Гиннестің Рекордтар кітабына енген Домбыра

Қазақ салт-дәстүрлері /
Қытайдың Буыршын ауданы, Егізтөбе ауылының тұрғыны Болатбек Кәрімханұлы Ең кішкентай домбыра жасап, Гиннестің рекордтар кітабына енгізді. Домбыра адамның шынашағындай ғана. Ұзындығы 4,5 см, ені 1,4см, биіктігі 1,2 см.
Домбыраны музыка аспаптарын жасайтын жиде ағашынан жасаған. Кішкентайлығына қарамастан, бұл домбыра кәдімгі домбыраға ұқсайды. Инемен де шертіп күй тартуға болады дейді шебердің айтуы бойынша.
Домбыра рекорд кітабына еніп, тіркеліп, сертификатталып, куәлік берген.
Мамандығы электрик.Әуесі ағаштан әртүрлі аспаптар жасау екен.
Бір айдың ішінде жасап шығарған.
Ендігі ойы әлемдегі ең үлкен домбыраны жасап, кітапқа шығармақ ойы бар.

Қытайдағы қазақ халқы бұған дейін де екі рет Гиннеске кірді. Бірі 2009ж. 2009ж 30тамызда Алтай аймағында 13 мың 288адам Қара жорға биін билеп, рекрод жасады. Екіншісі 2010ж. 2010ж 30тамызда 10мың 450 адам домбырамен күй тартып Гиннеске тағы бір марқайып енді.

8 пікір

seit_96
бул домбыраны Джунри Балауинг тартатын шығар))))
Jako
Түкке татымайтын нәрсе болса да жағымды жаңалық.
Еріккеннің ермегі))) Бірақ сонда да Гиннестің рекордтар кітабына еніп алды.
qyrmyzy
Көлемін елестете алмай отырғаным… алақанына алып түскенінде суретке…
qyrmyzy
Түркістаннан алатын кучкунтай домбыралардан да кучкунтай ма?
pana
масалар ансамбіліне)))
Jako
Ацтонога да біразын пихат етсе болады.
m170785
ол қандай ансамбль тағы,
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.