Құрақ құрау өнері

Қазақ салт-дәстүрлері /
Саламатсыздарма менін сүйікті ісім құрақ құрау. Бос уақытымда құрақ құрап, көрпеше тігемін. Осы көрпеше тігумен айналысқаныма 15 жыл болыпты. Бұл тігіншілікті мен оқыған жоқпын, бірақ өзімнің талабым бар тіккім келеді де тұрады. Бір күн көрпеше тікпесем ауырып қаламын. Қаншама қыз келіншектердің қыз жасауын және бесік жасауын тігіп рахметін алдым. Болашақта осы құрақ құрау өнерін әрі қарай дамытқым келеді. Бірақ менің мамандығым педагог-психолог жоғары оқу орнында мұғаліммін. Менің тіккен көрпешелерімді көріп өз бағаларыңызды беріңіздер.





29 пікір

Jako
Керемет, сондада біз осындай өнері бар,өнерімізді жоғалтпай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізер өнерлі адамдарымыз бар қандай тамаша халықпыз. Мен қазақ болғаныммен мақтанамын.
Соңғы өңделген уақыты:
meruert2013
Өнерімді бағалағаныңызға мың алғыс!
nurbanu_KAMAL
Мен құрақтың түрлерін білмеймін. Әдемілігі жағынан алғашқысы ең керемет! Жалпы, бәрі де керемет! Сізге қызығамын, осындай өнерің болғаны қандай жақсы!
meruert2013
Өнерімді бағалағаныңызға көп көп рахмет!
Kan
Жасыңыз нешеде? Таң қалып отырмын. Менің анамда осындай құрақ құраудың шебері. Арнайы шеберханаңыз бар ма? Бұндай өнерімізді жоғалпауымыз керек. Сізге Алла разы болсын.
Соңғы құрағыңызды түсі ма матириялы ма жақсы көрінеді екен.
Құрақтарды оюмен өрнектеп көрмедіңіз бе? Сәл қарабайыр құрақтар секілді көрінді
AKA
Қарабайыр деймісіз?! Мына құрақ көрпешелердің барлығы үлкен еңбек! Майда төртбұрыштарды қиып, оны біріктіріп тігудің өзі үлкен математика! Ешқайсысы да оңай тігілмегені көрініп-ақ тұр!
Kan
«Дамытқым келеді» депті құрақ тігуші. Сол кісінің шабытын қамшылағаным ғой. Әрине ол құрақтарды құрау үлкен еңбек. Енді оны түрлендіріп одан әрі жандандыр са жақсы емес пе. Қарабайыр деген сөз жаман несе жағымсыз деген емес АКА. Қайта сол қарапайымдылығымен керемет емеспе құрақтар.
Jako
Құрақ — деген атының өзі айтып тұрғандай, бұл әртүрлі істерден қалған маталардың қиқымдарынан құралады.Олардыңжастықша, тұмар,қиықша,қапсырма,қайырма тағы да басқа түрлері кездеседі.Ал ою-өрнек көбіне бетіне жапсырып тігу жолымен орындалады.Негізі ою-өрнек текемет, сырмақ, орама ши т.с.с. жасауда қолданылады
meruert2013
Жасым 33 те. Менің өнеріме сүйсініп, жақсы бағалағаныңызға рахмет. Анаңыздың құраған құрақтары қандай суреттерын салып жибересызбе, қатты қызығып отырмын.
AKA
Шедевр ғой, әпше! :) Бұл ісіңізді одан әрі дамыта беріңіз, болашақта мол тапсырыстар да түсіп қалар бәлкім? :)
meruert2013
Рахмет айтқаныңыз келсін!
MSHERIMBEK
Tamasha, apamnyn jasaganyn korgem. Sumdyk enbek:)
Kan
«Шиқұрақ» «шешен құрақ» «сегіз жапырақ» осындай құрақтар екен. Өтініш осындай құрақтарыңызды жие жариялап тұрыңызшы. Тек өтініш әр құрақтың атауын жазуды ұмытпаңыз.Атауы маңызды
yesbolat83
Қазақ халқы қай кезде де ысырап деген нәрседен ада болған халық қой. Қішкене ғана қалдық мата түрлерінен осындай үлкееен дүниелерді жасап шығару деген жанқиярлық еңбек пен ерлік емеспе. Әрине бұл еңбек түрі шыдамдылық, сабырлық пен фонтазерлық қабілетті талап ететін қолөнер түрі. Өте керемет шығыпты. Тапсырыс берушілерің көөөп болып, қаражат көзі көөөп бола берсін.
nurbanu_KAMAL
Шынында, атауы мен қалай құралатынын, егер қиын болмаса, қысқаша түсіндіріп кетсе, тамаша болар еді.
nurbanu_KAMAL
Бұл көрпешелердің бағасы қалай екен?
qyrmyzy
Korkem , қайдасеееең?
Erkerai
Тамаша екен! Қолдарыңыз дерт көрмесін!
Kan
Сізге кейі жеке почтаңызға салып жіберемін анамның құраған көрпешелерінің фотасын
meruert2013
Жақсы күтемін.
yfriend
Керемееет!!! Бұрыннан келе жатқан қазақ әйелдерінің өнері ғой бұл. Ауылда әжелеріміз үйге келіп, көрпе-көпшік тігіп кетуші еді)) Сонда қанша қаражат керек шаруаңыз жүріп кету үшін??
meruert2013
200 мың да жетеді айналдыруға. Бірақ мұғалімдік жұмысымды тағы қимаймын.
yfriend
Солай десеңізші)) Әйтпесе, 200 мың миллионы емес қой. Цех ашып, шәкірттеріңізге үйретіп, өзіңіз бос уақытыңызда келіп тұрып жасамадыңыз ба? Жақсы идея.
meruert2013
Мұғалімде бос уақыт жоққой жанымау, қағаздан басымызды көтере алмай жатырмыз, мұғалім болу да оңай емес, үлкен жауапкешілікті талап ететін жұмыс. Демалыс жоқ, уақыт жоқ, бірақ менің ойымның бәрі тігу. Я мұғалімдікті я тігіншілікті таңдау керек болып тұрғой. Менің арманым қашан орындалар екен…
yfriend
Қызылордада жағдай қандай екенін білмеймін. Егер клиенттердің сіздің бұл таңдауыңызды ақтайтынына сенімді болсаңыз бимарал бастай беріңіз. Болмаса, үйде отырып та жасай берсеңіз жаман емес. Цех ашқаннан кейін документтері бар, салғы, арендасы бар, көп шығын болады. Тоқырап қалсаңыз, қайта мұғалім бола аласыз ба ол да бір проблема. Не де, болса жақсы ой салдыңыз. Рахмет:)
meruert2013
Көрпеше тіксем ақша деген өзінен өзі келе береді. Тіксем бітті акшағой. Сосын мұғалімдік жұмысты тастап кетсемба деймін бірақ менің үйде отырып көрпеше тіккеніме анамда күйеуімде қарсы. Мұғалімнің айлығы аз ғой, егер 50-60 таза алып отырсам тікпес едім.
yfriend
Қолыңыз дерт көрмесін!!! Керемет!!!
020409081
Меруерт, саламатсыз ба?! Мумкин болса телефон номеринизди жазынызшы.
Mirjakip
Әрине әр адамның бойында өзі сүйсініп істейтін бір ісі болады, Алланың берген дарынының арқасында, оны өзімізше хобби деп қоямыз, сол дарыныңызды өзіңіз үшінде пайдаланып, жемісін көріп жатқаныңызға ризамын. Алла разы болсын сізге, сіз еңбегіңіздің жемісін көріп отырып, өзгелердіде қызықтырып,құрып бара жатқан өнерлеріміз, оның ішінде осындай қаншама уақытты сарп ететін қолөнерлерімізді жандандыруға атсалысып жатырсыз. Сізге Алла разы болсын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.