Сөз құдіреті.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Сөз, осы бір үш әріптен құралған дүниенің кереметіне тірі жан таласа алмаса керек. Осы бір ауыз сөздің кесірінен елмен-ел кетіскен, ермен-ер шабысқан замандар болған екен. Осы бір ауыз сөздің құдіретімен бабаларымыз бітіспес жер дауын, келіспес жесір дауын шешіп отырған екен. Қазақ халқы әу бастан-ақ сөзге тоқтаған, сөз қадірін білген елміз. Қазір сол бабаларымыздың тамаша қалпынан тайып барамыз ба деген күдік бар. Осы жайлы ойлана отырып бұрынырақ естіген бір әфсананы жариялағым келіп отыр.
Сонау ілгергі халықты хан билеген замандарда бір қаһарлы хан түс көріпті. Түсінде аузында бір тісінен басқа тістерінің бәрі түсіп қалыпты.Содан шошып оянған хан, орнынан тұра сала екі уәзірін шақыртып түсін жорытыпты. Хан:
-Түсімді менің көңіліме қарамай әділ жорыңдар, ұнаса си-сияпат аласыңдар,ұнамаса бастарыңды аламын»-депті. Содан бірінші уәзір:
-Түсіңіздің мәні былай хан ием, сіздің бар туғандарыңыз қырылып, жалғыз өзіңіз қаласыз»-депті. Сонда хан ашуланып:
-Бар туған-туысым қырылып қалса қалған өмір бос емес па, не деп отырсың?-деп басын шаптырып тастапты. Мұны көріп отырған екінші уәзір қорыққанынан дірілдеп, дүрыс жорыған уәзірдің басын шауып тастаған ханға, түсін қалай жорырын білмей:
-Хан ием, сіздің өмір жасыңыз қалған туыс-туғандарыңыздың бәрінен де ұзақ болады екен- деп жорыпты, сонда жаңа ғана қылышынан қан сорғавлатып отырған ханның жүзіне күлкі үйіріліп:
-Сен дұрыс жорыдың, сөз құдіреті деген осы»- деп си-сияпат жасапты дейді. Былайша қарасаң екеуінің де жоруы бір, бірақ соны құлаққа жеткізу өнері ғана бөлек. Бұдан шығар мораль: -«Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі»-болса керек.

6 пікір

Kan
Иа қай заманда болмасын өлтіретінде сөз, өсіретінде сөз. Қазақ халқының сөзге деген құрметі тым терең болған. Қазіргі заманда да сөздің құдіреті қауыпті. Егер елбасы өзге ұлт жайында қате бір пікір айтып қалса. Қазақтар үре ұмтылып,үлкен ұлт аралық қақтығыс болуы да мүмкін. Елбасының сөзін аңдың отырғандар жетіп артылады. Сондықтанда әркім аузына абай болып сөйлегені дұрыс.
AKA
аға, сіз жазғанда, әйтеуір, аңдамай сөйлеген ауырмай өле береді екен
Осыны айтқым-ақ кеп отыр еді…
Zhanat
аңдамай сөйлеп адамдарды ренжітіп аламын көбіне
Jako
Жанат, ол адамдардың бәріңде болады, ең бастысы соны ертерек байқап жөндеуге тырысыуда, ал ең сорақысы не айтқанын түсінбей, жағаласа беру ғой деймін.
Jako
Менікі айту,қалғаны өздеріңнен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.