"Құрақ құрай білу де өнер"

Қазақ салт-дәстүрлері /
Саламатсыздарма! Менің есімім Меруерт! Мен Қызылорда қаласында Қазақ Қытай академиясында мұғаліммін. Жасым 33те, жанұялымын 2 балам бар. Құрақ құрау ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Құрақ түрлері өте көп. Құрақ құрау үшін әр түрлі материалдардың қалдығын пайдалануға болады. Құдай қаласа құрақты қалай құрағанымды суретке түсіріп салып жіберемін. Қазір жұмыста отырмын.Бар күшімді тек жұмысқа арнап жүрмін, қолым тимей жүр. Құрақ құрау үшін алаңсыз отыру керек. Үйде кішкентай цехым бар. Менің арманым Үлкен цех ашып құрақ құрап, қыз жасауын, бесік жасауын жасап халыққа қызмет көрсету еді. Барлығы қаржы мәселесіне келіп тіреледі. Бірақ болашақта сол арманыма жетемін деп ойлаймын. Сіздерге көп көп рахмет!







38 пікір

AKA
Уау, уау, уаау! Тамаша, Меруерт әпке, өзіміз жақтан екеніңізді жаңылмай тауыппын :)) Кәсібіңіздің өркен жайғанын тіледім. :) Тағы да болса осындайлардан :)
meruert2013
Рахмет! Құдай қаласа жақында тағы суреттер саламын.
12345
салеметсиз бе, Меруерт! мен курак корпелериниздин багасын билейин деп едим. Мумкиндигиниз болып жатса 8 727 292 40 51 номерине хабарласынызшы??? Рахмет!!!
nurbanu_KAMAL
Қазақша ою-өрнекпен тіккеніңіз тамаша екен. Маған өте ұнады.
nurbanu_KAMAL
Осылардың әрқайсысының жеке атауы бар ма? Солар туралы жазсаңыз дұрыс болар еді. Пост қызықты болумен бірге, пайдасы арта түсетін еді сонда.
meruert2013
Өзім ойлап тапқан құрақтарымғой аттары жоқ әлі
nurbanu_KAMAL
Үстінен санағанда 2,5-ілер ерекше екен. Түс үйлесімділігін айтам
Kan
Ой сіздің құрақтарыңыз тамаша сөз жоқ. Менің анамның жасап жүргені де осы құрақтар ғой. Сіз жас болсаңызда өнеріңіз қарт екен. Сіздің арманыңыздың орындалуына шын жүректен тілектеспін. Менсіздің үлкен қолдаушыңызбын.
meruert2013
Аумин айтқаныңыз келсін!
yesbolat83
болашақта сол арманыма жетемін деп ойлаймын.
Саған тілекшіміз!
Jako
Мына суреттегілердің ішіндегі ең құндысы да,қыйыны да 1,2-ші суреттегі көрпешелер болар деп топшалап отырмын.
meruert2013
жоқ барлығының бағасы бірдей
qyrmyzy
қыздари, кішкентай көрпеше құрақты тігіп беріңдерші, ақшасын төлеймін:)
yfriend
өлшемдерін, материалы қандай болу керектігін айтсаң болды ғо. 50 пайызын алдын, біткен соң екінші бөлігін берсең болады
AKA
Тапсырыс алуға дайынмын деңізші :))
yfriend
бизнес қой бизнес:)
meruert2013
Әрқашанда дайынмын!
qyrmyzy
төртінші суреттегідей ою. Очм, бастай беріңіз!.)))))
yfriend
Қалай бастай беріңіз???)) Қуын қараш)
qyrmyzy
Ой, рахмет! Қажет емес.
yfriend
Алмайтын болсаң, әрі тұр, алдымды жаппай))©
Korkem
өзім-ақ тігіп берем саған
qyrmyzy
:) рахмет, қажеті жоқ. Қалжыңдағам ғой. Бір кісілер басқаша түсінді ма… түсінбедім :))))))
mairosh
Маған тігіп берші:)
Korkem
Ғажап! Әр суреттегі әр көрпенің тігілу үлгісін салмаған екенсіз
meruert2013
Дұрыс айтасыз үлгісін салып жіберу үшін біраз уақыт керек мен жұмыстан қолым тимей жүр, құдай қаласа суретке түсіріп салып жіберемін.
Korkem
рахмет, асыға күтер едім)
yfriend
Бағасын жаза кетсеңіз, сатып алушылар да табылып қалар
mairosh
Әдемі бәрі. Қашан оюлы көрпе тігіп үйренеді екенмін))
Kan
Анамдагы құрақтардың бәрі сізде бар екен. Оның несін лақтырамын.
Сіздің балаңыздың аяғын фотадан көріп бір күліп алдық
Meruert81
Сәлем! Қызык, мен де Меруертпін, тегім Исмаилова. Мен де көрпеше тіккенді унатамын. Менікінің көбі оюлы болып келеді. Мен Костанайда тұрамын. Казір декретте отырмын сондықтан үйім цехке айналды. Дос болайық? Өйткені у нас много общего.
AKA
Сіздің де құрақтарды көргіміз келедііііііі :))) Қош келдіңіз!
STR
ауылдағы үйде, шешелеріміздің шебер болғаны сонша, үсті-басымызға қиынды мен жіптері жабысып, құрақтан аяқ алып жүре алмайтын едік. құдайға шүкір, құрақ құрай білмейтін қыз алдым. әйтпесе үйдің іші бығып жатқанын көтере алмай жүрейін сол
Bibigyl
Рахмет Меруерт.Мен де сен сияқты қазақтың ою-өрнектерін жақсы ұнатамын.4 шіқұрақты құрадым қалғандарын да құрауға жұмыстанамын.Ол үшін әрине уақыт керек мен де сен сияқты мұғаліммін.
11111111111
оте адеми!!! маган катты унады, мен де акырындап курак корпе тигип бастайын деп журм? тигуге онай осындай курак корпе суреттериниз бар ма? егер сизге киын болмаса маган сондай суреттерди жибере аласыз ба? 1991_asiya@mail.ru рахмет
maden1983
маган катты унады баска кандай сайттардан карауга болар екен маган тагы баска улгилер керек еди
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.