Құдалық

Қазақ салт-дәстүрлері /
Құдалық қазақ халқының әдет ғұрпына ерекше орны бар дәстүр. Құдаласу арқылы жекжаттық қатынастарға бастайтын алғашқы ресми қадам. Құдалық ата ананың алдын ала келісімі бойынша болсын немесе қыз бен жігіттің уәделесу арқылы болсын туыстық байланыстардың басы. Қазақтардың дәстүрлі некелесуі салтында әке шеше ризашылығы ең басты шарт. Құдаласу қалыңмал, той мәселеріне өзара келісіп, шешуінің кілті. Құдаласу әдетте үкі тағу дәстүрінен болады. Тіпті бесікте атастырылған күннің өзінде үкі тағу рәсімі жасалады. Үкі тағу басы бос, бойжеткен қызды меншіктейтін, оның айттырылған жері бар екендігін көрсететін дәстүр. Үкі тағуға әдетте жігіт жағының ең жақын адамдары 4 не 5 туысы барады. Ата анасының бірі болады. Екі жақ келісімге қол жеткізген жағдайда құдалық уақыты белгіленеді. Бұрыңғы қазақтың үкі тағу дәстүрі бүгінде сырға тағумен алмасты.
Қызды айттырғаннан кейінгі екі жақтың қарым қатынасындағы ең бір шоқтықты рәсім. Өйткені құдалықтың қалай өткені екі жақтың қарым қатынасына ғана емес, екі жастың келешек тағдырына әсер ететін болған. Жігіт жағы ұялмайтындай «мығым» болып баруға тырысса, қыз жағы құдаларын лайықты күтіп алуға ұмтылған.
Жігіт жағынан құдалыққа баратындардың саны 7 адам болады. Қазыр көбейтіліп кеткен саны жағынан. Бұрындары көбейту әбестік саналған. Құдалық құрамына әдетте бірінші кезекте үйленетін жігіттің әкесі мен шешесі, атасы мен апасы, ағалары, жеңгелері, жалпылай қан жағынан немере туыстары да қосылады. Құдалық құрамын толтырмайтын жағдайда алыс ағайындар мен нағашы жағы шақырылады. Реті келмесе жігіт жағының әкесінің сыйлас адамдары немесе жігіттің дос жарандары қосылуы мүмкін. Құдалықты бастап баратын беделді, жасы үлкен адамды бас құда деп атйды. Мүмкіндігінше сөзге шешен, жағдайды жетік білетін көшелі адам болады. Құдалыққа барғанда көсем сөздер мен мақалды ұстайтын сол кісі. Жігіт жағынан жолы үлкен құда бауыздау құда аталады. Жігіт әкесінің одан кейін жолы үлкен аға інілері барған болса, ол омыртқа құда аталады. Жігіттің шағашылары жағынан келген адамдар қабырға құда аталады. Ал жігіт әкесін әдетте бел құда деп атайды. Құдаласатын тараптардың әйелдері бір біріне құдағи, қыздары құдаша болады. Үйленетін қыз бен жігіттің інілері қарсы жаққа құда бала. Құдалыққа баратындар алдын ала ақылдасу арқылы барады. Бұл үшін міндетті болмаса, көп жағдайда жақын туыстар «ақыл шайға» шақырылады. Баратын адамдар анықталып болған соң, туыстық жолы қатаң сақталады. Жігіт анасының немесе олардың орнындағы адамдардың баруы парыз. Ағайын арасында ренішті жағдайлар орын алып жүрсе де жолына қарай әулеттегі осындай елеулі оқиғаға қатысуға шақыру міндетті. Ағайындар бір бірін құрметтейтіндігін білдіріп, ренішті жуып шайып жатады. Мұндай шараларды пайдаланып, туыстық қатынастарды біріктіріп түсу парасаттылық болып табылады. Ағайындардың татулығы құдалардың алдында сын. Ғасырлар бойы келе жатқан туыстық қатынас. Жақын туыстар өз еркімен бас тартып немесе реті келмесе оның жолы одан кейінгі адамға ауысады. Тәртіп бұзылған жағдайда ағайын арасында өкпе реніш болады. Арасы ашылып кеткен жағдайлары да болады. Жөнін білмейтін адам ретінде туысқа құрмет кеміп жойылып кетеді. Құдалыққа қан туыстығы жоқ адамдарды ертіп бару жігіт жағының туыстарға кемдігін, ағайындардың аздығын, басына күн туғанда демейтін жақындарының жоқтығы білінеді. Құдалыққа таңдалынып баратын адамдарды өзі туыстық саясатты ұстану деген сөз. Қарсы жаққа, өздерінің жан жақты, ағайынның мол екендігін көрсететін ишара. Бұл қазақ халқының ежелден келе жатқан құдалыққа адам іріктеу дәстүрінің жосығы. Кеңестік империяның бодандық саясаты қазақ халқының туыстық іргетасын шайқалтуға тырысты. Ішімдіктерге нысаналы түрде үйрету арқылы адамдардың азаттыққа ұмтылсын тұсау, құдалық қасиетті ескіліктің қалдығы ретінде жоюға ұмтылу болды. Ғасыр бойы жалғасқан ғұрып, елдің салт санасынан адасып қалды. Туыстық байланыстар әлсіреп те қалды. Дәстүрлер шатасып, әркім өз ойына келгенін істейтін жағдайға жетті. Білетін адамдар азайды. Ұлтымызда жоқ, ешқашан болмаған кейбір өзге ғұрыптар «ойдан шығарылып» қосылды.

Марат Тоқашбаев

1 пікір

Jako
Мәке,өте тамаша пост жазыпсыз,құттықтаймын!Қазақ «Күйеуді келгенде,құдаңды өлгенше силайсың»-дейтін халық қой.Осы құдалықтардың да түрлері болады, мысалы «сүйек жаңғырту,қайшы құдалық»-дегендер сияқты.Бірнеше ондаған жылдар бойы құдандал болып келген адамдар араластары суый бастаса өзара келісіп қайта құда түсіп, қыз алып,қыз беруді «Сүйек жаңғырту» — деп атайды.
Немесе бір-бірімен өте татулықта болған құдалар, бірін -бірі жақсы білісіп, түсінісіп қимастық сезімге жеткен жағдайларда қыз берген жақтан,қайтара қыз алып құда болатындар бар.Ондай құдалықты"Қайшы құда"-деп атаған.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.