам барлықпайтын.

Дельфина:
Шын жүйрікті көргенде,
менде қарап өтпедім.
Сарадай қашан болам деп,
төсегімді тепкенім.
Айдана қыз бір саған,
тіледім өмір көктемін.
Нури, Сая, Аламан,
шын достарым көп менің.
админы Алибек,
талай сынды өткердің.
Базаргуль мен Лязка,
гуліндей таза бөктердің.
Жако аганы көргенде,
менде ақын боп кеткенім!!!

Жако:
Дельфижан!
Шын жүйрікті көргенде сен де қарап өтпедің,
Танымадым бұны деп, теріс қарап кетпедің.
Жақсылықты тілепсің теңдей етіп бәріне,
Ниетіңнен айналдым, байқадым түгел жеткенін.
Шақырғанда сен мені қалай келіп кірмейін,
Жай оғындай жарқылдап,өткір сөзді сермейін.
Айтыста болады қалжың сөз,
Өкпелетіп өзіңді,өкініште жүрмейін.

Дельфина:
Келмей жатип ағажан, түскенің бе өкпеден,
жан барма еді Делфидың реніштері көп деген.
сырын білмес кісінің сыртынан аңдып жұр деген,
сырын білген епті жан ойнай беред отпеннен.
Жарайсыз аға ризамын,
осы сөзден танбаңыз,
қайранелім сайтына
сақталсын мәңгі таңбаңыз.
Айданамен айтысып,
Сара қызбен тартысып,
менімен кеп жарысып,
өзіңіз шаршап қалмаңыз.
Жако:
Қайтемін, жазған шығар тағдырыма,
Дара қызсың ақын қосар,ән-жырына.
Ойыңнан шыға алмастан лағып кетіп,
Ілініп қаларма екем мен қырыңа.
Ойнасаң шалмен ойна сақалы бар,
Деп айтқан дана халқым мақалы бар.
Шаршамауға, шаршатпауға тырысармын,
Ағаңның ноқта бұзбас мақамы бар.

Дельфина:
Отырып қалғаным жоқ шалмен ойнар,
Байқасам мына шалда жаман ой бар.
Сіз түгіл жастарың да сілікпе боп
Өкпелері талай өшкен «болдым қой»лап

Жако:
Қызбалық қой байқасаң жастық деген,
Ондайыңа мына ағаң көнер ме екен.
Әліде әрнәрседен ойымыз бар,
Берілгім жоқ кәрілікке шын ниетпен.
Дәніміз көгереді-ау тұқым сепсем,
Бір інің бар жетіге енді жеткен.
Әліде көп шаруа бітірерміз,
Пайдалана алсаң егер өзің еппен.

Добавлено (04.05.2011, 10:34)

Қайда кеттің балдыз, айтшы қайда,
Қашып кеткен жоқпысың сен байға.
Сені іздеумен екі көз төртеу болды,
Қарасаңшы анда-санда біздің жайға.
Дельфина:
Десек те ниеттенсең бәрі қолда,
О жаратқан қартаймаған шалды қолда.
Жете алмай діттеген нысанаға
Тайып құлап жатпағын жарты жолда.
Тана болып көзімді бұрын сүздім,
Бұқа болып келмей ме жібің үзгің?
Еркек боп әрекет етер десем
Епте деген құрысын мына сөзің.

Дельфина:
Әпкем жас, сіңлі емеспін шалға қияр.
Қайдан таптың балдызды құлақ бұрар.
Мені іздеген жайыңды білер болса,
Кемпірің сыбағаңды беріп тұрар.

Жако:
Кіші жүзге күйеумін не десеңде,
Өзің біл сенсең оған сенбесең де.
Әкпең міне, жанымда тұр жәудіреп,
Кезінде тартып алғам,қалың Әлім бермесе де.
Әкпеңнен қорықпағын мінезі алтын,
Жамандық одан шықпайды, жүзі жарқын.
Тайып құлап жатады деп сен қорықпа
Бүркіттей, бітеу жұтар жемтігін, менің қалпым.
Ептегеннен сен неге қорқа қалдың,
Балдызым болғанан соң қолқа салдым.
Қайраты тау қопарар бүл жездеңнің,
Талай сұлу әлі де жолда қалдың.

Дельфина:
Жетегінде жұргендей бір арманның,
балдызым деп сен маған жыр арнадың.
қайратыңа сенем деп ауре болма,
түйе бойына сенем деп құр қалғанын.
ұмытпаған болсаңыз тілімді алып,
дұрыс болар жеңгені жырлағаның.
қаласаңыз қалыңыз қайранелім,
қыздарының мойныңды бұрағанын.
Тартып алдым деп қызды мақтанбаңыз,
болған шыгар мүмкін қыздан бағың.
ерлерді жасартып жатқанда біз,
сол апкем емеспе Иранбағың.

Жако:
Бұл әкпең жырдан кенде қалған емес,
Басыма жөнсіз әлек салған емес.
Мен өзім қайынсақтау, ерек жанмын,
Балдыз десе жайнайтыным жалған емес.
Мойын жуан көтереді бұрағанды,
Бұрын байқап көрмеп ем, осылай сынағанды.
Небір балдыз ойындарынан от шығарып,
Жездетайлап талай сыңсып жылағанды. :D

Дельфина:
Әзілімді айтайын менде сізге,
бір сөз айтсам шынымен сенесіз бе?
еркектің ең жаманы қайын жұртшыл,
деген сөзді ағажан білесіз бе?
кім жақсы көрсін мінбеден құлағанды,
мойын арине көтеред бұрағанды.
оңды солды бұрасаң олда ұзілет,
баста ми болмаса бірақ енді?!

Жако:
Жігіттің үш жұрты бар, біреуі қайын жұртың,
Сен қалайша жамандап оны құрттың.
Қайын жұртқа сисыз болған жігіттердің,
Жақсы күйеу боларын, Дельфижан,қайдан күттің.
Баста тұрған түкте жоқ, ол қауашақ миды сақтар,
Мойын мықты ұстайды-ау,үмітімді ол да ақтар.
Менен аяқ ауырлап,қалдыңба сен үйде отырып,
Оңды-солды, бұрап-бұрап басымды жұлып тастар

Дельфина:
Ау ағасы,
еркек еркек атымен, затымен де,
жағаласпайд, қайын жұрт, қатынмен де.
маған қашан келіп ең жүкті етіп,
көрмедім ғой мен сізді жақын күнде.

Жако:
Сөзім өтіп кеттіме, шалқаңнан сен құладың,
Мен бірнәрсе болды деп, еш әңгіме қылмадым.
Ауыр қылмыс болмаса, басты неге жұлады,
Мен өзіңнен жұқалап соның мәнін сұрадым.
Айтыс деген бір пәле, артық кетер еріксіз,
Өкпелетіп алдым ба,қатаң жауап беріпсіз.
Сөз таба алмай ашудан, булқындыңба сен әлде,
Бет-берекет түсініксіз,ұйқастарды теріпсің.
Шабытың неге қашады, шабыттың өзі шал болса,
Шалдарда қәзір құтырған,қолында оның мал болса.
Құдайым одан сақтасын, ондай кісің мен емес,
Ризамын әрбір сөзіңе,құндылығы оның мол болса. :)

Дельфина:
Олай жазсам қашасыз, бұлай жазсам қашасыз,
сіра менен шын қорқып жұсрің бе әлде аға сіз.
айтыс деген осылай кейде қатты кетеміз,
жазғаным жоқ ешқашан мен өлеңді бағасыз.
Айттым сізге біз емес өткір сөзден ығатын,
мен боламын Делфижан, жігітерді жығатын.
Қазақ деген атым бар болмашыға бұртиып,
күңіл қалып жататын насыбайдан бір атым.
Ренжіп сізге жатқам жоқ, жайым осы,
бұл Жездешка жырымнын қайрмасы.
аман болып жұре бер ағатайым,
Құдай бізді айтыстан айырмасын!!!

Жако:
Дельфи қорқып айтыстан,қаша қоймас байқадым,
Қашу деген тактика,қорқамын бірақ қашпадым.
Бұндай айтыс дәл маған жолықпайды әрдайым,
Сондықтан да түйдектеп сөз орамын тастадым.
Әр сөзің алтын-ау, сөздеріне ұқсамайтын басқаның,
Рахаттанып көрсем деп, жездеңнің қорқып сасқанын.
Қанша мені қусаңда, жол табамын үстатпай,
Айтыстан біз қашпайық, сөз таппай мен саспадым.
Добавлено (07.05.2011, 23:38)
— Бұл айтыстың аяғы не боп кетті,
Көрмеген соң қадірің әбден өтті.
Жалынып әрқайсыңа отырсам мен,
Қалайша көбейтеміз айтыс бетті.
Добавлено (10.05.2011, 21:08)
— Шақырсам сен келмайсің,
Шал деп көзге ілмейсің.
Көктем әсер етті ме?
көптен жоқсың білмеймін.
Шал, шал дейсің қоймайсың,
шалдан қорлық көрдің бе.
Шал болмаса Дельфижан,
ғаламнан басқа келдің бе.
Мендей шалдар кезінде,
қалың қолды бастаған.
Кешегі Отан соғысында,
талай-талай танкіні,
аударып олар тастаған.
Ел басына күн туып,
ағайындар араз боп,
отырған талай жиында
сөз бастаудан қашпаған.
Әділ сөздің арнасын,
тура жолға бастаған.
Өтірік,өсек, арамға,
жамандық, жалған, жалаға,
бас кетсе де баспаған.
Алдында өткен БАБАның,
артынан ерген БАЛАның,
сенім артқан үмітін,
алдамаған, ақтаған.
Сондықтан да жандарым,
ертерек маған болса да,
ШАЛ болумен мақтанам!

Дельфина:
Cаспадым деп мақтайсың,
мақал сөзді баптайсың.
шал екен деп қараса,
тыныш қарап жатпайсың.
жігіт деп тағы атасақ,
шалмын деп өзіңді ақтайсың.
үлкен деп силасақ,
Қиалиды аға деп атайсың.
Өлеңге тағы мергенсіз,
асыл сөзді тергенсіз.
Сіздей жігітке кезікпей,
біздер қайда жұргенбіз.

Жако:
Бегім-ай болсаң Дельфижан,
Раймалыдай болар бұл ағаң.
Арамыз алшақ талай жас,
Артықтау боп тұр бұл бағаң.
Өкінгенмен не пайда,
Өтеді-ай өмір осылай.
Қиналды талай ғашықтар,
Дер кезінде жолықпай.
Оданда жақсы айтысқан,
Жауаптасар тосылмай.
Түйдектетші өлеңді,
Жай оғындай, жасындай.

Кияли:
Айтыссыз қап қойыпты-ау "Қайран елім"
Мықты деп мен қыздарды ойлап едім.
Жайыма қарап жүрмей Жако інімді
Бұқпа деп қыз алдында "қайрап" едім.
Осыным теріс бопты ойлап тұрсам
Айтысар қыз табамыз қайдан енді?
Жаконың екпініне шыдай алмай
Қыздар да «бұғып» үнсіз қалған еді.
Айтыссаң бір-бірлеп кел-деп қайымда
Бір кезде Делфи сұлу сайрап еді.
Шабыты сарқылып қап бүгін міне
Келесі айға тапсырыс беп қойған еді.
Қыздарға қатты айтам деп інімменен
Қызсыз қалып қойдық-ау "Қайран елде!"

Жако:
Екі ай бойы айтыстым,
Әр қызбен бір тартыстым,
Бір күні сөзбен сипалап,
Бір күні сөзбен шарпыстым.
Жеңбейін де сендерді,
Жеңілмейін қойыңдар,
Айдана, Сара, Дельфижан,
Үшеуің бірдей сойдыңдар,
Әрқайсыңның өзіңнің,
Ойып түсер орның бар,
Соның бәріне шыдаған,
маған қояр қай мін бар.
Қиалидан көмек сұрадым,
Қиналып ұйқас құрадым.
Сонда да бірақ қоймадың,
Жезде деп мойын бұрадың.
Сөзіме құлақ салыңдар,
риза боп маған қалыңдар.
Өнерде жолың болсын деп,
Алғысымды алыңдар.
Айналайын Наражан,
Ойлаймын сені әділ деп.
Әділдігін өзің айт,
Көпшілікке мәлімдеп.
Әрнәрсенің уақыты,
Ақырындап жетеді.
Қандай қызық болса да,
Бірте-бірте бітеді.
Ренжіме патша оқырман,
Айтыс жылдам бітті деп.
Небір қызық айтыстар,
Алдарыңнан талай өтеді.
Осыны айтыпЖАКО ақын,
Қош айтысып кетеді.

23 пікір

Delfina
Айтыс деген жақсы ғой, егер айтысатын адамын жақсы болса)))))
Jako
Намегыңызға түсінбедім, Дельфуша.
Delfina
Сіздей алтын ағаларымыз аман болсын димда. Сіз сияқты адамдар аз ғой.
Jako
Құдай көңіліңізді көтерсін, Дельфи!
a63a1
Айтстың өткен күнін қарасам ертеректе болған екен, нақты қай жерде өтіп еді?
Jako
"Қайран елім.кз"-сайтында,өткен жылы болар.
Korkem
Ағасы-ау, бір ашылмай жатқан кітап екенсіз-ау өзіңіз. "Қайран елімнің" сілтемесін берсеңіз де мән бермеппін, онда талай қызықтың барын қайдан білейін...))
Jako
Көркем, онда басқа да айтыстар бар.
Korkem
Ия, сол жаққа қонаққа кетіп барам..) Барып бір қойдың басын мүжіп келейін
calendula
Хе, осы айтыстың маған пайдасы тиген бір кездері. Парталастарыңмен айтысасыңдар деген кезде осы айтыстың керек жерлерін алып алғанмын.
Jako
Пайдасы тигеніне қуаныштымын.
Delfina
Айтысты оқимын дегендерге, тек жарнама деп ойлап қалмаңдар www.kayranelim.kz/forum/15-81-4
Tyerbol94
Ойбууу 21 ғасырдың айтысы емес сияқты. Дегенмен күшті, күшті.
AKA
«Ахоооу, гигок-гигок, ших-пах, аридай-даридай, қиқу-қиқу» деп, ақындарға дем беріп отыралық, ду қол шапалааақ! :)
Jako
Рахмет, шабыттанып қалдым…)))
Togzhan
Тамаша...Қайран елімді жөнді араламаған екенмін ғой өзім, мына жерлерін неғып көрмегенмін?) Тамаша екен, Жако ағаның өлеңдерін көріп жүрміз, Дельфинаның да ақындық өнері барын білмеппін...Әу демейтін қазақ жоқ деген рас-ау өзі)
Delfina
Тоғжан жанында Жакодай ағаң болса сенде ақын болып кетерсін))) Айтысқа бір жауапты 1 күн ойланып жүріп жазған кездер ғой. Ақын болуға қайда, біздікі тек сөз ұйқасса болды...))))
qusbegi
Бір деммен оқып шықтым:) Керемет екен)
mairosh
Уау КЕремет. Дельфина апайдың Жако ағайдың осыншама ақындық шеберін мен білмеппін. Ерте ме кешпе білдім. КЕРЕМЕТ АЙТЫС БОЛДЫ)))) ЖЕКЕ ДЕЛЬФИНА АПАЙЫМЫЗҒА РАХМЕТ: ЖАРАЙСЫЗ
Jako
Рахмет бәріңізге.
ZevsKO
күштіі! арамызда айтыскерлер қаптап жүр екен ғой
korwinin_kyzy
Менімен кім айтысады? ЛИБОЙЫН ТЕРЛЕТІП ЖІБЕРІМІН)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.