Сырға

Қазақ салт-дәстүрлері /
суретСырғалар негізінен екі топқа бөлінеді; біріншілері, жалпақ сырғалар болса, екінші топқа көлемді сырғалар жатады. Жалпақ сырғалар дөңгелек пішінді, дайындалуы күрделілігінде, жасалу тәсілі және жасалған материалына қарай жұқа, қатпарлы сырғалар болып бөлінеді.сурет
Бірінші топқа жататын сырғалардың бір түрі; айшықты сырғаның нобайы Айға келсе, Жұлдыз іспеттес «жұлдыз сырғалар» да бар.
суретТүрлі салпыншақ қосымша элементтермен күрделі дайындалатын сырға түрлері жетерлік. Сабақты сырға, салпыншақ сырға, сирақты сырға, аяқты сырға, тамшылы сырға, шашақты сырға т.с. Мұндай сырғалардың атауына ондағы элементтердің саны мен түрі қоса айтылады. Мысалы, Үш аяқты сырға немесе қырық буынды сырға. Заманның өзгеруіне орай сырғаның жасалу тәсілдері мен түрлері де, онда қолданатын өрнек те мың құбылған. Көненің көзі болған бұрыңғы сырғалар өз ерекшелігімен сақталып, көптің көңілінен сан рет шығып үлгерді.
суретҚазақта қыз баланың құлағын көбіне жеті жастан асқанда тескен. Тәрбиелік мәні өте зор. Құлағы тесілген қыз, кешегі қуыршақ пен доп қуалап ойнайтын жас бала емес. Сырға салу ертең келін болуға дайындықтың алғашқы қадамы іспеттес. Үлкендер «Сен енді сырғалы қыз болдың» деп ақырындап түсіндіріп, үй тіршілігіне баулыған.
Құлаққа сырға таққан уақытта "Құлағың ауырмасын, жаманшылық естіме, бетің ажарлы болсын, ауырған жағдайда, қойдың сыңғырығын жақ" дегендей жақсы сөздермен ырымдап, тіл көзден сақтар тұмар болсын деп те тағатын болған. Қазақ әйелдері сырғаны бала кезінен қартайғанша тағады.сурет

6 пікір

qyrmyzy
Осындай қазақи сырға ала алмайййййй жүрмін. :(
m170785
Құдай қаласа тойыңыз болса, құлағыңыз сырғаға ілінсе тағасыз
qyrmyzy
Мақсат аға, ілмектерді жазып үйренейікші!
m170785
Мен Қырмызы сол ілмектерді жазбай ақ қояйыншы, басқалары жаза берсін. Ілмектерді де жазғанша..)
qyrmyzy
Ілмектер — жазған материалыңызды іздеу жүйесіне енгізу құралы. Егер ілмек жазбасаңыз, материалыңыз жайлы ақпарат іздеген адам сіздің ақпаратыңызды таба алмауы мүмкін. Мейлінше тақырыбыңызға қатысты, жазған постыңыздағы маңызды сөздерді, рөлі ерекше сөз тіркестерін жазу керексіз. Мысалы, мына тақырыпқа қатысты сырға, салпыншақ сырға, қазақи сырға, әшекей бұйым, сырғаның маңызы, т.с.с сөз тіркестерін жазуға болады. Рахмет! Келесіде қайталанбайды деген ниеттемін!
m170785
білемін ғой Қырмызы, біліп те жүрмін, түсінемін, тек соларды кей күндері жазбай жүрмін
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.