Жол беру

Қазақ салт-дәстүрлері /
Қазақ халқында адамның алдын кесіп өтпей, оған жол береді. Үйге кіргенде орнынан тұрып, төрге отырғызады. Аң аулап, жасы үлкен адам бірінші болып оқ шығарып, олжаның алғашқысын иемденеді.
Алыстан келген қонаққа да, қызметі мен шені үлкен адамдарға да әр істе жол береді.
Бірінші өзіңнің алдында үлкен кісі сөйлеп, санаспай жол беріп, дауласпайды.
Мұның бәрі жоралғы боллып саналады.

9 пікір

yesbolat83
Тәрбиелік мәні бар пост.
Delfina
Қазақ халқында адамның алдын кесіп өтпей, оған жол береді. Үйге кіргенде орнынан тұрып, төрге отырғызады.
осылардан басқасын жасамайды екенмін.
Осы күнге дейін үлкеннің жолын кеспеппін, арине, тек ауылға барғанда))
qyrmyzy
Осы күнге дейін үлкеннің жолын кеспеппін
шошыыып кеттім ғой.
арине, тек ауылға барғанда))
ухх…
Delfina
Қалада солай үлкеннің жолын кеспейтін болсақ...))) жүрмей тұра береміз шығар))
Kan
қазақ халқының ұлылығының бір дәлелі осындай кіші пейілдікпен, сыйластықта жатыр. егер атабабамыз осындай ұлы халық болмағанда біз әлде қайда жойылып кетер ма едік Құдай білсін.
Jako
"Үлкенге кіші сен десе адасатын секілді, кішіге үлкен сен десе жарасатын секілді" — дегендей, кішісін силап,үлкенін ұлықтай білетін халықтың ұрпағы екенімізді ұмытпасақ екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.