Тұсаукесер
Сәбиді қаз тұрғанынан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. «Ала жіп аттамасын» деген ұғыммен шыққан. Жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны пысық, аяғын жылдам басатын әйелге қидырады сал бойынша. сүріншек, жайбасар адамға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. кейде жырлап жібереді;
Тұсауыңды кесейін,
Күрмеуіңді шешейін.
қаз қаз, балам, қаз, балам,
Қадамыңды жаз балам!
Қадам бассаң, мәз болам.
Тағы тағы баса ғой,
Алты қырдан аса ғой.
Қаз қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам,
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
деп тұсаукесер жыры айтылады. Баланың ата анасы тұсау кесушінің кәдесін береді.
Тұсауыңды кесейін,
Күрмеуіңді шешейін.
қаз қаз, балам, қаз, балам,
Қадамыңды жаз балам!
Қадам бассаң, мәз болам.
Тағы тағы баса ғой,
Алты қырдан аса ғой.
Қаз қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам,
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
деп тұсаукесер жыры айтылады. Баланың ата анасы тұсау кесушінің кәдесін береді.
9 пікір
1. Ала жіп (ала жіп аттамасын деген ниетте).
2 Көк шөп (жайқалып, өркендеп, көгере берсін деген ниетте).
3 Малдың тоқ ішегі (бай болсын деген ниетте).