Өңір салу

Қазақ салт-дәстүрлері /
Мұны кей жерлерде "үй көрсету", «есік ашар» деп те атай береді. Бұған тек ылғи бәйбішелер келеді.
Ниеттері жаңа түскен келінге шашу шашып, құтты болсын айту.
Шашудың сыртында өңір әкеледі. Өңірге киім, бұйым, қымбат заттар әкеледі. Терме бау немесе «жас төсекті басқалар басынбасын» деген ниетпен бүркіттің тұяғын, үкі іледі. Бұлардың бәрі отау үйге қажетті, өңін ашатын нәрселер.
Келін түскен үй бұларды күтеді. Бәйбішелер келіннің қоржынындағы дәммен бірге келген мата бұлдан алады.
Өңір салуды жас шаңыраққа көрсетілген құрмет және жәрдем деуге де болады.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.