Оңтүстік халқы Наурызды ерекше тойламақ. Шымкентте ұлан асыр той.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Наурыз – жаңа дәурен мен жақсылықты ай­шықтайтын әрі өткенді саралап, бүгінді бағам­дайтын, табиғат-ананың оянып, тіршілік атау­лының түлейтін кезеңі.



Ұлтымыздың ұйытқысы саналатын Оңтүстік өңірі биылғы Наурыз мейрамын ерекше тойламақ. Мереке ұлттық сипатта, жаңа үлгіде өткізілмек. Облыс басшысы мерекелік шаралардың жоспарын бекітіп, облыстағы 11 аудан мен 4 қала әкімдіктеріне арнайы тапсырма берді. 14-22 наурыз аралығындағы әр күнге айшықты басымдық беріліп, түрлі әлеу­мет­тік-мәдени шаралар жаңа сипатта атқарыл­мақ.

Биылғы мейрам халқымыздың көнеден келе жатқан Наурызнама дәстүрін заманауи үлгіде қайта жаңғыртуға бағытталып, мерекелік шаралар тоғыз күн бойы жалғасын таппақ. Әр күн өзіндік ерекшеліктермен есте қалмақ.

14 наурызға «Көктем шуағы» атауы беріліп, облыс басшылығы «Ардагерлер үйінде» арда­герлерді көктемнің келуімен құттықтайды. Жастар қазыналы қарияларға көмек көрсетіп, қайы­рымдылық шараларын өткізеді.

15 наурыз «Тағзым күні» деп белгіленді. Бұл күні мешіттерде ата-баба рухына Құран бағыш­талып, «Шекарашылар» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. Шымкент қаласында Төле бидің 350, Абылай ханның 300 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы басталады.

«Алас күні» деп белгіленген 16 наурыз күні облыста жалпыхалықтық сенбілік өткізілмек. Біз үшін Ұлыстың: «Ағаш ек, ұрпақ өсір, үй тұрғыз» дейтін қағидасының қадірі мен мән-мағынасы ерекше. «Аластау» ұғымы ерте кезден «тазару, тазалану» дегенді білдіреді. Облыста Наурыз қарсаңында арық-атыздарды тазалау, көшет отырғызу дәстүрі сақталып келеді. Сондықтан мерекелік шаралар барысында бұл игі дәстүрдің ауқымын кеңейту, жаңғырту көзделіп отыр.

Елбасымыз: «Наурыз – жаңа бастамалардың өмірге дендеп енуіне негіз қалайды» деді. Расында да, Наурыз мей­рамының мән-мазмұны да, арқауы да – қайы­рымдылықта, мейірімділікте. Осыған орай, 17 наурыздың басты тақырыбы «Береке» болмақ. Бұл күні балалар үйінде, қарттар үйінде қайы­рымдылық шаралары ұйымдастырылады.

18 наурыз − «Өніс күні» дүниеге келген сә­билерге сыйлықтар жасалып, аналарды құттықтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ жаңадан отыр­ғызылған ағаштар мереке қарсаңында дүниеге келген сәбилерге арналады. Өткен жылы мол өнім жинаған ауыл еңбеккерлері марапатталады.

«Жайнау күні» деп белгіленген 19 наурызда барлық көшелер мен аулалар Ұлыстың ұлы күніне орай безендіріліп, оқу орындары мен мәдени ошақтарда түрлі көрмелер ұйымдастырылмақ.

20 наурыз − «Шаттық күні» түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып, облыс басшысы өңірдегі зиялы қауыммен кездеседі.

21 наурыз − «Үйлесім күні» мерейлі мерекеге орай ұлттық-мәдени орталықтардың концерттік бағдарламасы ұсынылады. Облыс әкімі тұр­ғын­дарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтайды. «Ор­дабасы» алаңында Жаңа жыл таңын қарсы алуға арналған концерт өтеді.

«Ұлыс күні» ретінде аталып өтілетін 22 наурызда негізгі шаралар ұйымдастырылады. Бұл күні облыс аумағында мәдени шаралар мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, спорттық жарыстар өткізіледі. Наурыз мерекесі жал­пы­халықтық сипатта кеңінен тойланады.

14-22 наурыз аралығында облыстық те­леарналардың таңғы бағдарламаларында Наурыз мерекесіне орай басымдық беріледі. Оған облыстағы зиялы қауым өкіл­дері қатысып, әрбір күннің мән-маңызын түсіндіреді.

Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстан облысының әкім­шілігі Наурыз мейрамын айрықша жаңа сипатта тойламақ. Бұл басқа өңірлерге үлгі болса игі.

Ақпарат көзі Айқын.

p.s. Бұған тағы 23-24 наурыз аралығында өтетін Блогқұрылтай2013-ті қосамыз. Наурызды Шымкент жалпы Оңтүістік халқы биыл ерекше тойлап, Ұлан асыр той жасап жатыр. Шымкентке Блогқырылтайға келеміз достарым.

6 пікір

Jako
Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстан облысының әкім­шілігі Наурыз мейрамын айрықша жаңа сипатта тойламақ. Бұл басқа өңірлерге үлгі болса игі
Бұның несі үлгі, бүкіл Қазақстанда осы программа, баяғы бір ән.
облыстағы 11 аудан мен 4 қала әкімдіктеріне арнайы тапсырма берді
Тапсырмамен тойлаған той сценраиймен қойылған саханалық көрініс іспеттес болмаса жарар еді.
Жалпыхалықтық мереке деңгейінде тойлау дәстүріне әлі жете қойған жоқпыз-ау осы.
Бұған тағы 23-24 наурыз аралығында өтетін Блогқұрылтай2013-ті қосамыз.
Жаңалық осы ғана сияқты.
Korkem
Құтты болсын, ағайын! Тойлаймыз, тойлаймыз
Nurbergen
p.s. Бұған тағы 23-24 наурыз аралығында өтетін Блогқұрылтай2013-ті қосамыз. Наурызды Шымкент жалпы Оңтүістік халқы биыл ерекше тойлап, Ұлан асыр той жасап жатыр. Шымкентке Блогқырылтайға келеміз достарым.

Ереке сол блогқұрылтайға мені жұмыстан сұратып, шақыртып ала алама екен мені Оралдан...?
қатты барғым келіп тұр
Korkem
Ағасы, міне, мына жерге өтіп оұи қойыңыз, түсінесіз. Бастысы тіркеліп алыңыз
yesbolat83
14-ші наурызда жаңа ай туса, наурыздың 21-інде күн мен түн теңеліп жыл жа­ңарады екен. Сондықтан да Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін 14-нен 22-не дейін тойлаған өттте орынды.
Жыл құтты болсын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.