Мұсылман асханасының ортақ дәстүрі

Қазақ салт-дәстүрлері /
Барлық халықтар сияқты мұсылман елдерінде де тағам мәзірі күнделікті және той жиынға арналған болып бөлінеді. Тағам мәзірі болмасын, дастархан басындағы салт пен тағам дайындау кезіндегі дәстүрлермен жалғасады. Соның ішіндегі ерекшелігі ислам тыйым салған тағамдарды жемеу.
Хадистерде өлген жануардың, шошқаның, сондай ақ Алланы ауызға алмай сойылған кез кклген жануардың етін, қанды тағамға жарату харам етілгендегісі айтылған. Бірақ өкінішке қазір көпшілік мұсылман елдерінде бұл қағида сақталмай бара жатыр.
Тағы тиым салынған түрі алкогольді ішімдіктер. Мұсылман халқы шарап арқылы шайтан адам бойынан өшпенділік пен жауыздық сезімін тудырады деп санайды. Мұсылман тағамдарын дайындау әдісінде шараптар қосу кездесіп жатады.
Мұсылман тағамдары дегенде алдымен еске палау, манты, бесбармақ, қазы қарталар, бауырсақтар, шелпектер, көптеген ет тағамдары, көкөніс пен жемістен дайындалатын дәмдер, сонымен қатар, тәттілер де түседі. Дәмге келсек барша әлем мұсылмандары қалампыр, даршын, запырангүл, т.б. көптеген дәмдеуіштер дайындауда жиі пайдаланады.

Мұсылман тағамдарын дайындауда тағы бір қызықтылығы көбіне ас дайындауда қазан басында әйелдер емес, еркек қауымдар жүретіндігі. Ертеде шығыс халқында үздік ас мәзірін еркек аспаздар дайындап, оны асқан құпияда ұстаған. Еркектер үшін ас үй нағыз шығармашылықты шыңдайтын орын болып саналған. Әйелдер отбасылық тағамдар дайындау әдістерін өзгеден емес, тек өзінің жұбайынан үйренуі тиіс болған. Әйел қауым тек өз отбасы үшін ғана ас дайындауы тиісті.

Дастарханы дәмге толы дастархан иесі қашанда жомарт. Келген қонақтын асты үстіне түсіп, қалауы мен тәбетіне қарай дәм дайындауы мұсылман халқы дәстүрінің тағы бір ерекшелігі. Бұл шариғатта да жазылған. Хадистерде;«байларды ғана шақырып, шын мәнінде сол асқа зәру жандарды шақырмай берген ас жаман» деген. Көпшілік асқа тек ауқатты жандар мен туыстарды ғана емес, аз қамтылған қарапайым жандарды да шақыру қажет екендігі ескеріледі дастархан деген.

9 пікір

yesbolat83
Құдайға шүкір, қазір көпшілік Исламға бет бұра бастағандықтан той-томалақтарда арақ-шараптар мен басқа да тыйым салынған нәрселер дастарханымыздан шеттеліп, ата-бабаларымыздың адал түріндегі азығына көше бастадық.
ereke_enu
Әйелдер отбасылық тағамдар дайындау әдістерін өзгеден емес, тек өзінің жұбайынан үйренуі тиіс болған.
(((((((((((((((( Мына жерде қате кетіп қалмады ма? Қаншалықты маңызды?
Jako
Жалпы мұсылман халықтарында делінген ғой(ұйғыр,өзбек, дүнген, түрік т.с.с.көп қой),қазақ халқында олай болмауы әбден мүмкін.
m170785
Жоқ қате жазған жоқпын, бұрын ертеректе ғой Ереке
VVVWWW
Осы мұсылмандық пен салт-дәстүрімізді араластырып жіберетінімізді-ай (қазы-қарта мен бауырсақтың мұсылмандыққа не қатысы бар екен)
Еркектер үшін ас үй нағыз шығармашылықты шыңдайтын орын болып саналған.
Сұмдық-ай оны қайдан шығардың, қазақтарда тамақ істемек түгілі ер адамның қазанның басына жолауы өте ерсі іс, жаман ырымға саналған (қазақтың тамаша этнограф ғалымы Шоқанның жазбаларын оқып қара)
+100500
жететін шығар, онсыз да дін мен дәстүрді әрі-сәрі етіп болдық қой
Jako
Ал Дидардың не айтқысы келгеніне түсінбедім.
Jako
Мәке (VVVWWW), менде сіздің осы айтқандарыңызға қосыламын,қазақтар ас үй жағалайтын еркекті "қатынпатша"-деп келекелеген.
Delfina
Қазіргі уақытта солай болсағо… шіркін… Рахатқо үйге келесін, жолдасын тамақ дайындап қойған...))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.