Құрт

Қазақ салт-дәстүрлері /
суретАқуызға өте бай, сүттен дайындалатын құрттың адам ағзасына пайдасы өте зор. Қой, ешкі, сиыр, тіпті түйе сүтінен құрт жасайды. "ҚҰРТ" сөзі құрғатылған, кептірілген мағынаны білдіреді. Сиырдың сүті, түйенің шұбаты, жылқының қымызы дәруменнің, күш қуаттың нақ көзі екені дәлелдеуді қажет етпейді. Құрт ақуызға өте бай 52,6 &. 100гр сүзбе 227ге дейін қуат берсе, құрттан 370,1 қуат алуға болады. Түйе сүтінің құрамында кальций мен фосфор микроэлементтер кездеседі. Шұбатта А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері бар. Осындай э заттардан құралған құртты жылдар бойы сақтауға болады.

Құрт түрлері;
Жас құрт. сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шәймен бірге дастарханға қояды. Кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін үлкен кісілер үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық бауырға қосқан.

Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп суретауырған сырқаттарға ем саналған.

Сықпа құрт. Мұны қайнатқан құрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа құйып сүзіліп, тұздалып, түрлі үлгімен бөлшектеліп кептіріледі. Бұрынырақта сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланған. Мұндай құрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.

Малта. Езілге құрттың түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі ас саналған. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.

суретЕзген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнтақталып, келіге түйілген.

Ақмалта. Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте дәмге жағымды, тез сіңетін тағам болып саналады. Оны тек сұйықұ түрінде ішеді.

суретҰнтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді.

Құрт май. сары май батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл желпі түстік ретінде дастарқанға қояды.Құртты қайнатқан кездегі кенеп қаптан аққан сарысу да емдік қасиетімен ерекшелінеді. Онымен қыз келіншектер шашын, басын, бетін, қолын жуған.сурет

9 пікір

qyrmyzy
туй, ауылдың құртына жете алмай жүргенім… Базардағы құрттар, магазиндегі құрттарды жегің де келмейді. бұйырмай-ақ қойғаны-ай
m170785
ауылдың құртына жетпейді ғой. 83жастағы апам әлі жасайды құртын, сүзбесін, ірімшігін. Құртын жесең болды, ауылдан кету қиын. Ал қаланыкы, дүкендікі не әктің құрты, не көзі қысық ағайындардыкі. Таза табиғи құртты табу қиын
yesbolat83
Жегім кеп кеткені. Маған құрттың өте қышқыл түрі ұнайды.
AKA
Құұұұұұұрт, жақсы көрем ғой!!! Жейтін құртты айтып отырмын, данышпан болмаңдарШ
dimash
Бізде корпусқа күнде-күнде кешкісін «майлы құрт аламыз» деп бір әжей жүреді, көп сатып алан артыңнан батасын жаудырып жібереді) Бала кезде 5-10 тг алатын құрт қазір 50 теңгеден түспейді.
m170785
Корпуста сататыны қызық екен онысы
dimash
буквально корпустын ішінде емес, корпуска сырттан адам кіре алмайды да ғой. В смысле корпустың алдында дим да
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.