Амалдағы көрісу

Қазақ салт-дәстүрлері /
Қазақ салт-дәстүрлері: Амалдағы көрісу.Амал — ол ата-бабаларымыздың қытымыр қысты шығарып сап, көктем кірісімен «Амал келді, жыл келді» деп ежелден тойлап келе жатырған мерекесі. Бұл мейрамның өзіндік ерекшелігі — көрші-көлем, ағайын тумалармен қол алысып, иық қағыстырып көрісіп, жасы үлкен ақсақалдарға қол ұсынып сәлемдесіп, олардан ақ баталарын алу болып табылады. Көрісу қазақ халқының ізеттілік пен көрегенділікке, ауызбіршілік пен бауырмалдылыққа бастайтын ерекше үрдістерінің бірі. Сондай-ақ, халық арасында: «Амал күні кімде-кім қырық адаммен көрісер болса, Құдай тағала күнәларын кешіріп, дұға-тілектерін қабыл етер» деген де сенім бар. Бұл күні әрбір шаңырықта дастархан жайылып, ет асылып, «Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын», «Жыл құтты болсын! Шаңырығың ырыс-берекеге толсын!»-секілді тілектер айтылып, ренжіскендер татуласатын, сондай-ақ, жарлы-жалқыбайлар үшін де қарындары мен көңілдері тоқ боп, асыға қарсы алатын айтулы күндердің бірі.

10 пікір

satirik92
Жақсы жазылған бірақ аз ба дейм? Тоймай қалдым. Толықтап әдемілеп жазыңызшы?
Abylai
Жыл құтты болсын.: Көрісіп жатырмын:
MSHERIMBEK
Жыл құтты болсын, ағайын :)
yerbol89
Құтты болсын Жаңа жыл. Оңтүстікте 14 наурыздан бастап 22- наурызға дейін Ұлан асыр той болмақшы. Наурызды биыл Оңтүстік ерекше тойламақшы.
Jako
Біздің Таразда да бүгіннен басталды, Наурыз құтты болсын!
didi0393
Jana jyl kutty bolsyn!el aman,jurt tynyw bolsyn!bakyytty bolaiyk)))
yesbolat83
Жаңа жыл құтты болсын барлықтарыңа, достар! Жаңа жылда табыстарға жете берейік!
Delfina
Жастарың құтты болсын!
Бұрында мектеп кезінде осы көрісу күні кәмпит басқа да тәттілер беретін үйлерге баратынбыз тек, ал бауырсақ пісіреді -ау деген үйлерге соқпай кетуші едік. Сонда тек тәтті жеу үшін ғана баратын болғанбызғой))))
atzh
14 нен бастап тойлағыны жақсы. Тек аты жаман, көрісу деген. Бізде адам қайтыс болғанда көріседі(((
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.