Еңсеңізді көтеріп жүріңіз!!!

Қазақ салт-дәстүрлері /
Жасына жетіп, жақсы қартайған кісілер болады.тоқсанға келіп, томардай мұжылудың есесіне еңсесін түсірмей қаққан қазықтай тік отыратын қарттарды көргенім бар. керісінше, отызға жетпей опырылып,ұнжырғасы ұн болып, жігері құм болып, мойыны салақтап, басын көтере алмай жүретін жастарымызды да көптеп кездестіріп келеміз. ұрпағының дене-бітістігіне қатаң талап қоятын ұлағатты ескертулерде ұлкен мән жатқанын енді-енді түсініп келе жатқандаймыз.бұгінде, адам баласына жабысатын ұшық, дерт-дербез, ауру, кеселдердің санында шек жоқ. жүйкенің тозуы дегеніңіз екінің бірінеде бар.Біреу басым аурды десе, біреу балтырым сыздады деп қақсап жатады. денсаулықтың қадыры күн санап артуда…
осы арада, сыздерге денсаулық сақтаудың аса қарапайым бір амалын таныстрмақшымын.
денеңізді тік ұстап жүріңіз.
түкте қиындығы жоқ, солай ма?… балкім, спортшыларға қиын сезілмеуі мүмкін. Ал, тұрмсы рецепсіз, қалай болса, солай қисайіп, жантаиіп ұйренген адамдар ұшін денесын тік ұстап жұру оңайға соқпайды.денені дүрыс ұстауға көңіл бөлмеушілктен қалпытасқан әдеттен дене сүйектерінде түрлше дәрежеде қисаю пайда болады.Әсіресе, мойын, арқа, белдеме сұйектерінде ауытқулар ең көрнекті. Осыдан барып, сұйек арасындағы жұлын, жүйке жәпшелеір жаншылып, зақым алады.
денеңізды тік ұстап біраз жүргеннен кейін, жоныңыз ашып, беліңыз ұйіп, аяғыңыз тала берсе, бұған қоса, көзыңыз қарауытып, басңыз ауыра жөнелсе онда мәселенің үлкені болғаны!!!
Расында, осылай белгілер көрінсе абыржып кетпеңіз. ұзақ уақыт бойына қалыптасытрған аурудан бір-екі күнде сауыға алмайысз. денеңізді тік ұстауға күнде көңіл бөліп отырыңыз. білесіз бе? жағын таянуды әдет қылғандардың бет сүйегінде ұзақ уақыттан кейын қисаю пайда болады екен. дене бітміңіздің дұрс болуын әркез кадағалап отырсаңыз, сүйектеріңіз асықпай орнына келетін болады.
денені тік ұстап жүру дегенде сіресіп алмаңыз. басыңызды көтеріп, көзыңызбен түспа-түс бағытка қараңыз.кеудеңіз керіп, иғыңызды артқа сәл тастаңыз. жауырынды бүкірейтпеңіз. дене салмағын екі аяққа тең саласыз.арқа, бел, бөксеңыз,өкшеңіз бір тұзудың бойында болады.Еңсесі түскен ерден без дейді халық. басты көтеріп, кеудені керіп, еңселі жүру көрер көзге қандай адемі десеңші! басқасын былай қойғанда, денсаулығыңызға тигізер пайдасы ұшан-теңыз.

5 пікір

dimash
Кеңесіңізге рахмет! өте орынды.
Қоса кетерім, мен военкаматтан өту үшін пропасмотрдан өту үшін өз кезегімді күтіп тұрғанымда «соңы кім?» деп бір жас жігіт келді. Оның жүрген жүрісі басқалардан ерекше еді, оның оң аяғы сол аяғынан қысқа екен. Оң жаққа ғарай қисайып басады аяғын. Содан қысылса керек барлығынан бөлектеу жерде тұрды. Сол кезде терепевт дәрігер ағай оны кезексіз алып кірді. Кейін мен кіргенімде жанағы жігіттің ауру тарихы үстел үстінде сол күй ашылып тұр екен. Өзі бірденені күтіп отқандай сол бөлемедегі орындықтың бірінде отырды. Айтайын дегенім, диагнозына бір көзіммен қарадым қызығушылық пайда болып, қателеспесем «повреждение тазовый кости» деп тұрды. Мен хирургтың алдында тұрмын, сол кісінің печатін бастыру керек болған сон. Ал әлгі жігітке терапевт (екі дәрігер бір бөлмеде отырады екен) түсіндіріп жатыр. Менің бар назарым сол айтқан сөзде болды «Сен бұлай ақсаңдап жүрсен омыртқана зақым келіп, мүлдем жүре алмай қаласын, сол кезде саған операцияда көмектесе алмайды, жігітсің деп айтып жатырмын, ұялсаң да аяқ киіміңнің астына каблок тақтырып ал, екі аяқты теңестіріп жүр» деп жатқанын естідім, одан кейін не айтқаның ести алмадым, менең кейін келесі адам кіру керек болған соң… Жақында практикада облыстық аурухананың барлық бөлімшесе мен бөлмелерін аралауға арнайы мұғалым бөлді. Сол апаймен бірге жүргенімізде хирургия бөлімінде осы ақсандап жүрген бірнеше жігітті көрдім. Неге соларға да теңестіріп жүру керектігін ескертпеген? олардың қаралатын поликлиникасының терапевтінің қателігінен қаншама адам аяқсыз қалады ма… Меніңше қазір ортан жілік аномалиясымен туылатын нәрестелер саны артпаса кеміген түрі жоқ екен. Оны тек Ресейдегі арнайы деспансерде емдеуге болады. Бізде Қарағандада бар екенің естідім. Осыны оқыған адамда немесе жақындарының бірінде осындай ақау болса, жоғарыда жазылған терапевттің кеңесіне құлақ асса деймін, РАХМЕТ!
Korkem
Ғажапсың ғой сен!!! Осыны ерінбей жазып шыққаның қандай…
qyrmyzy
мынадай посттарды жазып тұршиш
Jako
Пост тамаша жазылған, Димаштың жазғаны жақсы жазылған посты тамаша дейтін дәрежеге жеткізіп тұр.
qyrmyzy
Қатеден көзім талып кетсе де, оқып шықтым. Жақсы жазылған. Адамдардың жүрісінен қандай екенін анықтауға болатын көрінеді. Басын салақтатып жүретіндер — өз-өздеріне сенімсіздердің қатарына кіреді. Басқан қадамдарыңыздан да сіздің мінезіңізді анықтауға болады.
Денені түзу ұстап, қадамыңызды нық басып, басыңызды көтеріп жүру керек. Сонда өзіңізге деген сенімділігіңіз артып, айналаңызға да жақсы әсер қалдыра аласыз. ық ық, жұлдыз жорамалға ұқсап кетті ма?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.