Адам жасы төрт түлік ғұмырымен

Қазақ салт-дәстүрлері /
1. ҚОЗЫ ЖАСЫ
Қазақта ұлды он жасқа келгенде қозы бағуға салатын әдеті болған. Еңбекке баулудың қазақша бастауыш сыныбы іспетті. "Қозы жасы" аталуы сондықтан. Қозы жасы деп аталатын еңбектің алғашқы баспалдағы жастарды өмірге бейімдеу, еңбектің дәмін татып, оның қиындығы сезінудің жоралғысы саналады. Кезінде қозы бағуға кедей, бай балалары түгел шыққан. Сол себепті де, малды бағып қағуды білмеген қазақ болмаған. Жастайынан еңбекпен шыңдалған бала мал өсірудің бастауын мектебінен осылай өтеді екен.

2. ҚОЙ ЖАСЫ
«Он үште отау иесі» деп атайтын қозы жасындағы бала енді қой бағуға көшеді. Отаудың иесі деп келешегінен үлкен үміт күткен он үштегі баланы қой бағуға жарамайды деп қазақ ешқашан ойламаған. Он бес пен жиырма бестің арасын "қой жасы" деп атаған.
Он бес пен жиырма бестің арасын қой жасы дейтіні бір қора қойды қыста суыққа, жазда ыстыққа шыдап, ит құсқа жегізбей, жоғалтпай бағып қағу төзімділікті, енбексүйгіштікті қажет етеді. Мұндай іске он бестегілердің де өте бір қағылез, төзімділері шыдайды. Бірақ көнбеске шара жоқ. Бұл жастағылар би кешіне барып, көңіл көтеріп жүрмегені белгілі. Басқа кәсіп болмаған соң дала тіршілігіне, қой бағуға төселінеді. Сыннан сүрінбей өткендер жылқы жасына ауысып, тағы бір өмір белесін бағындырып, артқа тастайды.

3. ЖЫЛҚЫ ЖАСЫ
Қай халықта болмасын, жиырма бес «бұғанағы бекіп, қабырғасы қатқан», «отқа салса өртенбес, мұзға салса тайсалмас» нағыз қылшылдаған, жанып тұрған ердің жасы.
Жаулары жылқысын айдап, жесірін тартып әкетіп бара жатқан жаугершілік заманда ел шетіне келген жауға айдын болатын да, құрық алып, нелер шу асауды бұғалық сап үйрететін де жылқышы жігіттер. Күндіз түні де қақаған аяз бен қапырық ыстыққа, жауын мен желдің өтіне шыдайтын түз дүлдүлі жылқы бағуды сеніп тапсыру жиырма бес пен қырық жас аралығындағыларға лайық кәсіп болған.
Ат құлағы көрінбейтін боранда тұмсығына оқтаудай мұз қатқан атпен бірнеше күн жүріп, жылқыға ие болу, соңынан ұлып қалмайтын ұялы қасқырға бір тай жегізбей, сырттай торыған жауға жиырма бес пен қырық жастың қайнаған азаматтардың ғана қолынан келген екен.

4. ПАТША ЖАСЫ
Қазақ халқында патша болмаған. Алайда патшаға бергісіз хандардың болғанын екінің бірі біледі. «Патш жасы» деген, жалпы Шығыс мұсылмандары жасы толса да, ақылы қалыптаспады деп қырыққа келмегенді хан да, патша да қойғызбаған. Мөлшері қырықты патша жасы деуді біз Шығыс халықтарынан үйренген болуымыз керек. Асылы, Қазекең қырық пен алпыс жас аралығын "қынаптан шыққан қылыштай" деп ардақтайды. Бұл жасқа келгендердің бірқатары атқа мініп, ел басқарады. Ақылды азаматтар хан, төре, сұлтан секілді мансапқа ие болады. Билік айтады, ақылын айтады. Өзгелер кейде Патша жасын түсінбей, ренжіседі, Патша жасы мен Қозы жасындағылардың түсініспеушілігі көп. Өнерімен, батырлығымен, ақылдылығымен, шешендігімен жұртқа танылады.

9 пікір

Қазақтың әрбір амалында артында жан ғылымы бар. Неге 40-қа келмегендерді патша қоймаған? «Баланы екі жасқа келгенше емізу керек, 40-қа келгенде ақыл толады» деген аятқа негізделген. Мен де бір сөз бағушы шопандарды іздеп осы мекнге кіре салып, жастардың қандай ой-өрістернің тарлығына қайран қалудамын. Осы жазбадағы құпиялардың сырына үңіkгіңіз келсе Укепидия, Глобал сайтына кірсеңіз менің Ар мен Уақ және Ман қуаттыр, Құран құпиялар деген жазбаларым бар оқып көріңіз. Немес менің мекен жайыма хабар жіберсеңіз салып жіберіп тұрамын!
Jako
Ақжолтай, сіздікі не деген өлермендік.Маған хабарлас, мен түсіндціремін, менің жазбамды оқы, не деген менмендік.Керек қылған,қажетсінген кезде өзімізде сені іздеп тауып аламыз, шыда.
Kan
Аға мына кісіні осылай сәл сабап қоймасаңыз тым шектен шығып барады
Jako
Маке, мынауыңыз жақсы жазба екен.Қазақтың дала акедемиясы десе де болатындай.
dimash
Қазіргі 11-ші сынтыптың оқушыларын 9-шы сыныптан екен деп қаламын, адамзат қалай кішірейіп бара жатыр ә…

Қазіргі 13 жасар бала мен өткен замандағы 13 жасар баланың айырмашылығы айтарлықтай шығар.
Jako
100 жыл шамасында, бұл 1990 жылмен салыстырғанда. Егер мен одан төменгілерді салыстырсам байғұс деген баға берер едім.Әрине сендер өздеріңді қорғап бағасыңдар ғой, бірақ ата-бабаларың сендерден анағүлым ақылды болғанын бәрібір ұмытпаңдар дегім келеді.
dimash
Соңғы өңделген уақыты:
Қазіргі жігіттерге керек дерек екен.Жігіттердің сөзі мен ісі астасып жатса керемет болар еді.Ірілік қажет бүгінде…
korwinin_kyzy
Құран құпиялар деген жазбаларым бар оқып көріңіз.
сіз кімсіз құран туралы жазатын?
Қою керек бундайды
бұндай тырлык болмайды
өз бетымен қиялдап
тәпсірлеуге болмайды
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.