Жігіт түйе

Қазақ салт-дәстүрлері /
Құдалық, отау көтеру дәстүрінде қыз өсірген ата ананың еңбегі елеусіз қалмаған.
Той үстінде күйеу бала енесіне «сүт ақы» сыйын ұсынса, атасына «жігіт түйе» деген сый әкеледі.
Бұған міндетті түрде түйе, жағалы киім, немесе қымбат бұйым, ер тұрман, қымбат зат береді. Атасы риза болған жағдайда қол жайып, батасын беріп, қыз бен жігіттің қолын алып, екеуін қосады.

6 пікір

qyrmyzy
Риза болмаса ше?
yesbolat83
Құдаларын құдайындай сыйлаған біздің қазақ жекжаттарын міндетті түрде риза қылады ғой. Оған күмән жоқ.
qyrmyzy
дә? Әкемді уайымдап отырмын ғой:(
AL-ASTER
Көңіл үшін барлығына риза болуға болатын көрінеді. Бірақ, жомартығы жетсе, әрине онысын дәлелдеуге ешкім қарсы емес. Дегенмен, жомарт жігітке бақты Жаратқанымыз өзі береді ғой, ырымын жасап ниет етсе. :)
qyrmyzy
иии қалжың ғой. Үш қызын ұзатқан әкем, бірде бір өкпесін естімеппін, естімеймін деген ойдамын:)
Jako
Мына салтты бұрын естімеппін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.